Батыр туса-ел ырысы. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» (үзінді). ІІІ-бөлім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: 1

Бөлім тақырыбы

ІІІ-бөлім: Батыр туса-ел ырысы. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» (үзінді)

Сабақтың түрі

жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О2. Ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар

  • мәтіндердің негізгі мақсатын анықтайды;

Көптеген оқушылар

  • мәтіндердің негізгі мақсатын ашатын мысалдарды келтіреді (ол үшін мәтін мазмұнына детальді үңілуі тиіс);

Кейбір оқушылар

  • тілдік ерекшелігін сақтай отырып, өмірбаян жаза алады.

Бағалау критерийлері

  • өмірбаян жазудың тілдік ерекшелігін ажыратады;
  • мәтін мазмұны бойынша өз тұжырымдарын дәлелдейді;
  • өмірбаян жазады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

белгілі, дүниеге келдім, тәмамдаған, қабылданып, қызмет ету, үлкен өмір.

Пәнаралық байланыс

тарих

Мектеп құндылықтары

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: әлеуметтік бейімдеушілікті және салауатты өмір салтын ұстануды білдіреді. Өз мәдениеті мен тіліне құрмет сияқты, басқа да мәдениеттер мен тілдерге, құқықтарға, адамгершілік пен пікірлердің әртүрлілігіне құрметті қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

3 минут

15 минут

Ұйымдастыру бөлімі.

Оқылымалды тапсырма.

Т

Сынып топтарға бөлінеді. Топтарға Өмірбаян жазу үлгісі туралы мәтін ұсынылады.

1-тапсырма: Мәтін бойынша ментальді карта жасаңыз. Мәтіндегі негізгі мағлұматтарды қамтуға тырысыңыз және жұмыстың қорытындысымен сыныпты таныстырыңыздар.

Жетелеуші сұрақтар:

  • Өмірбаян дегеніміз қандай құжат? Өмірбаянды жазудың қандай маңызды ерекшеліктері бар?
  • Өмірбаян мәтінінің тілдік ерекшелігі туралы не айтар едіңіз?
  • Өмірбаян туралы тағы қандай ақпарат қосар едіңіз? Топтардың таныстырылымына қандай жаңа ақпарат қосасыз?
  • Топтар өмірбаян жазудың үлгісі туралы таныстырылымды қаншалықты сапалы орындай алды?
  • Олар қандай мәліметті ерекше жеткізе алды? Қандай ақпаратты назардан тыс қалдырды? т.б.

Сабақтың ортасы

15 минут

5 минут

Оқылым тапсырмасы.

Ж/ЖЖ/Т

Оқушыларға Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармасының негізгі кейіпкері Бауыржан Момышұлының өмірбаяны және Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасының үзіндісі ұсынылады. Мәтіндер мазмұны бойынша талдау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тақтада тұтастырып тұруға жауапты болады.

2-тапсырма: Мәтіндерді оқыңыз және мәтін мазмұнына талдау жасаңыз.

1-жұп: Мәтіндердің түрі мен типін анықтаңыз және мәтіндерден дәлел келтіріңіз (сөйлеу белгілері: ауызша, жазбаша, тілдік элеметтер: талқылау, аргументтеу, хабарлау т.б. немесе жанры)

2-жұп: Мәтіндердің мақсаты мен мазмұны, аудиториясын анықтаңыздар, мәтіндерден нақты мысал келтіріңіздер.

3-жұп: Мәтіндердің стилін анықтаңыздар, мәтін мазмұнынан мысалдар келтіріңіз.

4-жұп: Мәтіндердің тілі мен баяндалу, жеткізілу формасындағы алшақтықты анықтаңыз.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

Ж

3-тапсырма: Сабақ барысында ұсынылған мәліметтерді пайдалана отырып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз (70-90 сөз).

Бағалау критерийі:

  • өмірбаян жазады;
  • мазмұн жүйелілігін сақтайды.

Қажетті сөздер: белгілі, дүниеге келдім, тәмамдаған, қабылданып, қызмет ету, үлкен өмір.

http://kitap.kz/reader/ushqan_uya (1-7-бет)

Сабақтың соңы Рефлексия

3 минут

Ауызша кері байланыс

  • Бүгін МЕН не үйрендім? Мен тағы нені білуім керек?

Мұғалім жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды ауызша кері байланысқа шақырады.

Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу