Күнделік жазбаларын баламалы көзқарас тұрғысынан жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: 3-Бөлім: Мәдени мұра Күні: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтақырыбы | Күнделік жазбаларын баламалы көзқарас тұрғысынан жазу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.4.2.1 сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар жіберген қателерді тауып түзетеді, шағын мәтінді жетілдіреді. | |||||
Сөздік қор | Зерттеу, археология, қазына | |||||
Бағалау критерийі | Жоспар құрып, тірек сөздерді қолдана отырып, мазмұндама жазады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мазмұндама жазу | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-5 мин 5-10мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық, Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық. Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен, Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік. Үй жұмысын тексеру. Оқушылар жазып келген эссені оқиды.Тыңдаушылар кері байланыс береді. Терме диктанты Оқушыларға сөз таптары (зат есім, етістік,сын есім, сан есім) жазылған қима қағаздары таратылады. Әр оқушы тақтада берілген сөздерден өздеріне қатысты сөздерді теріп жазу керек. Суық, сарышымшықтар, зиянды, құтқарады, мың, елу бес, тоғызыншы, балалар, қызық, бие, ойлады, жеті-сегіз, күшейе түсті, қалың, басылды, найзағай, жарқылдап, қайттық, елу екінші, жаңбырлы, егінші. ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Мақсат бойынша бағалау критерийлерін құрастыру. | Қима қағаздар | ||||
Сабақтың ортасы 10-35мин | ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. 1.Әр топ терген сөздерін оқиды, берілген сөз таптары бойынша білімдерін естеріне түсіріп, қорғайды. 2.Шашыраған әріптерден сөз құрату ЕСІМДІК- 148 беттегі ережемен танысып, түсіндіреді, мысал келтіреді. ҮСТЕУ- 156 бет ШЫЛАУ- 164 бет ОДАҒАЙ- 175 бет 3. Мәтінмен жұмыс Қазақ тарихын зерттеудегі баға жетпес құнды мұралардың біріне түрлі мұрағат қорларында сақталған жазба деректерді жатқызамыз. Осы жерде балалар, біздің ойымызда «Мұрағат дегеніміз не болуы мүмкін?» деген сұрақ туындайды. Ал, бұл сұрақтың жауабын «Мұрағат дегеніміз – ескірген құжаттарды сақтайтын мекеме» деген жауаппен толықтырсақ, жазба деректердің қай жерде мұқият сақталатынына толық көз жеткіземіз. Әрине балалар, тарихи мәселелерді зерттеуде мұрағат қорларындағы тың деректерге негізделген әрбір шығарманың құны да жоғары, ақиқатының да шынайы айтылатынын білуіміз керек. Әңгімемізді бұдан әрі тарқатсақ, қазба жұмыстары кезінде табылған заттай деректер арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылымның – археология деп аталатынынан хабардар боламыз 1.Мәтіннен есімдік, шылауларды табу2. Мәтінге ат қою3. Мұрағат , археология деген не ? сұрақтарына жауап беретін сөйлемдерді көшіріп жазу.
| Мәтін | ||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Рефлексия: «Сөйлемді аяқта»
Үй жұмысы: қазақ тілі 160бет 17-жаттығу | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топтарға тапсырма беру арқылы | Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?