Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, қалыптастырушы бағалау. 18 сабақ.


1-тапсырма ЖЖ.

Берілген үзінділерден көркемдегіш құрал түрін анықтап, шығарма идеясымен байланысын ашыңыз.

Дескриптор:

Көркемдегіш құрал түрін табады;

Көркемдегіш құралдың шығарма идеясымен байланысын ашады.

Шығармадан үзінді

Көркемдегіш

құрал түрі

Көркемдегіш құралдың шығарма идеясымен байланысы

«Есектің еті арам, күші адал» дейді екен қазақтар, ендеше, ара жазғанның тартқаны — бал, шаққаны — у» деп, осына ойдың санасына орала кеткеніне насаттанғандай атқа қонды.

Мен қазақтың атом апатынан да, бүлінген ауадан да, ішімдік пен аяқтан шалар ағайын алауыздығынан да ада, таза да тәкаппар ұрпағын тәрбиелеймін.

Ешкімге қылдай қиянаты жоқ, білімді, алғыр, адал жас адам – Таған айықпас дерт – маскүнемдікке түсті. 

Алтай – ата-бабаның алтын ұясы. 

Нюра кемпір мен Айнаның адамшылықтан озбаған ықылас, пейілі де дертке дауа, таптырмас ем болғаны рас.

2-тапсырма ТЖ.

«FILA толтыру» әдісі

F /Дерек/шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын көркемдегіш құралдарға мысал жинау

I /Идеясы /– автор идеясы туралы өзінің ой-пікірі,

L /Сұрақ/тақырыпқа қатысты өзін толғандыратын сұрақтар құрастырады;

A /Іс-әрекет/автордың кейіпкерді суреттеуде қолданған тәсілі.

Дескриптор:

  • Көркемдегіш құралдарға тың мысалдар табады;
  • Автор идеясын ашады;
  • Сұрақтар құрастырады;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекетін талдайды.

3-тапсырма

«Екі жақты күнделік» стратегиясы

Романнан үзінді

Өз үзіндім

Тәңірім-ау, ат төбеліндей ауыл тайлы-таяғы қалмай маскүнем болып кеткенде, ертеңгі күні не болады, тоз-тозы шығып, тозып таусылмай ма? Не білген ойлары бар? Ішімдік деген бұл елге қашан дерт боп жабысты? Қашан? Кейде ойлаймын, осы жұрт атау-кересін ішіп жүрген жоқ па деп. Ал атау-керені – өлер алдында, ақтық демі таусылар алдында ғана ұрттайтын.

  • Еркек адам есіктен еңселі кірер болар... Ұры иттей жан-жағыңа жалтақтап, жанарыңды түсірме, ұлым. «Ерді кебенек ішінен таны» деген. Ханның сарайына кірсең де, қадіріңді қашырмай, кеудеңді жоғары ұста!

НЕГЕ БІЗ ОСЫ адамзатты тазартпаймыз, а, неге? Жер – ол да алып үй, баспанамыз, олай болса, қағып-сілкіп, желдетіп, шаң-тозаңнан арылтып, дімкәстіктен, арам пиғыл, теріс көзқарас, дүниеқоңыз ниет-пиғылдардан айықтырса ғой.

4-тапсырма Ж. «Оймақтай ой»

«Атау-кере» романындағы көркемдегіш құралдардың шығарма идеясымен байланысы туралы алған ақпараттарыңды қорытындыла.

Оралхан Бөкейдің тіл шеберлігін өзіндік көзқарас тұрғысынан бағалап, 5 сөйлемнен тұратын көркем пікір жаз немесе «Атау-кере» романындағы көркемдегіш құралдардың шығарма идеясымен байланысы туралы қорытынды ойыңды 2-3 шумақ өлең түрінде жеткіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу