Туған жер шежіресін зерттеймін. Қазақ тілі, 4 сынып, әдістемелік нұсқаулық.


Сабақтың тақырыбы: Туған жер шежіресін зерттеймін

Сабақтың мақсаты:

2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау

4.2.1.1* - мәтін түрлерін (әңгімелеу/ сипаттау/ пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау

Сабаққа қажетті құралдар:

 Сабақты жоспарлауда сыныптың деңгейіне, ерекшелігіне баса назар аударған жөн. Мақсатқа жету үшін сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп оқу құралдарын мейлінше оңтайлы жоспарлы түрде қолданған дұрыс. Оқушылардың қабілеті мен даму деңгейіне қарай тапсырмаларды саралап, күрделендіріп отырыңыз. Қолдауды қажет ететін оқушыларға ресурс, қабылдауы жоғары оқушылар арқылы және мұғалім тарапынан қолдау көрсетіп отыруды назарда ұстаңыз.

Сабаққа қажетті материалдарды оқушылардың жас ерекшелігіне, оқу мақсатына жететіндей көмекші құрал ретінде алдын ала жоспарлап дайындап алыңыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты. Әрбір сабақта тараудың мазмұнын ашатын бейнебаяндар, тыңдалым материалдарын, ой қозғау т.б. әдістерді қолдануға тырысыңыз. Оқу мақсаты оқушылардың жасерекшелігіне қарай түсінікті етіп, оқушыға қаратып жеткізген дұрыс. Сонда оқушылар әрбір сабақта өздерінен қандай нәтиже күтілетінінен хабардар болып отырады. Сабақ барысында оқу мақсатына оралып отыру қажет. Тапсырмаларды орындау барысында оқу мақсатына жету және жұмыстың нәтижелі болуы үшін критерийді ұсыныңыз.

Сөздікпен жұмыс. Сөздердің мағынасын түсіндіруде алдымен оқушылардың өздеріне ой тастап сөздік қорларын байқап алыңыз. Содан кейін қажет болған жағдайда толықтырулар енгізіп тұжырым жасатыңыз. Ескі білімді жаңа біліммен толықтырып өздеріне ойларын өзгертуге мүмкіндік беріңіз. Бұл оқушылардың таптаурын ойдан арылып, мобильді болуға жетелейді. Сонымен қатар жаңа сөзерді тапсырма орындауда қолдануын қадағалап отырыңыз. Бұл сөздерді, алған білімдерін өмірде де қолданғандары жөн. Себебі жаңа білім мазмұнының басты мақсаттарының бірі функционалдық саутаттылық емес па?

Оқылым. Жазылым. «Жусанда туған жердің иісі бар» мәтінінің бөліктерінің орнын ауыстырып, ретін өзгертіп беріңіз. Оқушылар мәтін бөліктерінің мазмұндық жағынан ретін, байланысын анықтай отырып байланыстыра сөйлеу дағдысы қалыптасады. Содан кейін тақтадағы дұрыс нұсқасымен салыстыра отырып «Жұптық бағалау» арқылы бірін-бірі бағалайды.

Тыңдалым. Тыңдалым алдында үзіндінің атауы, бұл жайында көрген не оқығандары бар болса сұралады. «Сұлтан Бейбарыс» кинофильмінен үзінді көрсетілген соң жетелеуші сұрақтар қоя отырып сабақ барысында оқылымдағы тапсырмамен байланысы анықталады. Қажет болған жағдайда үзінді қайта көрсетіледі. Сыни тұрғыда ойлауын дамытатын ашық сұрақтар беріледі.

 Сабақтың басында топ атауы бойынша біріккен топ мүшелері жеке жұмыс жасайды. Мұнда әр топ атауы бойынша мәтіннің құрылымын сақтай отырып, сабақта көрген, оқыған ақпараттарды қамти отырып әңгімелеу мәтінін жазады. Жұмыс барысында сыныпты аралап әрбір оқушының іс-әрекетін бақылаңыз. Даму аймағын қамтамасыз етуге тырысыңыз. Бұл сізге алдағы уақыттарда оқушыға жақын арада даму аймағын құруға, оқушылардың ілгерілеуіне көмек болады. Әңгімелеу мәтініне ереже құрастыру тапсырылады. Оқушылардың ойлары тыңдалып болағаннан кейін, оқуылықтағы ереже ұсынылады. Салыстырылып, тұжырым жасалады. Жұмыс соңында дескриптор бойынша әр оқушы өзін-өзі «Блоб ағашымен» бағалайды, дәлделдейді.

Рефлексия, үй жұмысы.

«Таразы» әдісі арқылы сабақ соңында өзіне ұнаған, қызықты тұстарын таразының бір басына; өзіне қиындық келтірген тұстарын жазып екінші басына салады. Таразының басына салынған сөздер саны көп-азына қарай оқушылардың сабақтағы өз жұмысына баға беруін және сабағыңыздың өту деңгейін білуге болады.

Үйге берілетін тапсырмаға нұсқау беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу