Археологиялық жаңалыққа қатысу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: 3-Бөлім: Мәдени мұра Күні: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Археологиялық жаңалыққа қатысу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) және қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды қызықтыру | |||||
Сабақ мақсаттары | Қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып әңгімелеу. | |||||
Сөздік қор | Мұра, мәдени, қазына, күнделік,мақала, мінездеме. | |||||
Бағалау критерийі | Сұхбат, тірек сөздерді қолданады. Бір стильде мақала жазады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мақала, мінездеме жазу | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-5 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққ аудару. Сөздік диктантҚа..арман, кітап..ана, жи...аз, қа...ар, Асыл..ан, гау...ар, ...ат, айда...ар.Үй жұмысын тексеру. Оқушылар Қаныш Сәтбаев туралы жазып келген сөйлемдерін оқиды, ақпараттарды салыстырады. Бір-біріне сұрақ қояды. ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Мақсат бойынша бағалау критерийлерін құрастыру. | презентация | ||||
Сабақтың ортасы 5-10 мин 10-15 мин 15-25 мин 25-30 мин 30-35 мин | ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. 1.Әр топ берілген ақпаратты толықтырып, мысал келтіреді.1-топ: Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін, бірақ өздері сөйлем мүшесі болмайтын сөздерді ______________________ сөздер деп атайды.2-топ: Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөздерді __________________ сөздер дейді.3-топ: Сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесін ______________________ дейді. Тақтаға мысал келтірген сөздерді жазып қою. Қыстырма сөз Одағай сөз Қаратпа сөз Дескриптор:Ережені толықтыра аладыМысал келтіре алады. 2.Жеке жұмыс.Оқушыларға тірек сөздер көрсетіледі. Сол тірек сөздерді пайдаланып сурет бойынша мақала құрастыру. Тірек сөздер: Батыс Қазақстан , әйгілі әйелдің, ең ірі қорғандардың бірі, зерттеулердің нәтижесінде, қорымның, 4-5 ғасырларға, қорғанда, 119 алтын бұйым, алтын тарақтың бетінде, сақтар мен парсылар, шайқастың көрінісі, аттың ауыздығы, тұрмыстық заттар. Сөздік жұмысы: Қорым– ертедегі ғұрыптық жерлеу орны. Қорым, негізінен, тастан қаланып, кейде топырақтан тұрғызылған немесе қиыршық тастан үйіп жасалған бірнеше обалардан, қорған-қоршаулардан тұрады Дескриптор: Тірек сөздерді пайдалана отырып ойын жеткізеді. Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. 3.Жұптық жұмысҚұрастырған мақала бойынша қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді пайдаланып, жұпта диалог құрастыру. Дескриптор:Диалог құрастырады.Қаратпа, қыстырма, одағай сөздерді қолданады. 4. Мәтінмен жұмысӘр оқушы мәтінді оқып, өзінің құрастырған мақаласымен салыстырады.2012 жылы Мұрат Садықов жетекшілігімен Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында әйгілі әйелдің жерлеу орны табылған болатын. «Бұл ескерткіш Қазақстандағы ең ірі қорғандардың бірі есептеледі» деген пікір дәлелденген болатын. Лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде қорымның біздің дәуірімізге дейінгі 4-5 ғасырларға жататыны анықталды. Қорғанда 119 алтын бұйым табылған. Мұндағы ерекше бұйымға бұрын өзіне ұқсасы кезікпеген алтын тарақ жатады. Тарақтың бетінде сол замандағы сақтар мен парсылар арасындағы шайқастың көрінісі бейнеленген. Қорымнан аттың ауыздығы, тұрмыстық заттар, сондай-ақ әшекейлер табылған. | Толық емес сөйлемдер Тірек сөздер Сурет Мәтін | ||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | Рефлексия: «Сөйлемді аяқта»
Үй жұмысы: Ана тілі 78 бет оқу, 80 бет кестені толтыру. | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топтарға тапсырма беру арқылы | Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?