Мәдени мұра мәңгілік сыр шертеді. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
- Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Мәдени мұра Күні:2-тоқсан |
| |||||
|
| |||||
| Мәдени мұра мәңгілік сыр шертеді | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.3.1-сұхбаттасының жасын, жай-күйін-ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу; 4.3.9.2 - диалогке тән тыныс белгілерді қою; 4.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және шағын мәтінді жетілдіру. | |||||
Сабақ мақсаттары | Диалог құру барысында тыныс белгілерді дұрыс қоя білуге үйрету. | |||||
Тілдік мақсаттар | Мұражай, көне заттар, мәдени мұра, т.б. сөздер мен сөз тіркестерді пайдалану. | |||||
Бағалау критерийі |
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті пікіралмасу арқылы, сұрақтар құрастыру арқылы қалыптасады. | |||||
Пәнаралық Байланыстар | Дүниетану, өнер, өзін-өзі тану | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәдени мұра мәңгілік сыр шертеді | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Қазақ тілім тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін. Оқушылардың жауаптарын тыңдау «Сөз маржан» ойыны Мақсаты:Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, сабақтың тақырыбын ашу. Тапсырма:Маржандарға тізілген әріптерден сөздер құрастырыңдар. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін анықтау. | Презентация | ||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 10 минут | (Ж) «Мұражай» тақырыбы аясында диалогты оқу, тамашалау Мақсаты: Диалогты тыңдау арқылы мазмұнын түсіну. Әділет: - Әлихан, сен «Алтын адамды» көрдің бе? Әлихан: - Иә, өткен демалыста әкеммен Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына барғанда көрдім. Әділет: -Алтын адамды қай жерден және кім тауыпты? Әлихан: -Алтын адамды Алматы облысындағы Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы қорғаннан 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Әділет: -Алтын адамның киімінде нелер бейнеленген? Әлихан:- Алтын адам киімінде барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелері бейнеленген. Әділет: -Менің де Алтын адамды көргім келеді. Бүгін ата-анаммен сол жөнінде сөйлесемін. (Ұ)Диалогті сұрақ-жауап арқылы талдау -Диалог сендерге түсінікті болды ма? -Диалогтің кейіпкерлері кім болды? -Олар не жайлы әңгімелесті? -Диалогте қай мұражай туралы айтылған? -Әлихан алтын адам жайлы не айтты? -Диалог дегеніміз не? -Диалогте қандай тыныс белгілер қойылған? Оқушылардың жауаптары тыңдалады, толықтырылады, тыныс белгілердің қойылу себептері анықталады. (Ж,Қ, Саралау) Диалог құру Мақсаты:Берілген тақырыпқа диалог құрып жазу және тыныс белгілерін қою. Тапсырма: «Тарихи-мәдени ескерткіштер» тақырыбына диалог құрастырып жазыңдар. Оқушылар өз өлкесіндегі тарихи ескерткіштер туралы диалогін жұпта отырып, құрастырып жазады. Диалогке тән тыныс белгілерін қояды. Көрші жұптар диалогтерін тексеріп,бағалайды, қателерін түзетеді. Бірнеше жұптың диалогтері тыңдалады, талданады. | Сахналау үшін диалог жазылған қима қағаздар
А 3 парақтары, маркерлер | ||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: -Не білдік? -Не қызықты болды? -Не қиын болды? Оқушылардың жауаптары тыңдалады,жалпы кері байланыс жасалады (Ө) «Жетістік жолы» өзін-өзі бағалау. Стикерлерге өз аттарын жазып, жетістіктер баспалдағында өз орындарын анықтайды. Үйге тапсырма:Диалогтің мәтінін пайдалана отырып, Әлиханның атынан мұражай туралы мақала жазу. | Жетістік баспалдағы, стикерлер | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Мотивациясы жоғары оқушыларды мотивациясы төмен оқушылармен жұптастыру | Құрастырылған диалогтері бағаланады | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?