Жылы жүрек, тәтті тіл. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Достық

Екінші сыныпта оқитын Дариға мектептен көңілсіз келіп, диванда мұңайып отыр.

Апасы қасына келіп: -Неге ренжідің, ботам? Әлде бір жерің ауырып тұр ма?- деп сұрады.

-Апа, Темірбек ауырып қалыпты. Екі күн болды сабаққа келген жоқ- деп жауап берді Дариға.

-Темірбек деген кім?

-Менімен оқитын бала. Бір партада отырамыз.

-Уайымшылың-ай, сенің!- деп басынан сипады апасы.

Дариға:-Апа, сіз білмейсіз ғой. Анада сурет сабағында түрлі-түсті қарындашым болмағанда, сол ғана аямай бүкіл бояуын берген. Сол суретімді мұғалім мақтаған. Біз бір-бірімізге көмектесіп жүреміз.

Апасы: -Жарайды. Ол жақсы бала болды ғой?

-Иә, апа! Ол маған тимейді. Өзі тәртіпті оқушы. Қайта мені тентек балалардан қорғап жүреді,- деп мақтай жөнелді Дариға.

-Неғып ауырып қалды екен?

-Ойнап жүріп, аяғын жаралап алыпты. Апа, үйіне барып, біліп келейін бе?-деп сұрады Дариға.

-Бара ғой, ботам. Аурудың хал-жағдайын білсең, оның көңілі көтеріліп қалады. Өзіңе сауабы тиеді,-дейді апасы.

Дариға есікке қарай беттей береді.

-Тоқтай тұр, балам, құр қол барма. Қағазға шоколад пен вафли орап қойдым. Досыңа сәлем айт, менің апам да жазылып кетуіңе тілектес деп айт,-деді апасы, қолындағы вафли мен шоколадты беріп.

Дариға қуанып кетті. Ол сыйлықты алып, Темірбектің үйіне жүгіре басып бара жатты.

Айса Хамзеұлы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу