Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікір алмасу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі мен әдебиет Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікір алмасу . Көркем мінез дегеніміз не? | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікір алмасу 4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/рөлге бөліп/ мәнерлеп/теріп/ шапшаң оқу 4.3.8.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру және таза жазу | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп ала,тыңдағаны бойынша пікір алмасуға үйренеді Мәтінді дауыстап түсініп/рөлге бөліп/ мәнерлеп/теріп/ шапшаң оқу ға ,каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру және таза жазу дағдыландыру | |||||||||
Бағалау критерийлері | -тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алады -тыңдағаны бойынша пікір алмасады | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Мінез,дүние,ақжүрек,түнемек | |||||||||
Миссия және пайымдау | Алған білімдерін өмірде қолдана алады. | |||||||||
Жаһандық азаматтық | Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру. | |||||||||
Бастапқы білім | Материалдар оқушылардың 3-сыныпта үйренгендеріне негізделіп меңгертіледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа психологиялық дайындық | |||||||||
Сабақтың ортасы 32 минут | «Уроки хороших манер» мультфильмінен үзінді көрсету. Сабақ тақырыбын ,мақсатын ашу Көркем мінез деген не екенін түсініп,тыңдаған мәтіннің негізгі тұстарын түртіп алуды үйренеміз (Ұ) (Ө)Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алады, тыңдағаны бойынша пікір алмасады (МК) «Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте қолданылады. Басқа адамдармен қатынаста әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі әрекет етеді. Жақсы мінез- мәдениеттің негізі. Бойымызға ең жақсы қасиетті жинап, басқаларға нұрдай шашып жүру қандай керемет! Ерсі қылық, есер сөз, қарқылдаған күлкі, жағымсыздық тағы басқалары арқылы сен жұрттың келемежіне айналуың әбден мүмкін... Жұмысқа немесе өзің танымайтын жаңа ортаға барғалы жатқанда, ең бірінші өз мәдениетімізді, сенімділікті арттыруға тырысамыз. Себебі сол жердің табалдырығын аттағаннан бастап, өзіңді тек жақсы қырынан көрсетіп, биязылық танытып, жаныңдағы танысқалы жатқан адамдарға жылы жүз таныту – ең бірінші мақсат. Сен көркем мінезің мен мәдениетің арқылы достарың немесе ұжымыңның ең сыйлы адамына айналуың ғажап емес. «Мінез - жанның айнасы», - демекші, мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы мінезде жатыр. Адамның мәдениет деңгейін кез келген ортада аңғаруға болады. Мәдениеттің ең биігінде тұру үшін, өзіңді рухани жағынан тәрбиелеу керек. Яғни, бұл - өзін-өзі тану. Адамдар сырт көзге әдемі көрініп, іште жат қылық пен қыңыр мінезін сақтайды. Осы екеуін шамаң келсе таразының басында тең ұстау өз қолыңда. Сенің жақсы адам екендігіңді көрсететін мінезің. Мінезді бір қалыпты ұстау - мәдениет. Мәдениетті болу аса көп нәрсені талап етпейді. Оған тек жайдары мінез бен жинақылық керек. Адам өзін неғұрлым терең таныған сайын, мінез бен мәдениет деңгейі жоғарылай түседі а)түртіп алу әдісімен жазған сөздерді кезекпен оқыту; ә)тыңдағаны бойынша пікір алмасу; б) «1 минуттық эссе» әдісімен, «Ұнамды мінез» тақырыбында эссе жаздырту (Ұ)Дүниеде жамандық неден? Ы.Алтынсарин әңгімесін оқыту. 1.Автор туралы түсінік беру. 2.(Т)Адам әрекетінің екі түрін мына кестеге жаздырту Топ ережесін еске түсіру. Бір-бірімізге көмектесу, кедергі жасамау; Бір-бірімізді тыңдау, сөзімізді бөлмеу
(Ж) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, көшіріп жазыңдар «Адамның жеті жетекшісі бар: басшысы – ақыл, Жетекшісі – талап,Жолаушысы – ой, Жолдасы –.........., қорғаны – сабыр, қорғаушысы -........., Сынаушысы –............» (Саққұлық би). Керекті сөздер: кәсіп, мінез, халық | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия: Оқушылар сөйлемдерді толықтыры, өз ойларын айтады. Сабақта: Мен ........................ білдім. Мен........................... үйрендім. Маған................................. ұнады. | |||||||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?