Оралхан Бөкей «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қосымша материал. 25 сабақ.


О.Бөкей «Атау кере» романы

Оқу мақсаты

11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;

Сабақ мақсаты

Оқушылардың барлығы:

О.Бөкей «Атау кере» романының композициялық ерекшеліктерін айқындау;

Оқушылардың көпшілігі:

О.Бөкей «Атау кере» романындағы авторлық ұстанымды анықтау;

Оқушылардың кейбірі.

Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы құндылықтарды дәлелдеу

Бағалау критерийлері

Романның композициялық детальдарын көрсетіп, қызметін ашады;

Романдағы автордың өмірлік ұстанымын көрсетеді;

Оралхан Бөкейдің құндылықтарының маңыздылығын көрсетеді.

Тапсырма. Органайзер әдісі

Мақсаты: О.Бөкей «Атау кере» романының композициялық ерекшеліктерін айқындау.

Нұсқаулық:

Қиық қағаздардағы үзінділер мен композициялық деталь терминдерін сәйкестендіріңіз.

Үзіндінің астарлы мағынасын түсіндіріңіз.

Дескриптор:

Романындағы цитатаның қызметін ашады;

Үзіндідегі пейзаждың қызметін ашады;

Үзіндідегі интерьердің қызметін ашады;

Үзіндідегі портреттің қызметін ашады;

Үзіндідегі психологиялық күйінің қызметін ашады;

Үзіндідегі кейіпкердің алған әсерінің қызметін ашады;

Үзіндідегі кейіпкердің рефлексиясының қызметін ашады.

Шығармадан үзінді

Композициялық деталь

Астарлы мағынасы

«Ара жасаған қоғамдық өмірдіңдеңгейіне жету үшін, адам баласыныңалдында әлі талай ұзақ жол жатыр». (Матерлинк). Көптен кеткен көмусіз қалар. (Xалық нақылынан).

Цитата

Адамдар арасындағы бірлікті, ынтымақты насихаттайтын даналық сөздер.

Алтайдың күміс шашбауындай ирелеңдей аққан Бұқтырма өзені; сол ерке өзенді еміп, екі жағалауына өңірдегі түймедей қаз-қатар орналасқан үлкенді-кішілі ауыл; сол ауылдың ара-арасын құр жіптей шуатыла жалғап жатқан жіңішке жол;

пейзаж

Екі ауылдың арасындағы байланыстың тым әлсіз екенін, өмір өзенге екі түрлі қарайтын адамдардың қарама-қарсы ұстанымын көрсету.

Аулалары биік еді. Ауласын тақтаймен биік етіп қоршап, ішінде атан сойып жатсаң да тірі пенде көре алмайтын үйлер бұл ауылда жеке дара емес. Ағаш қақпасы қаңқ етіп жабылған соң, жабығынан да сығалай алмайсың. Білгеніңді істе.

интерьер

Адамдардың оңашаланған, бір-бірін жатсынған өмір тіршілігінің символы.

Көкбестінің арқасындағы тепсе темір үзетін төртбақ жігіт қана салмақ болып келе жатқан жоқ-тын; көкбестінің белінде әрқайсысы елу килограмм тартар екі сүйретпе бал бар еді. Ал дүниеде балдан тәтті әрі ауыр нәсте жоқ.

портретті

Астындағы атына екі жүз килограмдай артып, табысы үшін қинап келе жатқан, обалды білмейтін жігіт бейнесі сомдалған.

Ерік алғашында жан-жағына жалтақтап қарап, тұла бойын қорқыныш па, әлде жан сыздатар жалғыздық па,— өзі де біліп, сезе бермес өзгеше бір мұңлы хал тұтқындап, өз үйінен өзі жерігендей жиіркене меңірейіп тұрып қалған.

психологиялық күйі

Кейіпкер ішкі әлемінде барлығынан жатсыну, жатырқау байқалады.

Еріктің туған ауылынан кеткеніне, сонда да мүлдемге емес, үш-ақ жыл болса да, өзін осыншалық жат, өзгеше бір өгейлікпен қарсы алады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірген жоқ.

алған әсері

Туған ауылдастарының барлығына соншалықты жат болуы

Екінші қабаттағы бөлмеге көтеріліп, тақтай қақпалы терезені ашып, әйнектен сонау ойда ордадай болып жатқан ел-жұртына көз салды. «Моп-момақан,— деп күбірледі,— ішіне кірші, ордалы жылан секілді».

кейіпкердің рефлексиясы

Кейіпкердің өзгелер туралы жаман ойы өзінің жаман ниетін көрсетеді.

Әлі есімде, ауылда разнорабочий болып жүрген кезімде, жүз сом ақша аса қажет болды. Сұрамаған адамым қалмады, құдай-ау, біреуі бір сом бермеді ғой. Әне, сол кезде ант бергем: «Егер жер басып жүрсем, мұқым ауылды сатып алатын ақша табармын»,— деп. Сол арманыма жеттім, енді маған ештеңе қорқынышты емес.

Кейіпкерлердің естеліктері

Еріктің адамдардан көңілі қалуы, өмірлік ұстанымының қалыптасу себебі ашылады.

Құдайдың құдіретімен омарташы араға айналды... бірақ бал арасына емес, малға тыныштық бермейтін көкбас сонаға айналды. Айналуы сол екен, арғы жиектегі Қызға зымырай ұшқан. Ұшқан қалпы ғашығына жетіп, иығына қонды. Не болғанын білмей сасып қалған Қыз қолындағы екі бүктелген қамшымен сескене салып қалғанда, енді ғана арманына жеткен «Ерік-Сона» қанатын серпуге шамасы жетпей, тырапай асып домалап түскен... мәңгілікке...

Қатын суының айлағындағы керемет үй, көл…

Кейіпкер елесі

Жалғыз қалған Еріктің жыданып кетуін көрсетеді.

Тапсырма. Органайзер әдісі

Мақсаты: О.Бөкей «Атау кере» романындағы авторлық ұстанымды анықтау.

Нұсқаулық:

Қиық қағаздардағы үзінділер мен композициялық деталь терминдерін сәйкестендіріңіз.

Үзіндінің астарлы мағынасын түсіндіріңіз.

Дескриптор:

Авторлық ұстанымды көрсетеді;

Авторлық ұстанымға үзінділерден дәлел келтіреді.

Жауап кілті

Тапсырма. Сұрақтар жауыны әдісі

Мақсаты: Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы құндылықтарды дәлелдеу

Нұсқаулық: Сұрақтарға жауап беріңіздер;

Қалай ойлайсыз, автор Ерікке көзқарасы қандай? Неге?

Автордың ойынша, адамзатқа қандай өмір салтын ұстанған дұрыс? Неге?

Сіз автордың пікірімен келісесіз бе? Неге?

Дескриптор:

Автор құндылықтарын көрсетеді;

Құндылықтардың маңыздылығына аргумент келтіреді?

Жауап кілті:

Автор Еріктің өмір салтын сынайды, сондай адамдардың көбейіп ара жатқанынына қынжылады.

Автордың ойынша, адамзат гуманистік, ұлттық, жеке құндылық өзара үйлесімде болуы тиіс. Сонда ғана адамзат қоғамы бақытты бола алады.

Мен автордың пікірімен келісемін, себебі адам табиғатынан әлеуметтік жаратынды және адамдар бір-біріне керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу