Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


1-тапсырма ЖЖ.

Төмендегі деректерді оқып танысып, жұбыңызбен ой бөлісіңіз.

https://fs00.infourok.ru/images/doc/102/120605/img3.jpg

Эпопея (грек. epopoiia – тудыру, жазу) – эпостық шығарманың бір түрі; «эпоха», яғни дәуір деген ұғымды білдіреді. Белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде суреттейтін, бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырып арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын поэзиялық не прозалық кесек туынды. Кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылып, осының бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетіледі. Эпопеяға тән ортақ қасиет – тарихи тақырыптың терең әлеуметтік идея арнасында баяндалуы, оқиғаның реалистікпен суреттелуі, кейіпкер сипатының байсалды түрде даралануы, тіл нәрлілігі.

«Абай жолының» роман-эпопеяға тән ерекшеліктері:

  • Композициясының кең ауқымдылығы:

Роман-эпопеяның басты кейіпкері – Абай; эпопея

4 кітаптан, 27 тараудан тұрады; әр тарау жеке сюжеттерден тұратын оқиғаларды қамтиды;

  • Жалпыхалықтық оқиғаларды жеке адам басындағы жағдаяттар арқылы беру;
  • Образдар жүйесі;
  • Отбасылық-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, философиялық, тарихи оқиғаларды қамтуы;
  • Қазақ халқының ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы өмірін суреттеуі;
  • Барлық көріністерде қоғамның барлық әлеуметтік топтарының әртүрлі сипатта бейнеленуі;
  • Шығарма негізінде сол уақыттың тарихи үрдістер бейнеленетін оқиғалардың болуы;
  • 19 ғасырдағы халық өмірінің реалистік суреттері, ұлттық құндылықтар мен ағарушылық туралы автордың философиялық ой-пікірлері;
  • Жеке тұлғаның тарихтағы рөлі;
  • Кейіпкердің мінез-құлқының қалыптасуына қоршаған ортаның ықпалы т.б.

«Абай жолы» роман-эпопеясы туралы не білесіз?

М.О.Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген атау бермек болған. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман 3 кітаптан құралмақшы еді. Алайда жұмыс барысында шеңбері кеңейе түсті. М.Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», одан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» романын жазды.

1-кітабы 1942 жылы; 2-кітабы 1947 жылы; 3-кітабы 1952 жылы; 4-кітабы 1956 жылы жарыққа шықты.

«Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып жарық көрді.

І том

ІІ том

ІІІ том

ІҮ том

  • Қайтқанда
  • Қат-қабатта
  • Жолда
  • Шытырманда
  • Бел- белесте
  • Өрде
  • 7. Қияда
  • Тайғақта
  • Жайлауда
  • Еңісте
  • Оқапта
  • Асуда
  • Тарауда
  • 8. Биікте
  • Эпилог

Түсініктер

  • Абай аға
  • Кек жолында
  • Қарашығың
  • Өкініште
  • Қақтығыста
  • 6. Қоршауда
  • Түн- түнекте
  • Құз-қияда
  • Қапада
  • Қастықта
  • Шайқаста
  • 6.Жұтта

2апсырма ТЖ.

1-қадам.

«Автордың роман-эпопеяны Қодар мен Қамқа оқиғасынан бастауының сыры неде?» деген сұрақты шығарма желісіне сүйене отырып, топта талқылап, жауаптарыңызды ВЕНН диаграммасының 1-шеңберіне жазыңыздар.

Қодар мен Қамқа оқиғасы

2-тапсырма. Ж.

Төмендегі ғалымдардың зерттеу еңбегінен үзінділерді оқып танысыңыз. Соңына өз ойтүйініңізді жазып қойыңыз.

... Жас жүрегі саусағын жайып, аңсары ауған, сағынған даласының самалына төсін тосып, алып ұшып келген он үш жасар ұланның алдынан қазылған аран – Қодар құлаған құз. Әуелгі тәтті сағыныштың орнына «жүрегіне қан төгілді». Бұл шыңырау – Мұхтар ұстанған философиялық әлеуметтік, көркемдік тұтқа. Қодар-Қамқа оқиғасы – сол көркем коллизия. Жартасқа барып, күнде айғай салып, жаңғырықтан басқа түк естімей түңілген ұлы Абайдың көшпелі тіршіліктен алғаш рет сескенуі. Шошынуы. Сол шыңырауда жаны шырылдап жүріп өзі үшін шығар жолды іздеуі. Абай шыңыраудың түбіне құламайды. Ол бірінші романның соңында сол тіршілік коллизиясынан - шыңыраудан құтылып «қияға» қадам басады. Шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған».

Сол шыңға шығу үшін де өмір құзынан Қодардың құлауы қажет еді.

Шығарманың көркемдік стилін, интонациясын, жалпы парасат жолын, әлеуметтік, психологиялық желісін анықтайтын кілтипанның кілті бұл.

Қодар-Қамқа трагедиясы арқылы көшпелі өмірді аңсап келген және соны өмір сүрудің ең сыйымды тәсілі ретінде сезінген, сенген ұланның бетін теріс қаратады. Енді ол сол қоғамның құбылысына қарсыласып, өмір сүреді. Құзға итерген өзге емес, әкесі. Шыңырау – зындан әке мен баланың арасында. Жай қайшылық емес – бітіспейтін қасарысу, қастандық емес – қатыгездікпен қарсыласу. Олар жақындаған сайын бір-бірін кері итереді, бір-бірін жоққа шығарады.

Бұл арада Мұхтар өмірлік шындықтан гөрі, дәуір шындығына жүгінген.

Көркем шығарма белгілі мөлшерде әрбір оқиға, қоғамдық құрылысқа деген көзқарастардың тоғысын білдіргенімен де, онда адамның жан дүниесін шарпитын, өзегін өртейтін өзгеше психологиялық қопарғыш керек. Міне, Қодар-Қамқа трагедиясы сол жарылғыш заттың да міндетін атқарды.

Тұрсын Жұртбай

... Бұл ретте менің Абайды оқудан қайтқан беттегі он үш жасар кезінен бастап алуымда үлкен себеп бар: оның дүние тануындағы, адамдық, ақындық қалыптасуындағы өзгерістерді көрсетпек едім. Үлкен жүректің өршіл таланттың тұлғасын суреттеп беру үшін бұл жай өте керек. Абай аулына келе жатқан бетте оның көзіне іліккеннін, бәрі: дала желі де, даланың жусан шөбі де, оның жұпар иісі де бала жанын өзгеше жылылыққа бөлеп, бұл даланы өзінше ұғынып, сүйіп келе жатады. Міне, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып табылды.

Мұхтар Әуезов

Менің пікірім:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. «Бұрыш» стратегиясы Ж.

1-бұрыш

«Мұхтар өмірлік шындықтан гөрі, дәуір шындығына жүгінген» /Т.Жұртбаев/, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып табылды /М.Әуезов/. деген ғалымдар айтқан пікірмен келісемін, өйткені...

2-бұрыш

«Мұхтар өмірлік шындықтан гөрі, дәуір шындығына жүгінген» /Т.Жұртбаев/, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып табылды /М.Әуезов/ деген ғалымдар айтқан пікірге басқаша дәлелім бар, себебі ...

3-бұрыш

«Мұхтар өмірлік шындықтан гөрі, дәуір шындығына жүгінген» /Т.Жұртбаев/, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып табылды /М.Әуезов/. деген ғалымдар айтқан пікірдерге келісетін де, келісе алмайтын дәлелім да бар...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу