Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Сабақ жоспары

Сабақ : №2 (І нұсқа)

Мектеп:

Күні : 2019 ж.

Мұғалім: Нурмуханова А.Е.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

О.Бөкей «Атау кере» романы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

11.2.3.1 шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдау

Сабақ мақсаты:

Әдеби тілді құбылтудың идеяны ашудағы қызметін ажыратып талдау.

Бағалау критерийі:

Көркемдегіш құралдардың түрін анықтау.

Көркемдегіш құралдардың идеяны ашудағы қызметін талдау.

Дескрипторлар:

Үзіндіден троптарды табады;

Троп түрін анықтайды;

Троптың беретін мағынасын ашады.

Құндылықтарды игерту:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапты азаматтық позиция;
  • Отбасы мүшелеріне деген құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс:

Дала, отан тақырыбы негізінде өзін-өзі тану және қазақ тілі пәндерінде алған білімдерін оқушылар еркін қолдана алады.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта, ноутбуктер

Тілдік мақсаттар:

Пән лексикасы және терминология:

Будандастыру, құндылық, қауіпті будан, ара.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар өткен тарауларды еске түсіре отырып, тақырыппен байланысты тарауларды анықтайды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Қызығушылықты ояту. Оқушылар сурет бойынша 5 топқа бөлінеді. Сурет арқылы тақырыпқа болжам жасайды. СЖ.

Тапсырма: суретке қарап тақырыпты болжаңыз. СЖ.

Ой шақыру сұрақтары:

  • Сурет сіздерге қандай ой айтады?
  • Бұл суреттердің бір-бірімен қандай байланысы бар?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері мен жұмыс алгоритмімен таныстыру.

Интербелсенді тақта

Суреттер

Сабақтың ортасы

9 минут

20 минут

Мағынаны тану кезеңі.

1-тапсырма.

Мақсаты: О.Бөкейдің «Атау кере» романындағы әдеби тілді құбылтудың идеяны ашудағы қызметін ажыратып талдау

Нұсқаулық:

Үзіндіні талдап, көркемдегіш құралдарды табыңыз, олардың мағынасын ашыңыз.

Дескриптор:

Үзіндіден троптарды табады;

Троп түрін анықтайды;

Троптың беретін мағынасын ашады.

Үзінді

Троп түрі, қызметі

Үзіндінің беретін мағынасы

Түпсіз ойдың тұңғиығына тұншыққан Айна қайтадан бетіне қалқып шыға алмай ұзақ отырды. Көзден де, көңілден де баяғыда қашаңдап кеткен жастық дәурен — қыз кезі, бірге өсіп, біте қайнасқан достары, туған-туысқандары есіне түсті.

Қыздар институтының жаратылыстану факультетінде оқып жүрген шақта, қолаң шашын қос бұрымдап өріп, жанынан өткен адамды жалт қаратар сұлулығымен талайды таң қалдырмап па еді...

Құрбылары шашын қиып күзеген байталдай болып жүргенде, хас маңдайдан қақ жарып тарап, бір талын шашау шығармай өрген шашын жалау ғып жайнап, жігіт біткеннің аузының суын құртқан.

Студент уақытында Ерікпен кездесті. Екеуі қолтықтасып қатар келе жатқанда, көлде жүзген аққудай аса жарасатын, дос-жарандарының бәрі қызыға да қызғана қарайтын.

Оқу бітірген жылы үйленді. Ерік аудан орталығындағы спорт мектебіне орналасқанда, дипломы жоқ Айна интернатта тәрбиеші болды. Осылайша он жыл өмірлері оңды-солды, мән-мағынасыз өте шыққан екен. Мамандықтарын тастап ара бағып кеткендеріне де осы жазда бес жыл толған. Тәңірім-ау, сонда не қызық көрді?

Көрер қызығымыз алда дейін десе, өзі отыздан асып, Ерік қырыққа толыпты. Баяғыда бір шал кемпіріне «кешке берген айраныңды ұрайын» деген екен, ендеше, ғұмырының аяулы шағы ертеңге ауып, сарықарын тартар шақтағы қонған бақтың, қоңсыған байлықтың керегі бар ма өзі...

Айна артына бұрылып еді. Момақан өзеннің жағалауында бірігіп жайылып жүрген жылқы, сиыр, қойларды көрді. Таңғы салқынмен шық суына малынған шөпті сонылап кәперсіз оттайды.

Автор осы үзінді арқылы қандай ойды айтпақ болды? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Кері байланыс. Оқушылар мұғалімнің көмегімен берілген кестені талқылай отырып, дұрыс жауабын анықтайды.

Оқушылар берілген үзіндінің идеясын анықтап алғаннан кейін, идеяны ары қарай дамытатын тапсырманы орындайды.

 2-тапсырма:

 «Бақ дегенің – тойға келген қыз емес пе, байлық дегенің – қолға ұстаған мұз емес пе, бала – артта қалған із емес пе?» автор Нүрке кемпірдің сөзі арқылы қандай ойды айтпақшы болды? Ойыңызды ПОПС формуласына салып жазыңыз. 70-80 сөз.

 

  • Менің ойымша, ...
  • Себебі, мен оны былай түсіндіремін …
  • Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын …
  • Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім …

 

Автор орындығы. Оқушылар өздері қалаулары бойынша жауаптарын сынып алдында оқиды.

Кері байланыс

Тапсырманы орындауда қандай қиындық туындады?

Оның себебін немен байланыстырасыз?

Біліміңізді қай жағынан толықтыру қажеттігін түсіндіңіз?

Интербелсенді тақта, таратпа қағаздары

Интербелсенді тақта, таратпа қағазы

Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия

1.Сәтті шыққаны ....

2.Келесі қадамда нені ескеру керек?

Оқушылар сабақ бойынша пікір айтып, жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерді сараптап, келесі қадамды айқындап, сабақты қорытындылайды.

Интербелсенді тақта

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу