Туған өлкем- кең далам. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


  • Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

  • Мектеп:
  • Мұғалімнің аты-жөні :
  • Сынып: 4 «В»
  • Қатысқандар:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы

Туған өлкем- кең далам

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

Сабақ мақсаттары

4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу

 Сөздік қор

Кең, өлке, мекен, қоғам, байтақ.

 Бағалау критерийі

Тақырып бойынша тілдік нормаларды сақтап, әңгімелеу

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

3 сыныпта өткен грамматика мен орфография тақырыптарын қайталау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. Психологиялық дайындық

Күндей нұрланып,

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

«Жалғастыр»

Туған өлкем- ...

Интерактивті тақтада сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

3 минут

12 минут

10 минут

ІҮ. Негізгі бөлім

Қызығушылығын ояту. Бейнежазба көру.

Миға шабуыл

Б) Оқушыларға Қазақстан туралы бейнежазба көрсетіп болған соң, олардан қандай сезімде болғанын сұрау. Айтқан сөздерін тақтаға жазу.

(ЖЖ) Туған өлкесі туралы пікірлерін жұпта талқылап, сұхбаттасады. Сұхбат барысында бейнежазбадан алған әсерлерін еске түсіріп, тақтада жазылған сөздерді қолдана алады.

(Ф) Мұғалім оқушылардың сұрақты тақырыпқа сай,тілдік нормалар дұрыс қолданғанын бағалайды.

Өткен тақырыппен байланыс

«Ең ұзын сөйлем»

Сыныпты тең етіп екі топқа бөлу. Бірінші тұрған балаларға сөздер беру. Келесі бала сол сөзге етістік, кейінгі зат есім, сын есім, сан есім, шылау, үстеу келтіріп сөйлем құрастырады. Сөйлемдері құрмалас сөйлем болуы мүмкін және бірыңғай мүшелері болуы мүмкін.

Отан, Атамекен.

Оқулықпен жұмыс.

Ана тілі хрестоматиясының 46 бетіндегі «Атамекен» мәтінін оқу.

(Т) 1-топ: Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді табу.

2-топ: Мәтіннен жаңа сөздер тауып, олардың мағынасын ашу. (ғаламторды пайдалана алады)

3-топ: Мәтін бойынша күрделі сұрақтар құрастыру.

4-топ: Сұхбат алу үшін сұрақтар ойластыру.

Ана тілі оқулығының 214-бет «Туған өлкем», хрестоматиядан 46 –бетте «Қазақстан» өлеңдерін мәнерлеп оқу. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

Өлеңге сүйеніп, берілген сөздерге көркем, бейнелі сөздерді сәйкестендіріп сызықпен қос.

асау белдер

кермиық көлдер

көлбеген далам

шөлдеген ну

өр топырақ

қып-қызыл таулар

жап-жасыл құм

киелі жыр

https://www.youtube.com/watch?v=mCNsZkDyD6U

Сөздер

Ана тілі хрестоматиясы

Ана тілі оқулығы

Презентация

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия:Оқушылар жұптарынан сұрайды:- Бүгінгі сабақта қандай ақпараттар білдің?

-Сен үшін не қызықты болды?

Үй жұмысы: Туған өлке туралы 3 мақал жазу.

«Қазақстан» өлеңіндегі кез келген шумағын жаттау.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Сұрақты тақырыпқа сай,тілдік нормалар дұрыс қолданғанын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу