Жылы жүрек, тәтті тіл. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі мен әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Адами құндылықтар

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:.Иманбаева Н.З.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылы жүрек, тәтті тіл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

4.2.5.1 мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау, әр бөлігіне ат қою

4.2.3.1* мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп-салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

4.3.9.1 жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдыру және тыныс белгілерін қою

Сабақ мақсаттары

мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау, әр бөлігіне ат қою

Бағалау критерийлері

мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжай алады

мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтап, әр бөлігіне ат қояды

Тілдік мақсаттар

әңгімелеу, сипаттау, пайымдау

Миссия және пайымдау

Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Жаһандық азаматтық

Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру.

Құндылықтарды дарыту

Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу.

Пәнаралық байланыстар

АКТ пәндерімен байланыстыру.Сөзжұмбақты флипчардта орындау

Бастапқы білім

ережелер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сабаққа психологиялық дайындық

Сабақтың ортасы

32 минут

Cөзжұмбақтағы жасырынған сөзді табу үшін сұрақтар қою.

(МК), (Ұ) Сызба арқылы мәтіннің не туралы екенін болжау.

  • Қарлығаш қандай құс?
  • Үйге келген мейман.
  • «Сен» сөзінің сыпайы түрі.
  • «Араз» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөз.
  • «Бірлік» сөзіне мәндес сөз.
  • Алғыс сөз.

Бағалау критерийі: сұрақтарға жауап бере отырып, мәтін мазмұнын болжайды.

Дескриптор:

- өз ойына дәлелдер келтіреді;

- ойын жүйелі жеткізеді.

а

қ

д

о

а

н

л

а

қ

с

і

з

т

ы

а

н

т

т

у

ы

м

р

а

қ

м

е

Оқушылар тақырыпты анықтаған соң, мәтін мазмұнына көпір болатын сұрақтар қою:

Достық дегенді қалай түсінесің?

Дос деп кімдерді айтамыз?

Дос болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

(Оқушы пікірлерін тыңдау)

(Ө) Сұрақтардың көмегімен мәтіннің мазмұны туралы өз ойын дәлелдеу.

Мұғалім мәтінді іштей түсініп оқуды қадағалау

(Ө) Мәтінді оқу.

Достық

Екінші сыныпта оқитын Дариға мектептен көңілсіз келіп, диванда мұңайып отыр.

Апасы қасына келіп: -Неге ренжідің, ботам? Әлде бір жерің ауырып тұр ма?- деп сұрады.

-Апа, Темірбек ауырып қалыпты. Екі күн болды сабаққа келген жоқ- деп жауап берді Дариға.

-Темірбек деген кім?

-Менімен оқитын бала. Бір партада отырамыз.

-Уайымшылың-ай, сенің!- деп басынан сипады апасы.

Дариға:-Апа, сіз білмейсіз ғой. Анада сурет сабағында түрлі-түсті қарындашым болмағанда, сол ғана аямай бүкіл бояуын берген. Сол суретімді мұғалім мақтаған. Біз бір-бірімізге көмектесіп жүреміз.

Апасы: -Жарайды. Ол жақсы бала болды ғой?

-Иә, апа! Ол маған тимейді. Өзі тәртіпті оқушы. Қайта мені тентек балалардан қорғап жүреді,- деп мақтай жөнелді Дариға.

-Неғып ауырып қалды екен?

-Ойнап жүріп, аяғын жаралап алыпты. Апа, үйіне барып, біліп келейін бе?-деп сұрады Дариға.

-Бара ғой, ботам. Аурудың хал-жағдайын білсең, оның көңілі көтеріліп қалады. Өзіңе сауабы тиеді,-дейді апасы.

Дариға есікке қарай беттей береді.

-Тоқтай тұр, балам, құр қол барма. Қағазға шоколад пен вафли орап қойдым. Досыңа сәлем айт, менің апам да жазылып кетуіңе тілектес деп айт,-деді апасы, қолындағы вафли мен шоколадты беріп.

Дариға қуанып кетті. Ол сыйлықты алып, Темірбектің үйіне жүгіре басып бара жатты.

Айса Хамзеұлы

Сен Дариғаның орнында болсаң, не істер едің?

Сенің әрекетің қандай болмақ?

Әр топ құрастырған сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап береді.

(Қ) Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Бағалау критерийі: сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Дескриптор:

- пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

- сұраққа толық жауап береді.

- бағалауға бағытталған сұрақтар құрастырады;

- сұраққа толық жауап береді.

- себеп-салдарын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады;

- сұрақтарға толық жауап береді.

(Ж) Мәтін түрлерін анықтау. Сызба арқылы әңгімелеу мәтінінің бөліктерін табу. Әр бөлікке ат қою.

Мақсаты: оқиға ретін, тарихи мәліметтерді есте сақтауға ықпал ету.

Қолданылуы: әр топ өзінің тақырыпқа байланысты мәтіннен немесе басқа дереккөздерден жинақтаған мәліметтері жазылған карточкаларын хронологиялық ретпен уақыт лентасына/баспалдақ түрінде/сағат моделіне орналастырады. Сол ретпен оқиға желісін баяндайды.

Әңгімеден мыналар анықталады:

сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі

Оқушылардың құрмалас сөйлемді талдау дағдысын жетілдіру мақсатында жаттығу жұмыстарын орындату.

А. Хамзеұлының «Достық» мәтініндегі «Аурудың хал-жағдайын білсең, оның көңілі көтеріліп қалады» сөйлемін кесте бойынша талдаудың үлгісін ұсыну:

Аурудың хал-жағдайын білсең, оның көңілі көтеріліп қалады-құрмалас сөйлем, өйткені ол екі жай сөйлемнен тұрады.

Бірінші жай сөйлем- Аурудың хал-жағдайын білсең, екінші жай сөйлем-оның көңілі көтеріліп қалады.

Аурудың хал-жағдайын білсең, оның көңілі көтеріліп қалады жай сөйлемдері бір-бірімен мағыналық жағынан байланысады.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына тиісті тыныс белгісін қоюға арналған жаттығуларды ұсыну

Бірінші қара ала үйрек оянып себеттегі балықтың жоқтығын байқады. Ол сары ала үйректі тұмсығымен шұқып аяғымен тепкілей бастады. Осылайша балық үшін екі үйректің арасында ұрыс-керіс басталып та кетті. Ақыры екеуі бірін-бірі көрместей болып айырылды.

Ал ұрлықшы мысық миығынан күліп аңқаулардың балығының дәмінен біразға дейін тамсанып жүрді. Бірақ мысықтың бұл ісі де әшкере болды. Өйткені ормандағы дана аю мысықтың ісін біліп қойып оны орманнан қуды.

Мұғалім оқушыларға мәтіннің басқы бөлігін табу үшін «Идеялар қоржыны» әдісін қолданады. Ол үшін төмендегі қадамдар жүзеге асырылады:

1-қадам. Әр оқушы мәтіннің басқы бөлігін өз беттерінше ойлап жазады. Бұл кезеңге екі-үш минут беріледі.

2-қадам. Оқушылар топта өз ойларымен ақпарат алмасады. Жүргізілу уақыты 3 минут.

3-қадам. Ұжымдық жұмыс бойынша әрбір топ өз нұсқаларын ұсынады. Әр топ нұсқаларының бір –бірімен қайталанбауы ескеріледі. Барлық айтылғандарды мұғалім тақтаға жазып отырады.

«Қоржынға» ең жақсы нұсқа салынады

(МК), (Ұ) Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемдерді салыстыру. Жай және құрмалас сөйлем туралы түсінік беру.

(МК), (Ө) Кесте арқылы дәлелдей білуге үйрену.

Бұл-құрмалас сөйлем, өйткені

Ол екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған.

Оның құрамындағы жай сөйлемдер мағыналық жағынан байланысып, үтірмен ажыратылған.

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс:

«Бір сөзбен» әдісі орындалады.

Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен (немесе смайл): төзімсіздік, ашу, қуаныш, немқұрайлылық, қанағаттану, шабыт, зерігу, алаңдау, тыныштық, сенімділік, сенімсіздік, рахаттану.

Өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап, өз ойларын айтады. 

Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады.

Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу