М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.


Берілген үзінділерден көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын табыңдар.

1.Оразбай тағы асқындай түсіп айып тіледі... Жасыра түсіп жалтара сөйледі... Ақыра зекіп айдап салды... Күңгірт сөзін күмілжіп аяқтады... Тайдай тарлан талып түсті... Қаптай келіп қайғы қосты... Өжет топты өлердей жазғырып... Талай жанды таң қылған, ойда жоқ оқыс іс болды... Екшеліп шығып екпіндей қуатын, айнымас топтар айқынданып қалды... Енді соңғы үмітін соған артып, қалың ел қауырт жүретін... Күз аспаны күңгірт, айнымалы ала бұлт... Тұтқында томаға астында, алмас жүзі ашаң тартқан; қызыл балақ қыран еске түсті.

2. Қызықты, қызуды, қыздырманы ғана айтатын күлкіші, сауықшыл Барлас емес... Базаралы көңілін алаң етерлік оның ынтық, ынтызар сөзі... Абай өзінің сүйіп-сүйсініп берілетін еңбегінің соңында... Барлық күтуші қызметші атаулының баршасы тамашалап қарап қалысты... Көкшенің қарт-қариясы Қаратайдікіне келген.

3. «Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән сан саналы жырлар көшіріліп жатталып, әуендеп толқып тарап жатты». «Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, көшіріліп әуендеп толқып Ералыға жетті. Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән көшіріліп жатталып Мұхаметжан әуенімен Ұлжан аулына жеткен еді... Ақшоқыда туған ән жатталып, сол күндердің кешінде ұйқысыз жатқан Құнанбайдың құлағына жетті... Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, әуенге қосылып, кең атырапқа тарап жатты».

4. Таң атқанда жел басылып, жауа бораған боран айығыпты. Алыстағы ақ белден жаңа көрінген күн қып-қызыл екен. Қысылып, қиналып шыққандай (Абай, I)

5. Сол сияқты, самауыр да "кіріп келеді", «бусана тыныс : ... екі иіндеріненбусана түсіптыныс алған сары самауырлар кірді. Кірді де, бар қонақтыңкүйін келістіріп, көңілін тапты (Абай, I).

6. Құнанбай өзінің кәрілік оңашалығында осындай бір орынды өзі де көксейтін... Жұқалау, қып-қызыл еріндері мінсіз, кінәсіз тазалықпен тыныс алады... Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі - барлығы да соншалық таныс, жақын... Қыздар кіргенде, Әбіш скрипкасын тоқтатып, жаңа келген сыпайы топқа тәрбиелі ілтипат білдірді... Смирнов подполковник чиніндегі ісшіл, ширақ адам болатын.

7. Керенау кердең, бір керім... Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез... Шалықтап, шалқып, шашпай ма... Сендіре алмай, сене алмай сенделеді... Есер, есірік болмасаң.

2-тапсырма. Ж Кестемен жұмыс.

Үзіндідегі ерекше сөз қолданысы

Жазушының тіл шеберлігі

Жазушының стилін бағалау

теңеу

метафора

қайталау

эпитет

метонимия

кейіптеу

Дескриптор:

  • ерекше сөз қолданысын анықтайды;
  • жазушының тіл шеберлігін талдайды;
  • стилін бағалайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу