М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 14 сабақ.


Ғасырлық туынды

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Оқу мақсаты:

11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, әдеби сын жазу

Сабақ мақсаты:

Шығарамадағы автор идеясын әлем әдебиетінің танымал үлгілерімен салыстырмалы түрде талдап, әдеби сын жазу.

Бағалау критерийлері:

Әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады

Ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды

Өзіндік ойын нақты, дәлелді білдіреді

Әдеби сын жазады

Жанрын сақтайды

Сауатты жазады.

Қызығушылығын арттыру:

«Ішкі, сыртқы шеңбер» әдісі арқылы талқылау

Сұрақ: әлем әдебиетінде «Абай жолы» туындысына ұқсас шығарма бар ма? Бар болса қай шығармамен салыстыра аламыз?

Әр 1 минут сайын шеңберлер қарама қарсы бағытта ауыса отырып, кезекпен сөйлеп, сұрақ төңірегінде өз жауаптарымен бөліседі.

Ой қозғау:

Сын деген не? Әдеби сын деген не? (оқушы пікірлері тыңдалады)

Мұғалім тарапынан толықтыру енгізуге болады.

Әдеби сын – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық-көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының бір саласы.

Жеке жұмыс:

«Абай жолы» роман - эпопеясындағы қазақ әйелдерін бейнелеудегі автордың суреткерлік шеберлігіне өз көзқарасыңызды білдіріп, әлем әдебиеті шығармаларындағы әйелдер образымен салыстыра талдап, сыни мақала жазыңыз.

Бағалау, кері байланыс:

«Галереяда ой шарлау» стратегиясы

Оқушылар өзіндік сыни пікірлерін жұбымен алмасып оқиды. Бағалау критерийлеріне сүйеніп, өзара бағалау жүргізеді. Бағалаудан соң сынып жұмыстарын «Галереяға» іледі. Бәрі бір-бірінің жұмысымен танысып, астына комментарий жазып кетеді.

«Галереяда ой шарлау» аяқталған соң, әркім өз жұмысын қайта алады. Жұмысына жазылған комментарийлерді оқып, келісетін/келіспейтінін топта ауызша айтып, өзін-өзі бағалайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу