Жергілікті қазыналарды табу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-Бөлім: Мәдени мұра

Күні:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Жергілікті қазыналарды табу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.5.1 аудио – бейнежазба мазмұнына өмірде болған/ өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру

4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/ кесте бойынша мәтіннің мазмұнын божау

Сабақ мақсаттары

Ұқсас оқиғаларды салыстыру.Мәтіннің тақырыбы мен дереккөздер арқылы мәтіннің мазмұнын болжау.

 Сөздік қор

Мұра, мәдени, қазына,

 Бағалау критерийі

Оқиғаларды салыстырады;

Мәтіннің мазмұнын болжайды.

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5мин

5-10мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

Б) Психологиялық сәт:Мынау менің жүрегімЕлімді мен сүйемінЖақсылыққа жақын бопӘрдайым күліп жүремін.

Өткенді бекіту.

Ойын: «Сиқырлы қорапша».

Оқушылар қорапшаның ішінен сұрақтар жазылған қағаздарды алып шығып, жауап береді.

Сөз таптары

1) Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі. (Бастауыш).

2) Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөз. (Қаратпа сөз).

3) Сөйлемде бастауыш, баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері. (Тұрлаусыз)

4) Қандай?  сұрағына жауап беретін мәтін түрі?(Сипаттау)

5) Не үшін? сұрағына жауап беретін мәтін түрі?(Пайымдау

6)  Ақыл-дос, ашу- …( дұшпан)

7) Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді не дейміз (Туынды сөз

8) Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем (Жалаң).

9) Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді Ондай сөздерді не дейміз (Түбірлес сөздер)

10) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады. (сызықша)

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын атайды.

Қорапша

Сабақтың ортасы

10-35мин

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

  • Біз қазына деп нені түсінеміз? Сөздіктегі баламасын қараңыз.

Оқушыларға алтыннан немесе әшекейден жасалмаған затты, мысалы, ескі кітапты көрсету. Талқылау:

- Осы зат қазына бола алады ма?

Оқушылар өздері қазына деп санайтын, бірақ басқалары олармен келіспейтін заттары туралы мысалдар айтады.

ББҮ кестесіне кітап туралы не білетіндерін және не білгілері келітінін жазады.

Кітап туралы бейнефильм тамашалайды.

Бейне фильмнен кейін өздері ББҮ кестесін толтырады.

Оқушыларға кітап туралы мәтін беріледі. Оқушылар бұл мәтінді оқып болған соң, кестені әрі қарай толтыруды жалғастырады.

Оқушылар кестені толтырып болған соң, жұпта өз жұмыстарымен бөліседі.

Оқушылар көрген бейнетаспадағы ақпарат пен оқыған мәліметтерін салыстырады:

-Әр ақпарат көзінен өздеріңе қандай пайдалы мәлімет алдыңдар?

Оқушылар кітап туралы 4 сөйлем жазады.

Жазған сөйлемдерін сынып алдында оқиды.

Бейнематериал

Мәлімет

Сабақтың соңы

35-40мин

Рефлексия: «Сөйлемді аяқта»

  • Мен үшін бүгінгі сабақ ....
  • Маған қиын болған кезім...
  • Келесі сабақта .... білгім келеді.

Үй жұмысы: Қазақ тілі 166 бет 12-жаттығу

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға тапсырма беру арқылы

Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу