Мәдени мұра сыр шертеді. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі мен әдебиет Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Мәдени мұра | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: 31/10 | Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З. | |||||
Сынып: 4А,В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Мәдени мұра сыр шертеді | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдеу 4.2.2.3 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды ( теңеу, эпитет, кейіптеу, аллитерация, әсірелеу), пейзажды табу және оларды қолдану 4.3.3.1 мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру 4.3.4.1* тыңдаған материалдар бойынша бірлесе жоспар құру, | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері | Мәтіннің түрлері, жанры, стилін үйренеді | |||||
Тілдік мақсаттар | терминдер | |||||
Миссия және пайымдау | Алған білімдерін өмірде қолдана алады. | |||||
Жаһандық азаматтық | Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру. | |||||
Бастапқы білім | ережелер | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа психологиялық дайындық ОМ таныстыру
| |||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10мин 15 мин | Мәдени мұра дегеніміз не? Мәдени мұраға ұлттық аспаптарды жатқызуға бола ма? Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, біз ата бабамыздан бізге мирас болып қалған көне мәдени мұра –қазақтың ұлттық аспаптары туралы біліміз. Оларды сақтаудың маңыздылығын білетін боламыз. Қазақтың қандай музыкалық аспаптарын білесідер? (домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, дауылпаз) Ұлттық аспаптарды мәдени мұраға жатқызуға бола ма? (оқушылар өз ойларын ортаға салады) Дереккөздермен жұмыс. 1 топ домбыра. Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. 2 топ қобыз Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. 3 топ сыбызғы Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. 4 топ сазсырнай Сазсырнай — үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. 5 топ дауылпаз Дауылпаз – қазақтың ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Осы аталған аспаптар қандай аспаптар? Аспаптар туралы мәлімет іздеу. Мәтінмен таныстыру (Ж) «Бағыттап оқу» стратегиясы арқылы оқуды жүзеге асыру. (Ұ) Үш аспаптың жорығы ертегісін оқу. (Ж) Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Дәлелдеу. Мәтінге Үш аспаптың жорығы Өте ертеде бір үйде үш саз аспабы бірге тұрыпты. Олар – керегеде ілулі тұрған. Домбыра, сандықта жатқан Сыбызғы және керегеде сүйеулі тұрған Қобыз екен. Бұлардың дәл осылайша қаңсып тұрғанына көп уақыт өткен еді. Іштері әбден пысып, бір-бірлеріне айтатын әңгімелері де таусылған болатын. Бір күні домбыра аяқ астынан «өнер» шығарды. - Осы біз шынымен-ақ ұмыт қалғанымыз ба?-деген ол тұрған орнында бір сілкініп, күмбір ете қалды. - Иә, иә, мен де дәл солай ойлап тұрмын, -деді Сыбызғы да сандықтан мойнын соза сызылып. Бұларды естіп тұрған Қобыз да ауыр күрсініп қойды. - Бұл тыныш өмірден әбден жалықтым. Сендерге осылай тұра берген ұнаса, онда өздерің біліңдер. Ал мен сауық-сайран, ән-күй үшін жаратылғанмын,-деп сыбызғы сандықтан секіріп түсіп, сайраған күйі есікке қарай беттеді. Мұны көрген Домбыра тағы да сілкініп-сілкініп қалды. Қатты сілкінгені соншалық, оны көтеріп тұрған жібі шорт үзілді. Домбыра «тарс» етіп, еденге оңбай құлады. Ішектері ызыңдап, үстіндегі шағы бұрқ етіп ауаға тарады. - Мен де сенімен барамын. –Қатты құлағаннан есін әлі толық жимаса да Домбыра қисалаңдаған күйі Сыбызғының соңынан ерді. - Бұларың жөн екен, -деп Қобыз да белін жаза бастады. Тұрған жерінен көтеріліп, кеуіп, қалған шектерінен аянышты үн шығарды: - Демім де, үнім де шықпай мына бұрышта жиһаз құсап тұрғаныма қанша болды. Шаршадым. Шыдамым таусылды. Өстіп тұра берсек, ертең бізді ешкім де қолына алмас. Бәрі құрысын, менің де мұнда тұрғым келмейді. Кеттім сендермен,-деген Қобыз да достарына қарай тұра жүгірді. Мұхтар Ғұн. Балдырған журналынан Мәтін стильі қандай? (Көркем әдеби) Мәтін жанры қандай? (ертегі)
Автор не айтқысы келді? - Осы біз шынымен-ақ ұмыт қалғанымыз ба?-деген ол тұрған орнында бір сілкініп, күмбір ете қалды- дегенді қалай түсінесіңдер? Олар ұмыт қалмау үшін не істеу керекпіз? Әңгімені қалай жалғасырар едің? Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табу Мысалы, Домбыра сілкініп, күмбір ете қалды. Қобыз ауыр күрсінді. Сыбызғы сандықтан секіріп түсті, есікке қарай беттеді.(кейіптеу) (МК) Мәтін бөліктерін анықтау. (МК) Жоспар құру. Мысалы: Елеусіз қалған аспаптар Домбыраның өнер шығаруы Қобыздың шешімі/ қобыздың достарын қолдауы. Бағалау критерийі: мәтін бөліктерін анықтап, жоспар құрады. Дескриптор: -мәтіннің басын анықтайды; -мәтіннің ортасын анықтайды; -мәтіннің соңын анықтайды; -мәтінге жоспар құрады. Қазақтың музыкалық аспаптары Қазақтың музыкалық аспаптары –ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақтың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар. Музыка аспаптарын жаугершілік заманда халыққа хабар бергенде, аң үркіткенде, әнші-күйшілер ән-күй орындағанда, бақсылар сарнағанда пайдаланып отырған. Мысалы, жау шапқанда елге хабар беру үшін үрмелі аспаптарды (дабыл, дауылпаз, ұран, керней), әнші-күйшілер өлең-жыр, терме, ән айтқанда немесе күй шерткенде –домбыра, сыбызғы, сырнай, қылқобыз сияқты шекті аспаптарды пайдаланған. Музыка аспаптары кептірілген қайың, шырша , емен ағаштарынан, қамыстан, сазбалшықтан, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізінен, қылынан жасалған. Сен білесің бе? Энциклопедиясынан Мәтін стильі қандай? (публицистикалық стиль) Мәтін жанры қандай? (мақала) Тапсырма Суреттерге сүйеніп, « Ұлттық аспаптарды сақтау біздің борышымыз» тақырыбына пайымдау мәтінін құрап жаз | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | Мұғалім екі мәтінді Кері байланыс: «Менің пікірім » әдісі орындалады. Бүгін не біліп не үйрендің? Қазақтың ұлттық асапаптарын сақтау маңызды ма? Неліктен? | |||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады. | Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?