М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні:Турлыбекова С

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны: 22

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.2.2.1 автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау

 Сабақтың мақсаты

Автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындайды.

 Бағалау критерийлері

  • өмірмен байланыстырады;
  • автор позициясын,көтерген мәселесін айқындайды.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Жұпта, топта жұмыс жасау арқылы құрмет, ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

АКТ қолдану дағдылары

Power Point бағдарламасы арқылы жасалған презентация, интерактивті тақта арқылы жұмыс жасалады.

Осыған дейін меңгерілген білім

әдеби шығарманың композициясын жанрлық ерекшеліктерін айқындап, уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау

Жоспар

Жоспар-

ланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі.

«Желпуіш» әдісі арқылы жүргізіледі.

Мұғалім оқушыларға қиықша қағаздар таратады да, бүгінгі сабаққа позитивті 2 тілек жазуларын тапсырады. Кейін бұл қағаздарды төртке бүктеп, қоржынға салады. Шетінен бастап бір-бірлеп суырып, оқиды

Үй тапсырмасы пысықталады.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері талқыланады.

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану кезеңі

Топтық жұмыс.

«Бұрыштар» әдісі.

1–қадам: Санамалау арқылы оқушыларды 4 топқа біріктіу.

1-топ: «Келісемін»

2 – топ «Келіспеймін»

3 – топ «Толық келісемін»

4 – топ «Толық келіспеймін»

Шарты: топтар осы көзқарасты қорғап шығуы тиіс.

2–қадам: «Абай жолы» романының «Қат-қабатта» тарауы бойынша талқылау жасау.

«Жер ашуы – жан ашуы» өз көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

3–қадам: Өз көзқарастарын қорғау үшін әзірленетін мәліметті дайындау үшін уақыт береді. (3 - 4 аргумент жеткілікті)

4-қадам: Әр топ әр аргументті оқиды.

(Олар келіссе «Келісемін», келіспесе «Келіспеймін», толық келіссе «Толық келісемін», толық келіспесе «Толық келіспеймін» делінетін көзқарас қорғалған топқа, орынға барып, топ мүшелерінің санын көбейтсе, сол пікір құнды пікір болып табылады.)

Дескриптор:

  • талқылау жасайды;
  • көзқарасын білдіреді;
  • дәлелді сөйлейді.

Топта бірін-бірі бағалайды,мұғалімнің кері байланысы беріледі.

Т.«Әдеби шеңбер» стратегиясы

Талқы себепшісі – шығарма мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады. (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы, т.б. бойынша)

Белгілеуші – шығармадағы қай іс-әрекет ең маңызды екенін дәлелдейді.

Байланыстырушы – шығарма оқиғасын өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.

Рөлдер бойынша бірігіп, бір- бірінің жұмысын тексереді, өзара талқылайды.

Дескриптор:

  • сұрақ құрастырады;
  • маңызды іс-әрекетті анықтайды;
  • өмірмен байланыстырады;
  • автор позициясын,көтерген мәселесін айқындайды.

Өзара бағалау жасайды.

Кері байланыс «Бір тілек!»

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«3-2-1» әдісі

3 маңызды ақпарат

2 қызықты ақпарат

1 түсініксіз болған жайт

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларды қолдау үшін мақтап, мадақтаймын, қолайлы орта туғызамын. Қабілетті оқушылар жұптық, топтық жұмыстарда өз көшбасшылығын танытады, білімімен бөліседі.

Оқушының өзін-өзі бағалауы жүзеге асады. Мұғалім кері байланысы, оқушы рефлексиясы орын алады.

Тарих, әдебиет теориясы пәндерімен байланыс орнайды. Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады. Жауапты азаматтық позиция, құрмет, ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу