Жергілікті қазыналарды табу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-Бөлім: Мәдени мұра Күні: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтақырыбы | Жергілікті қазыналарды табу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.9.1 дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтау, ақпаратты өңдеу, тұжырымын ұсыну анықтау, зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу. 4.4.2.1 зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу | |||||
Сабақ мақсаттары | Дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, жаңа сөздердің мағынасын | |||||
Сөздік қор | Мұра, мәдени, қазына, | |||||
Бағалау критерийі | Оқиғаларды салыстырады; Мәтіннің мазмұнын болжайды. | |||||
Құндылықтарды дарыту | қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Эссе жазу | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару. Б) Психологиялық сәт:Мынау менің жүрегімЕлімді мен сүйемінЖақсылыққа жақын бопӘрдайым күліп жүремін. Үй жұмысыАты «А» дыбысынан басталатын оқушылар «Кітап-менің досым» тақырыбына жазып келген эсселерін оқиды.Қалғандары кері байланыс жасайды. Өткенді бекіту. «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойын арқылы оқушылардың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады. Мысалы, мұғалім бәтеңке деген сөзді айтады, оқушылар қызыл бәтеңке, екі бәтеңке, үлкен бәтеңке, менің бәтеңкем т.с.с сөз тіркестерін айтады. Сөздер: қазына, жаңалық, көне, табылды, алтын, бесінші, мақала. Осы сөздердің ішінен зат есімдерді табу.- Неліктен оларды зат есім дейміз? ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын атайды. | сөздер | ||||
Сабақтың ортасы | ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Тақтаға «Жетіген » аспабының суреті ілінеді. Ертегі: «Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?»- деп егіледі. Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?»- дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? - деп жылайды.Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі. Осы әңгімені оқып, ішінен қарамен жазылған сөздерге назар аударамыз. Оқушыларға септіктер жазылған кесте таратылады. Әр оқушы ертегіден септіктердің сұрақтарын тауып жазады. Атау--------кім? Не? Ілік --------- кімнің? ненің? Барыс ------ кімге? неге? Табыс ------ кімді? нені? Жатыс ------ кімде? неде? Шығыс ----- кімнен? неден? Көмектес -- кіммен? немен?Ертегіден тәуелденген табу. «Ұлы» сөзін септеп жазу.Жұмыстарды өзара тексеру. | сурерт ертегі | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: «Сөйлемді аяқта»
Үй жұмысы:Ана тілі 106-108 бет септелген сөздерді табу. | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топтарға тапсырма беру арқылы | Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды