Ескерткіштерді сипаттау. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ
1-топ.Публицистика —қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.Публицистикалық стильде жазылған шығарма: Қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болады.
Жұртшылықты қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтардан
хабардар етеді.
Тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болады.
Жан-жақтылық пен сауаттылықты талап етеді.
2-топ:Ресми стиль — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады.
Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар қойылады:
түйіндеменің дәлдігі немесе бір мағыналылығы;
айқындық немесе жүйелілік;логикалық, яғни қайшылықтың болмауы, дәлелділігі;баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.
3-топ:Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканьщ маңызы ерекше.
4-топ:Көркем әдебиет стилі: - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы.
Жаздың шуақты күндерін артта қалдырып, суық қылышын сүйретіп күз де келді. Аспанға бұлттар үйіріліп, жаңбыр нөсерлете төкті. Ызғар жел далада биледі.
Барлық нысандарда күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарының жоспарлы шаралары жүргізілді. Ауа-райының ахуалына байланысты жабдықтар кезеңмен іске қосылады.
Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500
жылға дейін созылады. Жалпы емен жылысүйгіш ағаштар қатарына жатады.
Өз қалауыммен жұмыстан босатуыңызды
сұраймын.
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыздың жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы
Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы”
атағы берілді.
«Тіл құрал» туралы жазудан бұрын — әуелі қазақ тілі жайынан біраз сөз айтып отыруды тиіс көреміз. Қазақ тілі жайында газетімізде бұрын да сан жазылып еді. Қазақ тілі — бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?