Мектеп құндылықтарын талқылау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Адами құндылықтар

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 4

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Мектеп құндылықтарын талқылау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікіралмасу.

4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу.

4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/рөлге бөліп/ мәнерлеп/теріп/ шапшаң оқу.

 Сабақ мақсаттары

Құндылықтар тақырыбында әңгімелесу

 Бағалау критерийлері

Құндылықтар тақырыбында диалогке қатысады.

 Сөздік қор

 

Құндылықтар тақырыбындағы сөздерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорлары молаяды.

 Құндылықтарды дарыту

Адами жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ

Достық тақырыбында фильмдер қарастырады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Адами қасиеттерді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут

(Ұ) Оқушылармен құндылықтарды талқылау. Мысалы: достық, досқа көмектесу немесе мектепке жаңадан келген балаға қамқор болу.

Сабақ ортасы

33 минут

) Оқушылардан өз құндылықтарын жұптарымен бөлісулерін сұрау.

Олар қай құндылықтарды ұстанады және өмір сүреді? Оқушылардан өмірлерінен құндылықты сақтаған кездерінен мысал келтірулерін сұрау.

(Ө) Оқушылардан өз жұбының құндылықтарымен сыныппен бөлісулерін сұрау.

Сынып құндылықтар тізімін жасап, іліп қою.

(Т, ф) Тоғыз гауһар тас стратегиясын қолданып, оқушылардан берілген тізімнен ең маңызды құндылықтарды шешулерін сұрау. Топтың әрбір мүшесіне рөл беру.

Құндылықтарға келесілер кіреді: шындық, достық, құрмет, шеберлік, шабыт, жігерлік, батылдық, теңдік, дәстүр. Топтардан карталарды ең маңызды ықпалы бар картаны жоғары орналастыру тәртібі туралы келісу. Карталарды маңыздылығы бойынша гауһар тас түрінде пішін жасау, мысалы:

Гауһар тастарды фотосуретке түсіру немесе карталарға жабыстыру.

(Б, Қ) Оқушылар өз сөйлемдер кезегін келісу мүмкіндігі болған соң, баяндаушылардан нәтижені кері байланыс жасау. Барлық топтар келісті ме, әлде кейбір келіспеушілік бар ма? Бақылаушылардан тапсырманың қаншалықты жақсы орындалғандығына кері байланыс жасауын сұрау.

(Дифф), (Қ) Оқушылардың келесі қабілетіне қарай топтастыру:

анық, құрылымданған аргумент көрсету және өзгелердің тіл мен дене қимылымен ойларын білдіру үшін қалай қолданатындығын бағалауы;

берілген тапсырманы орындау үшін рөлдер мен міндеттерді ұйымдастыра отырып, топтарда нәтижелі жұмыс жасау.

(Б) Оқушыларға мектептерде бағдарламаны, ережелер мен саясаттарды ұйымдастыруға көмектесу үшін қолданатын құндылықтар жиыны бар екендігін түсіндіріңіз. Оқушыларға мектеп құндылықтарын көрсету. Оларға енді ойдан шығарылған мектепті зерттейтіндерін және оның құндылықтарын шешетіндігін түсіндіру.

Мектеп құндылықтары тізімін немесе адамгершілік бейнесін көрсету.

(Б) Балалардың мектепке алғаш рет келулерін көрсететін басқа фильм клипін көрсету. Фильмді басты кейіпкерлердің ғимаратқа қарап тұрған жерінде тоқтату. Оқушылардан олардың не ойлап, сезіп не айтып тұруы мүмкін екенін талқылауу.

(Т) Оқушылардан басты кейіпкерлердің қату жақтауын жасауларын сұраңыз. Жұптық импровизацияны қолдана отырып, оқушылардан кейіпкерлердің мектепке кірерден бұрынғы сөйлесулерін импровизациялау.

(Т) Оқушылардан мектеп туралы білетін ақпараттарын қолданып, мектепте қандай құндылықтар бар екендігін шешулерін сұрау. Мектепке маңыздылығы бойынша құндылықтарды ұйымдастыру үшін тоғыз гауһар тас стратегиясын қолдану.

(Б) Мектеп диекторының мектепте жиналыс ашуын көрсететін фильм клипін көру. Бұл сендерге мектеп құндылықтары туралы не айтады?

(Т) Оқушылардан өздерінің тоғыз гауһар тастарына қайтуларын сұрау. Жаңа дәлел өз ойларын ауыстырды ма, әлде олар өз аргументтерін қолдауға одан әрі мысалдар берді ме? Оқушыларға құндылықтармен келісуге уақыт беру.

(Б) Мектепке қай құндылықтың ең маңызды екенін пікірталасқа салу үшін оқушыларды топтарға бөлінуді ұйымдастыру. Топтың әр мүшесінен фильм үзіндісі және оқыған мәтіндер үзінділерінен дәлел келтіре отырып, қай құндылықты ең маңызды деп ойлайтындарын сұрау.

(Б) Ойдан шығарылған мектеп суреттерін көрсету, мысалы: Гарри Поттер серияларынан Хогвартс. Сия жұмсаушы ойынын қолдана отырып оқушылар суреттерден оларды ойландырған немесе қиялдандырған көп сөздерді ой-талқысы арқылы анықтайды. Оқушылардан қарап отырған кезде олардың ойына келген сөздер мен тіркестерді жазуларын сұрау. Сыныппен өздері ұнататын сөздерімен бөліседі. Сынып тізімін жасау.

(К) Бірігіп оқуда мектепті сипаттайтын роман үзіндісін оқуды көрсету. Сөз оқу стратегияларын қолданып, бейтаныс сөздерді оқуды көрсету, мысалы: тарихи немесе географиялық сөздер. Анықтамаларды табу үшін сөздерді сөздіктен іздеу .

оқу кезінде таныс емес сөздерді анықтау үшін контекст, синтаксис және этимологиялық білімді қолдану.

Сия жұмсаушы: Бір минут ішінде нәрсемен істеуге болатын немесе ол туралы ойыңызға келген сөздерді тізу.

Оқушыларды алдыңғы талқылау тапсырмасынан алынған бағалау ақпаратына сай аралас қабілетті топтарға топтастыру.

Сәйкестілік аймағы оқушыларға арнайы кейіпкерге немесе ортаға қатысты маңызды сын есімдер мен сипаттау тіркестерін жіктеуге мүмкіндік береді. Тақта нысана түрінде жасалған. Сын есім барынша маңызды болған сайын ортаға қарай жақын орналасады. Мысалы:

Әрбір топтың сәйкестілік аймақтарын көрсетіп, басқалардыкімен салыстыру.

Оқушылардан жаңа немесе пайдалы сөздер мен тіркестерді жазу журналдарына жазу.

Сабақтың соңы

  • минут

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Ұйымдастыру қабілеті жоғарылау оқушылар диалогке қабілеті төмен оқушылармен жұптастырылады.

Берілген тапсырманы орындау үшін рөлдер мен міндеттерді ұйымдастыра отырып, топтарда нәтижелі жұмыс жасауы.

Сабақ оқушылардың жас ерекшелігіне сай жоспарланды. Әңгімелесу шеңберде отырып өткізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу