Қазыналарды табу-археологиялық жаңалықтар. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: 3-Бөлім: Мәдени мұра

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Қазыналарды табу-археологиялық жаңалықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.2 түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп, т.б.) қолданып, шығарманы қысқаша/ толық/ ішінара мазмұндау4.2.9.1 дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтау, ақпаратты өңдеу, тұжырымын ұсыну

Сабақ мақсаттары

  • Мәтінді оқып түртіп алып, сұрақтар қоя алады.
  • Қажетті ақпаратты табады, өз ойын айта алады
  • Шығарманы мазмұндау

 Сөздік қор

Мұра, мәдени, қазына,

 Бағалау критерийі

Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Көп мағыналы сөздер, диалогтың тыныс белгілері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Сыныпты түгендеу және назарларын сабаққа аудару.

Б) Психологиялық сәт:Мынау менің жүрегімЕлімді мен сүйемінЖақсылыққа жақын бопӘрдайым күліп жүремін.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын атайды.

Кім көп біледі? Ойыны арқылы тапсырма ұсыну.

Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыруды ұсыну.

  • Адамның аяғы,...
  • Домбыраның құлағы,...
  • Жараның ауызы,...
  • Пышақтың жүзі,...

Берілген диалогтың тыныс белгілерін қою.Бір күні Сәлім аулада әлім деген досымен ойнап жүрген. Үйге қолына таяқ ұстаған ұзын, ақ сақалды қарт келе жатты. Сәлем жүгіріп барып сәлем берді. Қарт Көп жаса балам! Атаң сені өнегелі іске үйреткен екен деп риза болып қалды. Ол Сәлемнің құрдасы Әлімді көріп: Балам сен неге қарт адамға сәлем бермейсің деп сұрады. Ата мен сізді танымаймын ғой деп жауап берді Әлім. Үлкендерге танымасаң да Сәлім сияқты сәлем беріп, ілтипат көрсетуің керек деді қарт.Әлім ұялып, төмен қарады.

Сабақтың ортасы

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Сөздік жұмысы«Археология» сөзінен сөз шығару, дәптерге жазу.

ІV. Ботай қонысы

ББҮ кестесіне Ботай қонысы туралы не білетіндерін және не білгілері келетінін жазады.

Білемін

Білгім келеді

Білдім

1980 жылы Виктор Зайберт археологиялық Ботай ескерткішін ашқан. Ботай ескерткіші Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан.  Ботай қонысы тарихында 250-ден астам үй болып салынған. Археологиялық қазбаларының алғашқы күнінен бастап ғалымдар көптеген ат сүйектерін тапқан. 133 мыңға жуық ат сүйектері зерттелген. Күтпеген нәтиже бүкіл әлемді таңқалдырған болатын: Ботай аттары аттардың ешқандай түрлеріне жатпаған. Осылай ғалымдар келесі қорытынды жасады: Қазақстанда, нақтылап айтқанда, Ботай қонысында, тұңғыш рет адамдар атты қолға үйреткен. Бұл өрісте жүрген жабайы аттар емес болып шықты. Адам атты қолға үйретіп, оны үй шаруашылығында пайдаланып, аңшылыққа аттылы шыққан. Бұл әлемдегі жаңалық болды, өйткені «Адам атты кеш қолға үйреткен» деген пікір қалыптасқан болатын. 1-тапсырма:Әр топ мәтіннен тақырыпты ашатын негізгі сөздер мен сөз тіркестерін түртіп алады. 2-тапсырма: Мәтін бойынша әр топ бір-біріне сұрақтар қояды.3-тапсырма: Мәтіндегі оқиғаларды І жақта өзгертіп мазмұндау.4-тапсырма: Мәтіннің стильін анықтау.5-тапсырма. Ботай қонысын археологиялық жаңалықтарға жатқызу себебі неде? Оқушылар ақпаратты өңдеп, өз тұжырымдарын жасайды.

Ботай қонысы: https://www.youtube.com/watch?v=Ab8Jhmd_has

БББ кесте

презентация

Сабақтың соңы

Рефлексия: «Сөйлемді аяқта»

  • Мен үшін бүгінгі сабақ ....
  • Маған қиын болған кезім...
  • Келесі сабақта .... білгім келеді.

Үй жұмысы: «Ботай қонысы» туралы қосымша ақпарат жазу.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға тапсырма беру арқылы

Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу