Жеңіл атлетика және фитнес. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: № 8 бөлім. Денсаулық және салауатты өмір салты | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 10 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Жеңіл атлетика және фитнес | ||||||
Оқу мақсаттары | 10.3.1.1. Салауатты өмір салты мен дене белсенділігіне деген өз көзқарасын түсіндіру және нақтылау | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар:
● Сауатты сөйлеуді, өмір сүруді құру. Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды: Қауіпсіздік, қимыл-қозғалыс дағдылары, физикалық жаттығулар, Денсаулық, психикалық, әлеуметтік ынтымақтастық, команда, қиындықтарды жеңу. Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сыйластық, адалдық, жауапкершілік, ынтымақтастық, командалық рух, командалық жұмыста өзара көмек көрсету арқылы құндылықтарды дарыту. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | "Орыс тілі" пәнімен, сабақта оқыған дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы бойынша оқушылардың материалын баяндау арқылы байланыс. Адам денсаулығы үшін дене жаттығуларының маңызы туралы айта білу. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қауіпсіздік техникасы және дені сау адамның негізгі белгілері бойынша презентацияны қолдану | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау туралы кейбір түсініктерді үйренді. Денсаулықтың пайдасын түсініп, салауаттылықтың маңызын өзгеге түсіндіре біледі. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы денсаулықты нығайтады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-10 минут | Оқушылармен сәлемдесу. Көңіл күйлеріне мән беру. Шеңбер бойына тұрып, ашық сұрақ-жауап арқылы денсаулыққа қатысты түсініктерін кеңейту.
Мұғалім оқушыларға ашық сұрақтар қояды, оқушылардың жауабын мұғалім стикерлер немесе түрлі смайликтерді жабыстыру арқылы бағалап отырады. Содан кейін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады. Оқушылар бірлесіп, қыздырыну жаттығуларын орындайды.
Жаттығуларды орындап болғаннан кейін, оқушыларға тақырыпқа сай, тапсырмалар беріледі. Оқушылар іс-әрекеттермен танысып, топта бірлесіп жұмыс жасауға кіріседі. | Үлкен бос кеңістік, мұғалім үшін ысқырық | |||||
Сабақтың ортасы 10-20 минут 20-35 минут | 1. Оқшыларды тең екі топқа бөлу. Осы екі топ жеңіл атлетикалық жарыс түрлерінен жарыстыру. Бірінші топ тапсырманы орындағанда, екінші топ төрешілік жасайды. Мысалы, үшсайыс: 100м жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, граната лақтыру. Жарысты өткізгеннен кейін оқушылар жарысты талдайды. Топтар өз-өздерін, өзгелерді бағалайды. Сұраңыз: Өткен сабақтарда қолданған жалпы дамыту және арнайы жаттығулар жарыс кезінде қалай көмектесті? Оқушылардың нәтижеліктеріне қалай әсер етті? Қимыл-қозғалыс ойыны «Әуедегі нысана»Оқушылар үлкен шеңберге тұрады. Олардың қолдарында теннис доптары болады. Мұғалім белгі бойынша волейбол добын жоғары лақтырады, ал ойыншылар кезек ретімен теннис добын ұшып бара жатқан нысанаға тигізуге тырысады. Нысанаға тигізген әр ойыншыға ұпай беріледі. 8-10 мүмкіндікте көп ұпай жинаған жеңіске жетеді. Сұраңыз: Бұл ойында сіздердің қандай дағдыларыңыз қалыптасты? Лақтырудың алыстығы екпін алуға байланысты ма? | Үлкен, еркін кеңістік, жалау, секундомер, ысқырық, граната Интернет ресурсына сілтеме: http://www.studfiles.ru/preview/6211824/page:6/
Үлкен, бос кеңістік ойын алаңы. Теннис доптары (немесе кішкентай резеңке доптар), 6-8 волейбол доптары. | |||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия. Талқылаулар арқылы ойындардағы әріптестік ынтымақтастықтың пайдасы мен белсенді қызметтен денсаулық үшін әлеуетті пайданы қарастырыңыз. Сұраңыз: командада жақсы жұмыс жасадыңыз ба? Дене шынықтыру дайындығының қандай компоненттері осы белсенділікті дамытады? (мысалы, төзімділік, жылдамдық). Топпен жұмыс жасау ұнады ма? Жарысты ұйымдастыру қиынға түсіт ме? | Ашық сұрап-жауаптар Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Дифференциация: - спорттық құралдар мен жабдықтар бойынша; - топтарға бөлу бойынша; - жаттығу кезінде жүктемені бөлу бойынша. | 1. Бақылау әдісі. Бұл әдіс сабақ бойы қолданылады; 2. Өзара бағалау: оқушылар топтарда бір-бірін бағалайды. 3. Тапсырманы немесе іс-әрекетті орындап болғаннан кейін талқылау, кері байланыс жүргізіледі. | Жаттығуларды орындау кезінде және қозғалмалы ойындар кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?