file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Оқушы қазақ халқының тарихын зерттейтін виртуалды 3D тур жасады


Абай облысының оқушысы Нұрәлі Амангелдиев қазақ халқының тарихындағы құқықтық дерек көздерін зерделеу мақсатында виртуалды 3D тур-музейін әзірледі, деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Виртуалды әлемге кірген қонақты дыбысты гид қарсы алып, Қазақстанның әр дәуіріндегі дәстүрлі құқық пен сот жүйесінің қалыптасу жолымен таныса алады. 

3D мұражай 4 бөлімнен тұрады:
Бірінші – «Ежелгі дәуірдегі Қазақстандағы дәстүрлі құқық және сот билігі»
Екінші – «Орта ғасырлардағы сот-құқықтық жүйе»
Үшінші – «Революцияға дейінгі кезеңдер»
Төртінші бөлім - «ҚР Тәуелсіздік жылдарындағы құқықтық және сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» деп аталады.

Оқушының айтуынша, бұл жоба виртуалды кеңістікте қазақ тарихындағы құықтық жүйенің сақ тайпасынан басталып, бүгінге дейінгі қалыптасу жол туралы ақпарат алуға болады. Осы саланы зерттеушілер үшін тиімді тәсіл.

«Виртуалды мұражайдың көмегімен бір нүктеден екінші нүктеге өтуге, алыс жерлерге қарауға, үлкейтуге немесе керісінше кейбір заттарды алыстатуға болады. 3D тур музейі - оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын арттырады, құқықтық тақырыптарды меңгеруге пайдасын тигізеді. Зерттеудің қалыпты әдістеріне қарағанда жаңа формат оқушылардың ізденісін арттырады», – дейді Нұрәлі Амангелдиев.

Виртуалды мұражайдың тағы бір ерекшелігі - есту қабілеті төмен балалар үшін турды түсіндіретін сурдодаудармашы да бар. Оқушы дайындаған бағдарламаны Жазкент кентінің мектеп лицейінің педагогтері құқық негіздері пәнінде қосымша әдістеме ретінде қолданып, оң нәтиже берген. 
Нұрәлі Амангелдиевтің алдағы уақытта VR технологиясының көмегімен жаңа жобаларды жүзеге асырмақшы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу