Туған жер шежіресін зерттеймін. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

І - Менің Отаным - Қазақстан

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сабденова Б.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Туған жер шежіресін зерттеймін

2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.1.1* - мәтін түрлерін (әңгімелеу/ сипаттау/ пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мәтіннің түрлерін, құрылымдық бөліктерін ажыратады алады, ойын байланыстырып айтады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтіннің құрылымын сақтай отырып әңгімелеу мәтінін жазады. Мәтіннің түрін анықтап дәлелдер келтіреді.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтін бөліктерінің мазмұндық байланысын сақтай отырып жазады. Көрген, оқыған ақпараттарды тұжырымдап, ойын дәлделдей отырып мәтінді жалғастырып жазады.

Бағалау критерийлері

- Мәтін түрлерін анықтайды;

- Мәтінді құрылымдық бөліктерге бөлуде дәлделдер келтіре алады.

Дағдыларды дамыту

Түсіну, қолдану, жинақтау.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Шежіре, жусан, зерттеу, сұлтан.

Алған ақпаратты саралап, жинақтайды және жазады. Тарихи оқиғаның мазмұнын түсіне отырып, мәтін түрін анықтап, дәлелдер келтіріп өз пайымымен негіздейді.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

- Жусанда туған жердің иісі бар дегенді қалай түсіндірер едің?

- Мәтіндегі негізгі ой қандай?

- Мәтіннің құрылымы неше бөліктен тұрады?

Құндылықтар

Ашықтық - жаңа білімге деген ашықтық.

Қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік - өз Отанының тарихына деген мақтаныш.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану пәнімен – қазақ халқының тарихы мен географиялық орналасу жері туралы ақпаратпен танысып, зерделейді.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісінен қосымша ақпарат іздейді, іріктейді, қолданады.

Бастапқы білім

Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтай алады.

Көмекші сөздердің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

2 мин

3 мин

1 мин

2 мин

1 мин

Ой қозғау.

«Қоңыр» тобының «Туған жер» әнін тыңдау.

- Туған жер дегенде ойларыңа қандай сөздер оралады?

- Неге туған жерді балалық шақпен байланыстырып айтқан?

Топқа біріктіру: «Қарқын» әдісі бойынша жүзеге асады. Мұнда топтардың жұмыстары қарқынды, нәтижелі болуын жүзеге асыру үшін, топта белсенді оқушылар мен қолдауды қажет ететін оқушылардың бірдей түсуі көзделеді.

Топқа бірігу.

Оқушылар үстел үстіндегі сөздерді ала отырып 4 топқа бірігеді.

1 топ - «Туған жер», 2 топ «Шежіре», 3 топ «Жусан», 4 топ – «Атамекен».

Осы топ атаулары болған сөздермен сөздікпен жұмысы жүргізіледі.

- «Туған жерде жусанның иісі бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

Алдымен оқушылардан осы сөздер туралы білетіндері, естігендері, оқығандары болса өз білімдерін ортаға салу ұсынылады. Сосын, ойларын жинақтап қажет болған жағдайда толықтырулар енгізіп білімдері толықтырылады.

Топ мүшелерін сайлау.

Хатшы, шабарман, топ басшысы, тайм спикер.

Алдыңғы білімдерін қайталап, жаңа сабаққа көпір жасау.

- Мәтін дегеніміз не?

- Мәтіннің негізгі белгілері қандай?

Бүгінгі сабағымыздың оқу мақсаты:

Мәтін түрлерін анықтап, құрылымдық бөліктерге бөлеміз

https://www.youtube.com/watch?v=s2fnDArg5Ks

51 с

«Қоңыр» тобы «Туған жер» әні

Топ атаулары жазылған қима қағаз.

Жеке сөздер

Сабақтың ортасы

3 мин

5 мин

10 мин

5 мин

2 мин

Тыңдалым, айтылым.

- «Сұлтан Бейбарыс» кинофильмінен үзінді көру барысында қандай сезімде болдыңдар?

- Үзіндіні мәтіннің қай түріне жатқызар едіңдер? Неліктен?

- Қандай сұрақтарға жауап береді?

- Тақырыбы мен мәтіннің негізгі ойы сәйкес келе ма?

- Неге Сұлтан Бейбарыс Отанынан жырақта өсті?

- Отаны есіне түскенде қандай сезім билейтін?

Оқылым.

ӨЖ. «Жусанда туған жердің иісі бар» мәтінінің орны ауыстырылып берілген бөліктерін ретке келтіреді. Тақтадан дұрыс нұсқасымен салыстырып «Жұптық бағалау» арқылы бірін-бірі бағалайды.

Жазба жұмысы.

Әр топтың оқушылары топ атаулары бойынша.

1 топ - «Туған жер», 2 топ «Шежіре», 3 топ «Жусан», 4 топ – «Атамекен» әңгімелеу мәтінін жазады.

Бағалау критерийі:

- Сабақта оқыған, көрген ақпараттарды тұжырымдай отырып әңгімелеу мәтінін жазады.

- Мәтіннің құрылымын сақтай отырып жазады.

- Мәтінге тірек болатын сөздерді анықтап, астын сызады.

- Сауатты, көркем жазады.

Тапсырма жеке орындалады. Топта бір-біріне оқып, ең үздік деген мәтін сынып ішінде оқылады.

Дескриптор:

- сабақ барысында оқыған, көрген материалдардағы ақпараттар қамтылған;

- мәтіннің құрылымы сақталған;

- тірек сөздердің асты сызылған;

- мәтін бөліктерінің мазмұны жағынан байланысқан;

- мәтіннің түрін ажыратып, дәлелдеп айтып бере алды;

Дескриптор арқылы оқушылар өзін-өзі «Блоб ағашы» арқылы бағалайды.

- Осы мәтінді жазу барысында әңгімелеу мәтіні туралы қандай ереже шығарар едіңдер?

Оқушылардың ойларын тыңдап, оқулықтағы ережемен салыстырып тұжырым жасату.

Ереже.

Қандай да бір нәрсе туралы әңгімеленеді, хабарланады.

Не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап береді.

«Сұлтан Бейбарыс» кинофильмінен үзінді.

2.15.43-2.16.39

youtube.com/watch?v=bnS2OlSoJhc

мәтін

Бағалау критерийі мен дескриптор жазылған қима қағаз.

Оқулық

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

«Таразы» әдісі арқылы сабақ соңында өзіне ұнаған, қызықты тұстарын таразының бір басына; өзіне қиындық келтірген тұстарын жазып екінші басына салады.

 Таразы макеті

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар мәтінді жалғастырып жазғанда ең кемінде 3 сөйлем жазу ұсынылады, ал кейбір оқушылар одан да көп жазуына болады.

Көмекті қажет ететін оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан көмек сұрауға мүмкіндік беріледі.

Оқушылардың сабақта меңгергендерін қорытындылап, тексеру үшін бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау арқылы жүзеге асады.

Оқу үрдісінде оқу құралдарын пайдалануда мұқият болу. Өзге оқушыларға кедергі жасамауларын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаты оқу мақсаты негізінде сараланып құрылды. Сондықтан оқушылар оқу мақсатына жетті.

Саралауда оқушылардың қабілеттері мен мүкіндіктеріне қарай тапсырма беріліп отырды. Көмекті қажет ететін оқушыларға мұғалім тарапынан да, қабілетті оқушылар жағынан да қолдау көрсетіліп отырды.

Сабақта уақыттық кезеңдер сақталуы үшін әр топқа Таймспикерлер тағайындалды.

Сабақ жоспарында оқушылардың алдыңғы білімдері мен белсенділіктеріне қарай тапсырмалар күрделеніп, немесе жеңілдетіліп отырды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу