М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні:Турлыбекова С

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны: 22

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

11.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтау

 Сабақтың мақсаты

Көркемдегіш құралдардың көмегімен автордың стилін анықтайды.

 Бағалау критерийлері

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды табады;

Автордың стилін анықтайды.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Жұпта, топта жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық, академиялық әділдік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы,әдебиет теориясы

АКТ қолдану дағдылары

Power Point бағдарламасы арқылы жасалған презентация, интерактивті тақта арқылы жұмыс жасалады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспар-

ланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту кезеңі.

«Өміріңнің бақытты сәттері» жаттығуы

Мақсаты: Өткенді еске алғыза отырып, бойларындағы жағымды эмоцияларды сезіндіру, өздерін сергек сезінуге жағдай жасау.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері талқыланады.

Сабақтың ортасы

30 минут

Мағынаны тану кезеңі

Ж/ЖЖ/Т «Пікірге-пікір» білдіріңіздер.

“Осы шығарманы қолыңа алған сайын , оның әрбір жолын оқыған сайын көкірегіңе өз елің үшін, өз халқың үшін мақтаны сезімі оянады. Мұхтардың кемеңгерлігіне де, көрегендігіне де тәнті боласың, өзіміздің алуан қырлы төлтума мәдениетімізді әлемдік өркениеттің ажырамас бөлігіне балап, “жоқ, менің халқым ешкімнен де кем емес , менің халқым ұлы халық ”деген жүрекжарды сөзіне тебіренесің. Ұлы ақын жайлы эпопеяның өн бойына өрілген ұлағат қазақтың мынау зеңгір аспан астында өмір сүріп жатқан еш пендеден кем емес екенін шүбәсіз иландырады. Сөйтіп, өткенімізге мұқият зер сала қарауға ұмсындырады, тындырған ісіңді ұлы бабаларымыз ісінің таразысына тартуға ұмтылдырады. өз затыңды , туа бітті табиғатыңды пайымдатпай қоймайды. Ендеше, Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі, Абай жолы – біздің әдеби шығармаларымыздың шынары демегенде не дейсіз ” Н.Ә.Назарбаев

Кері байланыс «Бір жұлдыз!»

Топтық жұмыс. Берілген үзінділерден көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын табу тапсырылады.

Оқушыларға көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдары жайлы түсінік беріледі.

1.Оразбай тағы асқындай түсіп айып тіледі... Жасыра түсіп жалтара сөйледі... Ақыра зекіп айдап салды... Күңгірт сөзін күмілжіп аяқтады... Тайдай тарлан талып түсті... Қаптай келіп қайғы қосты... Өжет топты өлердей жазғырып... Талай жанды таң қылған, ойда жоқ оқыс іс болды... Екшеліп шығып екпіндей қуатын, айнымас топтар айқынданып қалды... Енді соңғы үмітін соған артып, қалың ел қауырт жүретін... Күз аспаны күңгірт, айнымалы ала бұлт... Тұтқында томаға астында, алмас жүзі ашаң тартқан; қызыл балақ қыран еске түсті.

2. Қызықты, қызуды, қыздырманы ғана айтатын күлкіші, сауықшыл Барлас емес... Базаралы көңілін алаң етерлік оның ынтық, ынтызар сөзі... Абай өзінің сүйіп-сүйсініп берілетін еңбегінің соңында... Барлық күтуші қызметші атаулының баршасы тамашалап қарап қалысты... Көкшенің қарт-қариясы Қаратайдікіне келген.

3. «Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән сан саналы жырлар көшіріліп жатталып, әуендеп толқып тарап жатты». «Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, көшіріліп әуендеп толқып Ералыға жетті. Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән көшіріліп жатталып Мұхаметжан әуенімен Ұлжан аулына жеткен еді... Ақшоқыда туған ән жатталып, сол күндердің кешінде ұйқысыз жатқан Құнанбайдың құлағына жетті... Ақшоқыда туған өлең, өлең мен ән жатталып, әуенге қосылып, кең атырапқа тарап жатты».

4. Таң атқанда жел басылып, жауа бораған боран айығыпты. Алыстағы ақ белден жаңа көрінген күн қып-қызыл екен. Қысылып, қиналып шыққандай (Абай, I)

5. Сол сияқты, самауыр да "кіріп келеді", «бусана тыныс : ... екі иіндеріненбусана түсіптыныс алған сары самауырлар кірді. Кірді де, бар қонақтыңкүйін келістіріп, көңілін тапты (Абай, I).

6. Құнанбай өзінің кәрілік оңашалығында осындай бір орынды өзі де көксейтін... Жұқалау, қып-қызыл еріндері мінсіз, кінәсіз тазалықпен тыныс алады... Анау көрініп тұрған төскейдің сай-саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі - барлығы да соншалық таныс, жақын... Қыздар кіргенде, Әбіш скрипкасын тоқтатып, жаңа келген сыпайы топқа тәрбиелі ілтипат білдірді... Смирнов подполковник чиніндегі ісшіл, ширақ адам болатын.

7. Керенау кердең, бір керім... Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез... Шалықтап, шалқып, шашпай ма... Сендіре алмай, сене алмай сенделеді... Есер, есірік болмасаң.

«Айналмалы бекеттер» әдісімен жұмыстарын толықтырады әрі топаралық бағалау жасалады.

2-тапсырма. Ж Кестемен жұмыс.

Үзіндідегі ерекше сөз қолданысы

Жазушының тіл шеберлігі

Жазушының стилін бағалау

теңеу

метафора

қайталау

эпитет

метонимия

кейіптеу

Дескриптор

  • ерекше сөз қолданысын анықтайды;
  • жазушының тіл шеберлігін талдайды;
  • стилін бағалайды.

Жұптық бағалау жасалып,мұғалімнің кері байланысы беріледі.

Үзінді

Кесте

дескриптор

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мен қай баспалдақтамын?

Жаттығудың  мақсаты: қатысушыларға өзін-өзі адекватты бағалауға көмектесу. Қатысушыларға 10 саты бар баспалдақ салынған суреттің бланкісі үлестіріледі.

Нұсқаулық: «Өзіңізді қазір қандай баспалдақта екеніңізді салып көрсетіңіз».

Барлығы сурет салуды аяқтағаннан кейін, жүргізуші осы әдістеменің кілтін хабарлайды:

- 1-4 баспалдақтар – өзін-өзі бағалауы төмен,

- 5-7 баспалдақтар - өзін-өзі бағалауы адекватты,

- 8-10 баспалдақтар - өзін-өзі бағалауы жоғары.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушыларды қолдау үшін мақтап, мадақтаймын, қолайлы орта туғызамын. Қабілетті оқушылар жұптық, топтық жұмыстарда өз көшбасшылығын танытады, білімімен бөліседі.

Оқушының өзін-өзі бағалауы жүзеге асады. Мұғалім кері байланысы, оқушы рефлексиясы орын алады.

Тарих, әдебиет теориясы пәндерімен байланыс орнайды. Қауіпсіздік ережелері әрдайым сақталады. Жауапты азаматтық позиция, құрмет, ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу