Мұхтар Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғасырлық туынды | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Смагулова Р.А. | |||||||||||||
Сынып: 11 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Сынып: 11 Т1 | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы | |||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Түсіну және жауап беру 1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты | 11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырады; шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды; шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады. | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Романдағы көтерілген мәселелерге түсінік беру | |||||||||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Азаматтық позиция, құрмет, еңбек және шығармашылық | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақстан тарихы, Қазақстан географиясы | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушыларға берілетін тапсырмалар үшін презентация қолданылады. | |||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-кітабы | |||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут 2 минут | Қызығушылығын арттыру. «Миға шабуыл» тәсілі арқылы шығарманың мазмұнын еске түсірту. /дифференциация/ 1. Шәкірт Абайды қаладан алып қайтқалы барған ағайыны – А) Қарабас Ә) Байтас Б) Майбасар В) Жұмағұл 2.Қаладан ауылды аңсап келе жатқан бала шәкірт кім? А) Құнанбай Ә) Абай Б) Оспан В) Смағұл 3.Ұры жататын жыраның аты – А) Буратиген Ә) Көкүйірім Б) Тақырбұлақ В) Есембай 4.«- Қап, мынаның баласы! ... «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келедіау!» - деп кім туралы Жұмабай айтқан? А) Абай Ә) Байтас Б) Оспан В) Тәңірберді 5.Құнанбайдың ақ көк аты – А) Құлагер Ә) Найманкөк Б) Аймаңдай В) Топайкөк 6.Есембайдың жауларының бірі болып, Байтас пен Жұмабайға шапқан кім? А) Есембайдың оң қолы Ә) Абай Б) Есембайдың өзі В) даладағы қойшы 7.Абайдың анасының есімі - А) Күнке Ә) Зере Б) Ұлжан В) Айғыз 8.Айғыз деген кім? А) Құнанбайдың тоқалы Ә) Құнанбайдың қарындасы Б) Құнанбайдың бәйбішесі В) Құнанбайдың қызы 9.Ұлжан отырған жайлаудың аты - А) Есембай Ә) Жидебай Б) Қызылшоқы В) Көлқайнар 10.Телғара деген кім? А) Оспан Ә) Смағұл Б) Тәкежан В) Абай 11.Абайдың әжесі – А) Ұлжан Ә) Айғыз Б) Зере В) Күнке 12.– Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме?- деп ұлынан сұраған кім? А) Абай Ә) Құнанбай Б) Майбасар В) Зере Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері хабарланады. | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут 5 минут 2 минут 10 минут | Мағынасын ашу 1-тапсырма. «Абай» драмасынан үзінді көрсетіледі. Оқушылар бейнебаянды көргеннен соң, мына үзінділерге өз пікірлерін айтады, шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырады: «- Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!.. Жалғыз-ақ өзгені берсе де әкеңнің қаттылығын бермесін!- деп, бетін сипады». «Шын ба? Шын айтты ма? Жоқ әлде Байсалдың қаттылық, аямастық мінезі балаға ауыр тимесін деп, жаны ашығаннан айтты ма? Бөжей не мәнмен мұндай жақсы бата берді! Ойда жоқтан, оп-оңайдан, осындай таудай үлкен сый бола ма?..». Дескриптор:
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап береді: Бөжей батасы мен Зеренің тілегі несімен ұқсас? Абайдың әкеге қарап өсуі дұрыс емес пе? Бөжейдің сыйы Абайға неліктен ерекше әсер берді? Бұдан бұрын Барластан да бата алған Абайдың болашағына батаның әсері бар ма? Дескриптор:
3-тапсырма. Жұптық жұмыс «Сауал сан» /дифференциация/ Оқушыларға сандар беріледі, мұғалім сол сол санға қатысты тараулар бойынша сұрақтар қояды. Оқушылар жұбымен бір-бірін толықтырып жауап береді, романдағы көтерілген мәселелерді табады, ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, қазіргі өмірмен байланыстырады. Сұрақтар:
Дескриптор:
Бағалау. «3+2+1» | Презентация | ||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс.
Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқу | |||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Бөліп оқыту сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. Топтағы оқушылардың жеке қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырманы саралап (дифференциация) даярлау. | Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын. | Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерімен пәнаралық байланыс. Ынтымақтастық, азаматтық позиция, құрмет құндылықтары көзделеді. Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлінеді: партада дұрыс отыру, тақтадағы ақпаратты жақсы көру үшін ыңғайлы отырғызу т.б. Интерактивті тақта қолданылады. | ||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: Кейіпкерлердің мінез-құлқын салыстырып, талдау жасауы. 2: Көтерілген ұлттық мәселелерді анықтауға байланысты талқылауы.. Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: Романға ұқсас қазіргі фильмдерден үзінді көрсету.. 2: Қазақстан тарихынан өткен ұқсас тақырыптарды еске түсірту. Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым? Оқушыларға осындай романдарды бөліп оқыту және оған сабақ кезінде талдау жасау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?