Ойын кеңістігінде бағыт-бағдар табу дағдысын жетілдіру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс-әрекеттерде шешу.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын кеңістігінде бағыт-бағдар дағдысын жетілдіру.

Оқу мақсаттары

9.2.4.4 Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау және салыстыра білу

 Сабақ мақсаттары

Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау және салыстыра білуді үйрету.

 Бағалау критерийлері

  • ойын кеңістігінде дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру үшін балама түрлерін құрастыра алады;
  • іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалайды және салыстыра алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • шабуыл: финт, соққы, ену, жалтару, алдау
  • қорғау: дербес қорғау
  • пас, беру, доппен және допсыз қозғалу, ұстап қалу.
  • тактика және стратегия
  • команданың ұйымшылдығы, командалық ойын
  • қорғаушылар, жартылай қорғаушылар және шабуылшылар, орталық
  • кеңістікті пайдалану
  • рөлдер: көшбасшы / капитан, талдаушы, орындаушы.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

-Шығармашылықты нығайту

-Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру

-Қазақстанның белсенді азаматтарын дамыту

-Құрмет

-Ынтымақтастық

-Жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді)

 АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету (АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар кезінде алған қозғалыс белсенділігі бойынша тәжірибесі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Сабақ мақсаттарымен таныстыру.

2. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3. Жүгіру: Сағат тіліне қарсы үш айналым жеңіл жүгіріс.

4. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

5. Екі қатарға тұрып қозғалыстағы арнайы жаттығуларын жасау:

- тізені көтеріп жүгіру

- аяқты артқа сермеп жүгіру

- аяқтан аяққа секіріп жүгіру

- қиғаштап жүгіру

- дене артымен жүгіру

- жылдам жүгіру

6. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

7. Жалпы дамыту жаттығулары орында орындалады.

Әрбір іс-әрекет үшін үлкен бос кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш, фишкалар.

Сабақтың ортасы

25 минут

1 тапсырма

(С, Ж, ҚБ) «Допты шеңбер бойынша беру». Сынып топтарға бөлу. Алаңның ортасында диаметрі 12-16м шеңбер сызады. Ойыншылар шенбер бойымен тұрады және 1-2 санаққа саналады. Әрбір команданың бір-біріне жақын тұрған ойыншыларға доптар беріледі. Дыбыс белгісі бойынша әрбір команда допты шеңбер бойынша аяқпен тез арада бере бастайды: бірінші нөмір – сағат тілі бойынша, екіншісі – сағат тіліне қарсы береді. Допты бірінші болып аяқтай алған команда жеңімпаз болады.

Дескриптор:

- командада жұмыс жасау;

- доппен жұмыс орындау.

Бағалау критерийі:

- ойыншылардың өзара әрекеттесу;

- жылдам және дәл пас беру.

2 тапсырма

(Т, С, ҚБ) Сыныпты топтарға бөлу. Оқушылар позицияларда арнайы рөлдерге бейімделу үшін кішкентай «позициялық» топтарда (қорғаушылар, жартылай қорғаушылар және шабуылшылар) жұмыс істейді. Үш ойыншы үш шабуылшы ойыншыларға қарсы қорғаушы ретінде ойнайды. Қорғаушылар шабуылшылардан допты алып қою үшін қарым-қатынаста және позицияны таңдай отырып, бірге ойнайды. Сол тәжірибе шабуылшы немесе жартылай қорғаушы позициялық ойын үшін пайдаланылуы мүмкін. Ойыншылар бірқатар рөлдерге қатысу үшін ойнайтын позицияларды өзгертеді: қорғаушы / шабуылшы, орталық және т.б.

Дескриптор:

- алаң бойынша доппен қозғалу;

- серіктеске пас беру;

- белгілі бір рөлді орындау;

- тактикалық әрекеттерді қолдану.

Бағалау критерийі:

- алаңда доппен еркін қозғалу;

- серіктеске дәл пас беру;

- белгілі бір рөлді тәжірибеде қолданады;

- шабуылды аяқтау.

Үлкен ойын кеңістігі.

Футбол доптары, ысқырық.

Қозғалмалы ойындарға сілтеме:

http://www.igraza.ru/page-3-1-8.html

Әр тапсырма үшін үлкен, еркін кеңістік. Аймақтарда тактикалық ойынға сілтеме:

http://aradevich.blogspot.com/2013/05/7-7.html

Сабақтың соңы

5 минут

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау. Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1. Сабақта мен....... жұмыс жасадым

белсенді / пассивті

2. Сабақ мен үшін .......... көрінді

қысқа / ұзақ

3. Сабақ барысында өз жұмысыма

қанағаттанамын / риза емеспін

4. Сабақта мен

шаршадым / шаршамадым

5. Менің көңіл-күйім

жақсы / нашар

6. Сабақ материалдары маған

пайдалы / жарамсызтүсінікті / түсініксізжеңіл / күрделіқызықты / жоқ

Сұрақ-жауаптар арқылы сабаққа кері байланыс жасау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді
  • Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.
  • Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы
  • Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?
  • Бақылау, тыңдау, сұрақтар.
  • Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу.

Қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

  Белгілер:

С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу