Жылы жүрек- тәтті тіл. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:.

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылы жүрек- тәтті тіл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

4.2.5.1 мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау, әр бөлігіне ат қою;

4.2.3.1* мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп-салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру;

4.3.9.1 жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдыру және тыныс белгілерін қою.

Сабақ мақсаттары

  • Мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
  • Мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтайды, әр бөлігіне ат қояды;
  • Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп-салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді;
  • Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырып,тыныс белгілерін қояды.

 Сөздік қор

Әдептілік, «кешіріңіз», «ғафу етіңіз, «сөзіңізді бөлейін деп тұрмын», «сөзіңізді бөлуге бола ма?»

 Бағалау критерийі

  • Сызба арқылы мәтіннің мазмұнын болжайды.
  • Мәтіннің түрін анықтап, ат қояды.
  • Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/бағалауға және себеп-салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қойып, біреудің сұрақтарына жауап береді.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті пікіралмасу арқылы, сұрақтар құрастыру арқылы қалыптасады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер, өзін-өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Егер қазір менің айтқаным сендерге ұнаса, онда қол соғыңдар.- Бүгін сендерді көргеніме мен өте қуаныштымын.

ІІ. Өткенді бекіту.

Топтар бір-бірінің орындаған тапсырмаларын тексереді, басбармақ арқылы бағалайды.

ІІІ. Оқылымға дейінгі жұмыс

Мақсаты:Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

(МК), (Ұ,Қ) Сызба арқылы мәтіннің не туралы екенін болжау.

  • Қарлығаш қандай құс?
  • Үйге келген мейман.
  • «Сен» сөзінің сыпайы түрі.
  • «Араз» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөз.
  • «Бірлік» сөзіне мәндес сөз.
  • Алғыс сөз.

а

қ

д

о

а

н

л

а

қ

с

і

з

т

ы

а

н

т

т

у

ы

м

р

а

қ

м

е

Бағалау критерийі: сұрақтарға жауап бере отырып, мәтін мазмұнын болжайды.

Дескриптор:

- өз ойына дәлелдер келтіреді;

- ойын жүйелі жеткізеді.

-Бүгінгі сабақ адами құндылықтар туралы болмақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты арқылы бағалау критерийлерін анықтау.

Презентация

Қима сөздер

Сабақтың ортасы

10-30 минут

(Ө) Оқылым

Мақсаты:Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.

«Достық»

Екінші сыныпта оқитын Дариға мектептен көңілсіз келіп, диванда мұңайып отыр.

Апасы қасына келіп: -Неге ренжідің, ботам? Әлде бір жерің ауырып тұр ма?- деп сұрады.

-Апа, Темірбек ауырып қалыпты. Екі күн болды сабаққа келген жоқ- деп жауап берді Дариға.

-Темірбек деген кім?

-Менімен оқитын бала. Бір партада отырамыз.

-Уайымшылың-ай, сенің!- деп басынан сипады апасы.

Дариға:-Апа, сіз білмейсіз ғой. Анада сурет сабағында түрлі-түсті қарындашым болмағанда, сол ғана аямай бүкіл бояуын берген. Сол суретімді мұғалім мақтаған. Біз бір-бірімізге көмектесіп жүреміз.

Апасы: -Жарайды. Ол жақсы бала болды ғой?

-Иә, апа! Ол маған тимейді. Өзі тәртіпті оқушы. Қайта мені тентек балалардан қорғап жүреді,- деп мақтай жөнелді Дариға.

-Неғып ауырып қалды екен?

-Ойнап жүріп, аяғын жаралап алыпты. Апа, үйіне барып, біліп келейін бе?-деп сұрады Дариға.

-Бара ғой, ботам. Аурудың хал-жағдайын білсең, оның көңілі көтеріліп қалады. Өзіңе сауабы тиеді,-дейді апасы.

Дариға есікке қарай беттей береді.

-Тоқтай тұр, балам, құр қол барма. Қағазға шоколад пен вафли орап қойдым. Досыңа сәлем айт, менің апам да жазылып кетуіңе тілектес деп айт,-деді апасы, қолындағы вафли мен шоколадты беріп.

Дариға қуанып кетті. Ол сыйлықты алып, Темірбектің үйіне жүгіре басып бара жатты.

Айса Хамзеұлы

(Ж) Оқылымнан кейінгі жұмыс

Мақсаты:Мәтін түрлерін анықтау. Сызба арқылы әңгімелеу мәтінінің бөліктерін табу. Әр бөлікке ат қою.

(Қ) Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру.

Бағалау критерийі: сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Дескриптор:

- пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

- сұраққа толық жауап береді.

- шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады;

- сұраққа толық жауап береді.

- себеп-салдарын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады;

- сұрақтарға толық жауап береді.

(МК), (Ұ) Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемдерді салыстыру. Жай және құрмалас сөйлем туралы түсінік беру.

(МК), (Ө) Кесте арқылы дәлелдей білуге үйрену.

Бұл-құрмалас сөйлем, өйткені

Ол екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған.

Оның құрамындағы жай сөйлемдер мағыналық жағынан байланысып, үтірмен ажыратылған.

) Жаттығулар жұмысын орындау.

Бағалау критерийі: жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырады.

Дескриптор:

- тыныс белгілерін дұрыс қояды;

- сөйлемдерді қатесіз жазады;

- сөздерді көркем жазады.

Оқушылар дайын нұсқа бойынша бір-бірін тексеріп, дескриптор арқылы бағалайды.

үлестірмелі таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі

Оқушылар бес саусақтың ішіне сабақ тақырыбына қатысты 5 тірек сөз жазады, алақанға туындаған қиындықтарын жазады.

Өзін-өзі бағалау

«Жетістік баспалдағы» арқылы өздерінің орындарын анықтап, стикерге аттарын жазып, өздерін бағалайды.

Бес саусақ, баспалдақ, стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Жоспар құрып, тірек сөздерді пайдаланып, монолог құрауын бағалау.

Топта бірін-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

«Достық»

Екінші сыныпта оқитын Дариға мектептен көңілсіз келіп, диванда мұңайып отыр.

Апасы қасына келіп: -Неге ренжідің, ботам? Әлде бір жерің ауырып тұр ма?- деп сұрады.

-Апа, Темірбек ауырып қалыпты. Екі күн болды сабаққа келген жоқ- деп жауап берді Дариға.

-Темірбек деген кім?

-Менімен оқитын бала. Бір партада отырамыз.

-Уайымшылың-ай, сенің!- деп басынан сипады апасы.

Дариға:-Апа, сіз білмейсіз ғой. Анада сурет сабағында түрлі-түсті қарындашым болмағанда, сол ғана аямай бүкіл бояуын берген. Сол суретімді мұғалім мақтаған. Біз бір-бірімізге көмектесіп жүреміз.

Апасы: -Жарайды. Ол жақсы бала болды ғой?

-Иә, апа! Ол маған тимейді. Өзі тәртіпті оқушы. Қайта мені тентек балалардан қорғап жүреді,- деп мақтай жөнелді Дариға.

-Неғып ауырып қалды екен?

-Ойнап жүріп, аяғын жаралап алыпты. Апа, үйіне барып, біліп келейін бе?-деп сұрады Дариға.

-Бара ғой, ботам. Аурудың хал-жағдайын білсең, оның көңілі көтеріліп қалады. Өзіңе сауабы тиеді,-дейді апасы.

Дариға есікке қарай беттей береді.

-Тоқтай тұр, балам, құр қол барма. Қағазға шоколад пен вафли орап қойдым. Досыңа сәлем айт, менің апам да жазылып кетуіңе тілектес деп айт,-деді апасы, қолындағы вафли мен шоколадты беріп.

Дариға қуанып кетті. Ол сыйлықты алып, Темірбектің үйіне жүгіре басып бара жатты.

Айса Хамзеұлы

«Достық»

Екінші сыныпта оқитын Дариға мектептен көңілсіз келіп, диванда мұңайып отыр.

Апасы қасына келіп: -Неге ренжідің, ботам? Әлде бір жерің ауырып тұр ма?- деп сұрады.

-Апа, Темірбек ауырып қалыпты. Екі күн болды сабаққа келген жоқ- деп жауап берді Дариға.

-Темірбек деген кім?

-Менімен оқитын бала. Бір партада отырамыз.

-Уайымшылың-ай, сенің!- деп басынан сипады апасы.

Дариға:-Апа, сіз білмейсіз ғой. Анада сурет сабағында түрлі-түсті қарындашым болмағанда, сол ғана аямай бүкіл бояуын берген. Сол суретімді мұғалім мақтаған. Біз бір-бірімізге көмектесіп жүреміз.

Апасы: -Жарайды. Ол жақсы бала болды ғой?

-Иә, апа! Ол маған тимейді. Өзі тәртіпті оқушы. Қайта мені тентек балалардан қорғап жүреді,- деп мақтай жөнелді Дариға.

-Неғып ауырып қалды екен?

-Ойнап жүріп, аяғын жаралап алыпты. Апа, үйіне барып, біліп келейін бе?-деп сұрады Дариға.

-Бара ғой, ботам. Аурудың хал-жағдайын білсең, оның көңілі көтеріліп қалады. Өзіңе сауабы тиеді,-дейді апасы.

Дариға есікке қарай беттей береді.

-Тоқтай тұр, балам, құр қол барма. Қағазға шоколад пен вафли орап қойдым. Досыңа сәлем айт, менің апам да жазылып кетуіңе тілектес деп айт,-деді апасы, қолындағы вафли мен шоколадты беріп.

Дариға қуанып кетті. Ол сыйлықты алып, Темірбектің үйіне жүгіре басып бара жатты.

Айса Хамзеұлы

  • Қарлығаш қандай құс?
  • Үйге келген мейман.
  • «Сен» сөзінің сыпайы түрі.
  • «Араз» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөз.
  • «Бірлік» сөзіне мәндес сөз.
  • Алғыс сөз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу