Қазақстанның табиғат ғажайыптары жайлы монолог құраймын. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:1тоқсан

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Қазақстанның табиғат ғажайыптары жайлы монолог құраймын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.1 өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог құру

4.1.7.1 сөз ішіндегі және сөз бен сөздің арасындағы буын және дыбыс үндестігін сақтап айту және ажырату

Сабақ мақсаттары

Жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып, монолог құрау.Буын мен дыбыс үндестігін сақтап, айту.

 Сөздік қор

Ғажайып табиғат, сұлу, көркем көрініс, монолог, т,б, сөздер мен сөз тіркестер.

 Бағалау критерийі

Жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог құрастырады.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтінмен жұмыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 5минут

5минут

Сабақтың ортасы

25 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық сәт:

Мақсаты: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Мынау менің жүрегімЕлімді мен сүйемінЖақсылыққа жақын бопӘрдайым күліп жүремін.

(МК,Ұ) «Таңғажайып табиғат» бейнефильм

Мақсаты: Бейнероликті көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтау,оқушылардың ойлау қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін анықтау.

(МК) «Жаңа ақпарат» айдары Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.Монологта сөйлеушінің басты мақсаты – тыңдаушыға хабарды мүмкіндігінше анық жеткізу.

(МК,Ұ) Қазақстан табиғат ғажайыптары жайлы суреттермен танысып, сұрақтарға жауап беру.

-Қандай жерлер саған таныс?

-Бұл жерлер неге ғажайып жерлерге жатады?

(Т) Ойлау картасын құрастыру

Жеребе тастау арқылы Қазақстанның ғажайып жері бейнеленген суреттерді таңдау. Топта ақылдаса отырып, суреттегі ғажайып жерді сипаттай отырып, тірек сөздерді жазу.

-Бұл қандай жер?

-Ол қандай өңірде орналасқан?

-Ол жерде не бар?

-Нені көруі мүмкін?

-Қандай дыбыстарды естуі мүмкін?

-Қандай сезімде болуы мүмкін?

-Оның қандай ерекшелігі бар?

-Неге олай аталды деп ойлайсыңдар?

(Т) Жазылған тірек сөздердің негізінде жоспар құру.

Мысалы: Жоспар

(Ө,Қ) Монолог құру

Топтарда ойлау картасы арқылы жинақталған тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, монолог жазу.

Бағалау критерийі: тірек сөздерді қолданып, жоспар арқылы монолог құрады.

Дескриптор:

- жоспар құрады;

- тірек сөздерді пайдаланады;

- тақырып аясында монолог құрады.

Топтардың монологтары оқылады, дескриптор арқылы бағаланады.

(Ө,Қ) Монолог оқу «Жұмбақтас»

Мен Бурабайға барғанда оның сыңсыған қайыңдары мен қарағайларының арасында айнадай жарқыраған Күміскөлді көрдім. Сол көлдің ортасында қырынан қараған сайын, бұл жартас мың құбылып, әр түрлі жұмбақ мүсінді елестетеді. Бір қырынан қайыққа ұқсаса, екінші жағынан шашын жайған ару қыз көрінеді. Содан халық оны Жұмбақтас деп атап кеткен екен.

Жұмбақтасқа шыға отырып, өзімді биік тауға шыққандай сезіндім. Бұл жер әлемге танылуда. Жан-жақтан көптеген адамдар Жұмбақтасты көру үшін келіп жатыр. Бұл - таңғажайып жерімнің мақтанышы деп білемін! Осындай жерімнің барына қуанамын.

(Ұ) Монологты талдау, мәтіннен дыбыс үндестігіне бағынып/бағынбай тұрған сөздерді табу, айту, жазу.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: Оқушылар сөйлемдерді толықтыры, өз ойларын айтады.

Сабақта:

Мен ........................ білдім.

Мен........................... үйрендім.

Маған................................. ұнады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға тапсырма беру арқылы

Мәтін мазмұныны ашатындай сұрақтар қою және жауап беруін бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу