Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ғасырлық туынды

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Смагулова Р.А.

Сынып: 11 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Сынып: 11 Т1

Сабақтың тақырыбы

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Оқу бағдарламасына сілтеме

Түсіну және жауап беру

1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

Сабақтың мақсаты

11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырып, шығармашылық жұмыстарда қолдану

Бағалау критерийлері

  • әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады;
  • шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды;

Тілдік мақсаттар

Романдағы көркемдегіш тәсілдерді табу, тарихи шындықпен байланыстыру.

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Азаматтық позиция, құрмет, еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру.

Оқушыларды шығарма кейіпкерлерінің аттары бойынша топқа бөлу:

1-топ - Құнанбай, Қарабас, Бөжей, Сүйіндік, Тәкежан, Абай, Байтас, Жұмабай, Оспан, Майбасар, Қодар.

2-топ - Зере, Ұлжан, Айғыз, Күңке, Тоғжан, Ділдә, Әйгерім, Қамқа, Иіс, Қалиқа, Салтанат, Таңшолпан.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары хабарланады.

Сабақтың ортасы

12 минут

3 минут

12 минут

5 минут

Мағынасын ашу

Ж/Ж

Оқушыларға «Шытырманда» тарауынан үзінді беріледі.(136-бет) /дифференциация/

 Күнкенің аулына Абай келісімен, Құнанбай мұны Құлыншақ аулына жұмсады. Әкесінің Құлыншаққа айтатын сөздерін Абай ұғынып ап тысқа шыққанда, мұнымен бірге барғалы Қарабас әзір тұр екен.

 Құлыншақ аулы алыс емес болатын. Қарашоқының күнбатыс жағы, бұрынғы Қодар қыстауының арғы жапсары Торғай руына тиісті. Құлыншақ – сол Торғайдың басты кісісінің бірі.

Қарашоқыны бөктерлеп, Аймандай аттың жол жорғасымен жүріп отырып Абай:

-Шыңғыстың бөктері тегіс көктепті-ау! – деп, айналаға көз жіберіп келе жатты.

Аласа алкүрең бетеге даланы да, бөктер, беткейді де тегіс көгертіп, жасарта бастаған. Бірақ аспан ашық емес.

-Жалғыз-ақ, осы бір суық жел мен бұлт айықпайды екен! – деді.

Екі-үш күннен бері бұл өңірде күн бұлыңғыр болған. Және қыстың соңғы салқын тынысы сияқтанып бір суық жел білінуші еді.

-Е, сәуір жаңа туды ғой. Сәуірдің басы осылай бұлтты суық болатын әдеті ғой! – деп, Қарабас қыстүгіні қар болатынын айтқандай, мерзім айтты.

-Неге? Сәуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? Жылда бүйтед деймісің?

-Жылда сүйтеді. Сәуірді, осы, жұлдызша не дейді?

-Апрель дейді.

-Ендеше, сол апрелің осы. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп, бұрынғылар текке айтпаған. Сәуірдің басындағы суық бітпей, жаз шықпайды дегені, - деп, Қарабас Абайға ай-айдың мәнін айта бастады.

 Бұл жөнде Қарабас атшабарда Абай сезбей жүрген көп білім бар екен. Сәуір – бұл айдың арапша аты. Қазақша – мамыр. Одан соң маусым... Абай қазақша ай атының бәрін сұрап, қайта-қайта қайырып жаттап алды.

 Бірақ сәуір турасындағы жаңағы сөзді алғаш есіткені осы еді. Жазға салымның ең жайсыз кезін әнеугүні әжесі «отамалы» деп атап еді.

-Осы «отамалы» немене? Не деген сөз өзі? – деп, Абай соны сұрады.

-Отамалы көкек айының он бірінде кіріп, он жетісінде шығады. Желсіз, борансыз өтпейді. Қыстың ең соңғы зәрі сонда. Отамалы деп атағаны сол бір байдың Отамалы деген қойшысы болған екен. Сол бақыр күн қайырады екен-ау! Көкектің суығы басталған уақытта, әлгі: «Қойды жайылысқа шығармайық, боран болады. Қойдың қыстан титықтап шыққан кезі, малыңнан айрыласың», десе, байы бір діні қатты кәпір екен: «Сен тоғышарлық қып алдап отырсың» - деп, Отамалыны сабап-сабап, қойды жайылысқа шығартады. Сол күні, Құдай көрсетпесін, бір қатты боран басталып, тақ үш күн, үш түн соғып, бар қой ығып кетіп қырылыпты да, қойдан қалмаймын деп, Отамалы бақыр да үсіп өліпті. Көкектің суығы – «отамалы» атанғаны содан дейді. Әжең бақыр соны біледі ғой, - деді Қарабас.

Осыдан соң: «Айдың тоғамы» деген не?, «Өліраның» не мәні бар?, «Қыркүйек» неден қойылған? Абай осыларды да сұрастырып, көп қызық әңгімелер есітті. Аздан соң есепшілер жайын, есепшінің тәжірибесін де сұрастырып:

-Күн қайырып, есеп айтуға өзің қалайсың? – деді, жаңағының бәрін біліп, бәрін жақсы әңгіме еткен Қарабас есепшіден аман емес шығар деп ойлап еді Абай.

 Қарабас күліп:

-«Күнәң аз болса, күн есепте!» дейді екен осы күнде молда, қожа. Бірақ қолдан келсе, есепші болған жақсы-ақ қой. Мен құнт қылмай, құр қалып жүрмін. Болмаса, есепшілердің айтқаны аумай келетін жылдар болады, - деді.

 Бірқатар жол жүріп кеп, екі салт атты Қодар қорасының тұсына жетті.

Тапсырма. «Сандықшадағы сұрақтар»///

•Оқушылар берілген үзіндіні жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс.

•Оқып болған соң әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады.

•Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады.

•Мәтінді тағы бір жылдам оқып шығуы керек.

•Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.

Дескриптор:

- Үзінді мазмұны бойынша қиын сұрақ құрастыра алады;

- Сұраққа толық жауап бере отырып, қиындық деңгейін анықтай алады.

Бағалау.

Мұғалімнің бағалауы

2-тапсырма.

Берілген екі үзіндіден ұлттық мүдде тұрғысынан көтерілген мәселелерді анықтап, авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды, көркемдегіш тәсілдерді табады.

М.Әуезов «Абай жолы»

Үзіндідегі ұлттық мүдде тұрғысынан көтерілген мәселелердің өмір шындығымен байланысы

Үзіндідегі

көркемдегіш тәсілдер

 Сырттап бара жатқан Тоғжанның арттан көрінген мүсіні де өзгеше екен. Атқа отырысының өзінде де бір нәзік-еркелік пен соншалық биязылық, мықтылық та бар сияқты. Жылтырап өрілген жуан бұрымдарының ұшында үлкен шолпы ырғала түсіп, шылдырап барады. Сонау сағынышты көктемде көңіл өртеген, одан бері де көзін жұмса әрдайым құлағына шылдырлай түсіп, сылдыр етіп: «Есіңде бармын ба!» деп кететін осы шолпының осы үні.

 Өзгеше көрініс, лезде бұлт сөгіліп, сұлу айды жарқ еткізгендей болды. Абайды естен тандыра биледі де, өзгеше бір нұр шұғыласына бас идіргендей боп кетті. Бірақ бұл сезім бір ғана сәт еді. Осымен қабат, жас жігіт көңіліне, тағы талай алай-түлей ұйтқып кеп, бір өзгеше жүрек құйынын соқтырғандай болды.

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»

Есенейдің бүгінгі көрген бой жеткен қызы сол – Ұлпан. Бұдан он үш жыл бұрын көрген бала қыз әлдеқашан есінен шығып кеткен еді. Енді, міне, бүгінгі батылдығымен, бала кезіндегі еркелігімен, мақпал қара меңімен көз алдында тұрды да қалды. Ерке болушы еді, ығыспай сөйлейтін қыз болыпты-ау!.. Зейінді, зерделі боларсың деп ойлап кетіп еді, ойлағаны келген де қойған. Ұтқызбай кетті ғой!..

Шымыр денелі, сұңғақ бойлы қыз болыпты, ә? Қара меңі де өсті ме екен? Әлде сол көйлек түймесіндей болып аппақ жаялығында жабысып тұр ма екен? Жоқ, мең өспесе керек... Әттең, мақпал қара мең сол жақ бетінде миығына таман тұрар ма еді!..

... Бала кезінде еріндері қып-қызыл, саусақтары салалы, көзі отты болушы еді. Байғұс бала қорасанға ұшырамаған екен, әйтеуір,,,

... Мінезі шешесіне тартса, ақжарқын, ашық, ақкөңіл болар. Ол бір таптырмайтын мінез ғой. Өзіне сәукеле қандай жарасар еді!

Дескриптор:

  • көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады;
  • авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды;
  • көркемдегіш тәсілдерді табады.

Топтық жұмысты қорғау.

Бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды.

Презентация

М.Әуезов «Абай жолы»

1-кітап

М.Әуезов «Абай жолы»

1-кітап

(Бел-белесте)

http://doc.nlrk.kz/result/ebook_1016/#ps

Ғ.Мүсірепов «Ұлпан»

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

  • Әйелдер бейнесі арқылы өмір шындығын анықтауға бола ма?Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы. 1-кітабын аяқтау

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлау.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс.

Ынтымақтастық, азаматтық позиция, құрмет құндылықтары көзделеді.

Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, тақтадағы ақпаратты жақсы көру үшін ыңғайлы отырғызу т.б.

Интерактивті тақта қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар ынтымақтастық, азаматтық позиция, құрмет құндылықтарының маңызына көңіл бөле отырып, М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабындағы ұлттық мүдде тұрғысынан көтерілген мәселелердің өмір шындығымен байланыстыра алды. Оқушылар «Абай жолы» роман-эпопеясы 1-кітабының мазмұнын толық меңгерді, мағынасы түсініксіз сөздерді де игерді.

Тапсырмаларды орындауда топта ынтымақтаса жұмыс жасады. Жеке, топта жасаған жұмыс түрлері де өз нәтижесін көрсетті. Тапсырмаларды орындауда оқушылар уақытты дұрыс пайдалана алды. Сабақ өтуде кейіпкерлер арқылы ұлттық мүдде тұрғысынан көтерілген мәселелердің өмір шындығымен байланыстыруы тиімді болды.

Жалпы баға

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: кейіпкерлер арқылы ұлттық мүдде тұрғысынан көтерілген мәселелердің өмір шындығымен байланыстыруы

2: көркемдегіш тәсілдерді табуы

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: шетел әдебиетімен байланыстыру;

2: Қазақстан тарихынан ұлы тұлғалардың әйелдері жайлы мәліметтерді еске түсірту.

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?

Оқушыларға осындай романдарды бөліп оқыту және оған сабақ кезінде талдау жасау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу