Біріккен сөздер. Мен қалай жазушы болдым? Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 55 сабақ


Пән: Қазақ тілі.

Бөлім Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Калимова З.Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

55 Біріккен сөздер. Мен қалай жазушы болдым?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.4.1 - мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау.

4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

4.4.2.1 - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сәйкестігін анықтап және ондағы негізгі ойды тұжырымдай алады;
  • мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырып және жауап бере алады;
  • бірккен сөздерді тауып, құрамындағы өзгерістерді дәлелдейді;

Оқушылардың көпшілігі:

  • мәтіннің тақырыбын анықтап, ондағы негізгі ойды тұжырымдай алады;
  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады;
  • бірккен сөздерді тауып, құрамындағы өзгерістерді дәлелдейді;

Оқушылардың кейбірі:

  • мәтіннің тақырыбын анықтап, ондағы негізгі ойды тұжырымдай алады;
  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады;
  • бірккен сөздерді тауып, құрамындағы өзгерістерді дәлелдейді;

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбын анықтап, негізгі ойды тұжырымдай алады;
  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады;
  • біріккен сөздерді тауып, құрамындағы өзгерістерді дәлелдей алады;

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Біріккен сөз, жаздыгүні, жазушы

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

  • Ең алғаш әңгіме жазуына не түрткі болды?
  • Әкесі жазған әңгімесін қалай қабылдады?
  • Максим өскенде кім болды?
  • Кішкентай оқырмандарға не айтты?

Құндылықтар

Мақсат қоя білу, мақсатқа жету үшін оқуға, білім алуға талпыну

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу

Алдыңғы білім

Біріккен сөздер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) Психологиялық ахуал. Парталас жұбына ыстық лебіз білдіру.

(Т) «Қағаздағы сұрақтар»

Оқушылар қағаз қиындысына біріккен сөзге байланысты өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.

Қ.Б. Оқушыларды жолдастары шапалақ арқылы бағалайды.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін белгілеу.

Сабақтың ортасы

30 мин.

4.2.4.1, 4.4.2.1

1-тапсырма

Мұғалім оқушылардың мәтінді түсініп іштей оқуларын тапсырады.

«Түртіп алу» тәсілі арқылы түсінбеген сөздерін белгілеуін, белгіленген сөздерді «Түсіндірме сөздіктен» табуын ұйымдастырады.

Күпшегінен-

Қоян – қолтық келгенім

2-тапсырма

Мұғалім «Ой толғаныс» стратегиясын қолдана отырып, топтарға сұрақтар береді. Сол сұрақтарды топта талдап, ортақ ойларын ортада баяндауларына мүмкіндік жасайды.

1 – топ

  • Ең алғаш әңгіме жазуына не түрткі болды?
  • Әкесі жазған әңгімесін қалай қабылдады?

2 - топ

  • Оның табиғаттан көргенін жазуына не құштар етті?
  • Осы жазғанына әкесі не себепті таңдана қарады?

3 - топ

  • Максим өскенде кім болды?
  • Кішкентай оқырмандарға не айтты?

Топ оқушылары мәтін бөліктеріне ат қояды. Мәтіннің соңғы бөлігіне қойылған ат негізгі ойдың қысқаша атауы екенін дәлелдейді.

3-тапсырма

Мәтіннен біріккен сөзі бар сөйлемді тауып жазу. Мұғалім оқушылардың сауатты көркем жазуын қадағалайды.

Үлгі: Жаздыгүні тал түсте иісі аңқыған пішен маясының төбесіне шықтым.

Қабілеті жоғары оқушы: Жаздыгүні сөзінің айтылуы бойынша жазылатынын дәлелдейді.

Бағалау дескрипторы:

  • мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының сәйкестігін анықтайды;
  • мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады;
  • біріккен сөзі бар сөйлемді тауып, көркем жазады;

4.2.3.1, 4.4.2.1

36- жаттығу

«Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою» әдісі арқылы оқушылар

мәтін мазмұнына сәйкес жұпта сұрақтар құрастырады.

Жұптағы А оқушы В оқушыға сұрақты жазбаша дайындап, қояды. В оқушы сұраққа жауап береді. Мұғалім жұп оқушыларының жауабын тыңдап, жазған сұрақтарын жинап алады.

38-жаттығу. Бұл тапсырма «Галерея» әдісі арқылы орындалады.

  • Жүсіпбек сөзін пайдаланып, сурет бойынша сөйлемдер құрастырып жазу;
  • Айтылуы мен жазылуын салыстыру;
  • Қандай сөздерден құралғанын айту;

Мұғалім оқушылардың сауатты көркем жазуын қадағалайды.

Оқушылар бір - бірінің жұмыстарын қарайды, сараптайды, талдайды.Топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.Топтар жұмыстарын өзара бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, жауап береді;
  • біріккен сөздің айтылуы мен жазылуын салыстыра алады;
  • сөйлемдер құрастыра алады;

Шығармашылық үзіліс

Біріккен сөздер» кестесі

Адам аттары

Жер-су аттары

Аң – құс аттары

Ойын аттары

Өсімдік аттары

Берілген біріккен сөздерді кестеге орналастырып, сөздерді сөз құрамына талдау.

Телқожа, ақбөкен, тоғызқұмалақ, жарқанат, ақсүйек, көкқұтан, итмұрын, алабота, Қожахмет

  • Сөздер неше түбірдің бірігуі арқылы жасалған?
  • Дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөзді тап.

оқулық

1-слайд

2-слайд

Қосымша№1

Қосымша№2

3-слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Сабақтан не үйрендіңдер?

- Саған не ерекше қызықты болды?

Үй тапсырмасы

37-жаттығу

4-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу