Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Қырықбаева Ж.Қ.

Сыныбы: 11 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау

Сабақ мақсаты

Шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра талдайды.

Бағалау критерийлері

  • «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы мен «Туған жер» өлеңінің жанрлық ерекшелігін салыстырады;
  • Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдайды.

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Кілт сөздер мен фразалар:

Менің ойымша,_________________________________________

Оны былай түсіндіремін:_________________________________

Оны мына мысалдармен дәлелдеймін.

1._______________________________________________________

2._______________________________________________________

3.________________________________________________________

Ойымды__________________________деп қорытындылаймын.

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

АТҚ қолдануы

Таныстырылым

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасының мазмұнын талдады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

3 мин

Қызығушылықты ояту

50.30-58.33 дейін бейнематериал көреді.

https://www.youtube.com/watch?v=QBwDzRufOMw

Ой шақыру сұрақтары

  • «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасының тақырыбы не туралы?
  • Шығарманың басты идеясы қандай?
  • Басты идеяны ашуда автор көбінесе қандай тәсілдерді қолданған?
  • Не себептен автор өз шығармасын осы тақырыпқа арнаған деп ойлайсыздар?
  • Идеясы, тақырыбы осы шығармаға ұқсас қандай көркем туындыларды білесіздер?
  • Шығармадан қандай әсер алдыңыздар?

Ортасы

34 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 мин

Мағынаны тану кезеңі

 Поэма – әдебиеттегі іргелі жанрлардың бірі, өлең сөзбен жазылған сюжеттік желісінде әңгімелеу сипаты басым көлемді туынды. Сюжетті поэмалармен қоса, таза лирикалық сюжетті қамтитын поэмалар да болады. Онда қоғамдағы алуан түрлі іргелі мәселелер, көкейкесті тақырыптар қозғалады.

1-тапсырма: «Түрлі-түсті хатқалта»

Сынып оқушылары түрлі-түсті қағаз қиындыларын алып, 4 топқа бөлініп отырады. Әр топқа қима қағаз түсіне сәйкес хатқалта беріледі. Топқа берілген тапсырманы оқушылар шағын постер түрінде әзірлейді.

Қызыл түс: өлең, оның жанрлық ерекшеліктері

Жасыл түс: поэма, оның жанрлық ерекшеліктері

Сары түс: өлең мен поэманың ұқсастықтары

Көк түс: өлең мен поэманың айырмашылықтары

Топтар кезекпен-кезек постер қорғайды. Бағалаушы топтар «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.

2-тапсырма. 

Ж. Әбдірашевтың «Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы мен Қ.Аманжоловтың «Туған жер» атты өлеңін салыстыра талдаңыз.

Дескриптор:

  • Шығармалардың идеясын анықтайды;
  • Мазмұнын қысқаша жазады;
  • Шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;
  • Тілін талдап, 3-4 көркемдегіш құралдың қолданылу мақсатын түсіндіреді.

Шығарманың атауы

«Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасы

«Туған жер» өлеңі

1

Шығарманың идеясы

2

Шығарманың мазмұны

3

Шығарманың жанрлық ерекшелігі

4

Шығармада көрініс тапқан көркем сөз қолданыстары, олардың шығармада қолданылу мақсаты

Бағалау

Оқушылар жұбының жұмысын тексеріп, бағалайды.

Критерийлер

Төмен

Орта

Жоғары

1

Екі шығармалардың идеясын анықтайды.

2

Шығарманың қысқаша мазмұнын жазады.

3

Шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін ажыратып, талдайды.

4

Тілін талдап, 3-4 көркемдегіш құралдың қолданылу мақсатын түсіндіреді.

Кері байланыс

Тапсырманы орындау қиындық тудырды ма?

Оқылған, тыңдалған ақпараттардың көмегі тиді ме?

Қай оқушының жазғаны ұнады? Неге?

Өз жұмысыңызда нені толықтыру керектігін байқадыңыз?

Таратпа қағаз №1

Таратпа қағаз №2

Соңы

3 минут

Рефлексия «Шығарға билет» әдісі

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу