Оралхан Бөкей «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қосымша материал. 25 сабақ.


О.Бөкей «Атау кере» романы

Оқу мақсаты

11.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау

Оқушылардың барлығы:

О.Бөкей «Атау кере» романы мен Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романындағы ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;

Оқушылардың көпшілігі:

Екі шығармадағы ортақ құндылықтардың қазіргі заман үшін маңыздылығын талдау;

Оқушылардың кейбірі.

Шығармалардағы ортақ құндылықтардың мәңгілігін дәлелдеу;

Бағалау критерийлері:

Екі шығарманың идеялық композициялық ерекшеліктерін талдайды;

Екі шығарманы салыстырады;

Екі шығарма жазылған заман мен қазіргі заман құндылықтарын анықтайды;

Шығармалардағы ортақ құндылықтардың адамза үшін маңыздылығын айқындайды.

Тапсырма: Органайзер әдісі

Мақсаты: О.Бөкей «Атау кере» романы мен Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романындағы ортақ құндылықтардың үндестігін талдау

Нұсқаулық:

Берілген кестені толтырыңыз;

Венн диаграммасын толтырыңыз:

Дескриптор:

Шығармалар жазылған кезеңді көрсетеді;

Басты кейіпкерлерді атайды;

Шығармалардағы негізгі мәселені көрсетеді;

Шығармалардағы негізгі оқиға баяндайды.

Екі авторлық ұстанымын көрсетеді;

Шығармалардағы идеяларды көрсетеді.

Қарастырылатын аспект

О.Бөкей «Атау кере» романы

Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы

Жазылған кезеңі

1970 жылдары

1970 жылдары

Басты кейіпкері

Айна, Ерік, Нүрке кемпір, Таған.

Қазанғап, Сәбитжан, Әбутәліп, Едіге,

Негізгі мәселе

Өз туған елінен, туыстарынан, қоғамнан жатсыну.

Өз тарихын ұмыту, мәдениетін, құндылықтарын, туыстарын өгейсу

Негізгі оқиға

Еріктің елін тастап Алтай ормандарына кетуі

Сәбитжанның әкесін, аулын ұмытып қалаға кетуі.

Авторлық ұстаным

Еліңмен, ұлтыңмен, көпшілікпен бірге болу.

Өз ұлттық қасиеттерін құрметтеп, адами құндылықтарды сақтау.

Идея

Адами қасиеттердің негізі ұлттық құндылықтарда

Адами қасиеттердің негізі ұлттық құндылықтарда

Дескриптор:

Екі шығарманың ұқсастықтарын көрсетеді;

Екі шығарманың айырмашылығын көрсетеді;

Жауап кілті

Айырмашылықтары

Ұқсастықтары

Басты кейіпкері

Негізгі мәселе

Негізгі оқиға

Жазылған кезеңі

Идея

Авторлық ұстаным

Тапсырма: Органайзер әдісі

Мақсаты: Екі шығармадағы ортақ құндылықтардың қазіргі заман үшін маңыздылығын талдау

Нұсқаулық: Кестені толтырыңыз.

О.Бөкей «Атау кере» романының құндылығы

Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романының құндылығы

Қазіргі замандағы адам құндылықтары

Адамның адамдармен бірге, ынтымақта болуы.

Адами құндылықтар өзегі - ұлттық мәдениет.

Адамның қажеттіліктері – физиологиялық, қауіпсіздік, әлеуметтік орта, құрмет, өзін таныту.

Дескриптор:

О.Бөкей «Атау кере» романының құндылығын көрсетеді;

Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романының құндылығын көрсетеді;

Қазіргі замандағы адам құндылықтарын көрсетеді.

Тапсырма: Кубизм стратегиясы.

Мақсаты: Шығармалардағы ортақ құндылықтардың мәңгілігін дәлелдеу;

Нұсқаулық: Топта кубикті лақтырып, кезекпен сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Не себептен адам үшін туған-туысқанына, ұлтына, қоғамына деген қарым-қатынасы адамгершілік қасиеттерінің өлшемі?
  • Адам қоғамнан тыс өмір сүре ала ма, жоқ па? Неге?
  • Ұлттық құндылықтарды аттап, жаһандық құндылықтарды сақтауға бола ма, жоқ па? Неге?
  • Қоғамды жатсыну, жалғыздық адам үшін не себепті қауіпті?
  • Қарттар үйінің көбею себебі неде? Оның ұлт үшін салдары қандай болуы мүмкін?
  • Жеке, ұлттық, адами құндылықтарды қалай үйлесімде ұстауға болады?

Дескриптор:

Өз пікірін аргументтермен дәлелдейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу