Батыр туса-ел ырысы. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» (үзінді). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: 10 | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||
Бөлім тақырыбы | Батыр туса-ел ырысы. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» (үзінді) | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Тілдік бағдарды қалыптастыру | ||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 7.ТБ1.7.Септеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Септеулік шылаулардың қызметін біледі; Оларды ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдана алады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: көзсіз ерлік, өз еркімен, құрсау, мерген, шабуыл, тәртіп сақшысы,абыройлы міндет, кездейсоқ оқиға, қауіп,қаһарман, бейбіт күн, ерлік,майдангер,шайқас,бейбітшілік,қос жұлдыз. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Мен өз ойымды өзгертіп..., Мен бұны өзімше қабылдай отырып,... | ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | АКТ, Тіл білімі | ||||||||||||||||||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Өзін және қоршаған ортаға деген сыйластық; ынтымақтастық; жауапты азаматтық ұстаным; академиялық адалдық; өмір бойы білім алу; ашықтық; | ||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Жазылымда оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану. | ||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың бастапқы кезеңі 3 минут | Ұйымдастыру. Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін таныстыру | ӨД = өзге дерек көздері МЖ = Мұғалім жасаған | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 7 минут 10 минут 10 минут 2 минут | Қызығушылығын ояту Оқушылардың алдарына суреттер мен сөздер таратылады. Берілген сөздерді суреттермен байланыстыра отырып сөйлем құрайды. Сөздердің ішіндегі шылаулар басқа түспен беріледі. .... ҚАЛА... ОҚУ ҮШІН КЕЛДІ. ... МЕКТЕП... ҚАРАЙ АЯҢДАДЫ. ... МҰҒАЛІМ... БІРГЕ САБАҚ... ДАЙЫНДАЛДЫ. ... АНАСЫ... ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ. Құрылған сөйлемдердегі басқа түспен берілген сөздің не өзгешелігі бары оқушылардан сұралады. Өз пікірлерін білдірген соң шылау туралы түсінік беріледі. Мұғалім таныстырылымы: «Қазақ тіліндегі сөз табы -шылау».
Септеулік шылаулар белгілі септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т. б.) мән үстеп тұрады да, оны екінші сөзбен сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Мысалы: Ол қалаға оқу үшін келді. Аян мектепке қарай аяңдады.(Мұғалім нақтырақ түсіндіріп кетеді). Септеулік шылаулар мьналар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, тәрізді, дейін, шейін, қарай, таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін т. б. Олар септеуліктер деп те аталады.Септеулік шылаулар сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады. Біріншісі — түбір я белгілі септік (барыс, шығыс, көмектес) тұлғадағы зат есім, есімдік я заттанған сөздермен (сын есім есімше, тұйық етістік т. б.) тіркесіп келіп, оларды екінші сөзге сабақтастыра байланыстырады. 1. Түбір (кейде көптік, тәуелдік) тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер; арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты т. б.2. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта т. б.3. Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі т. б.4. Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар, қабат, бірге. Тапсырма 1. ЖЖ 1.Берілген мақал сөзге (арқылы, туралы, үшін) шылауларының бірін қойып, сөйлемді толықтыру. 2.Қойған шылауының себебін түсіндіру. 3.Мақалдың мағынасын ашу, 4.Қарамен берілген сөзді сөз табына талдау жасау. Отан ... күрес – ерге тиген үлес. Отан .... отқа түс, күймейсің, Арың .....арпалыс, өлмейсің. Оқушылар төмендегі критерийлерімен бағаланады.
Оқушылар бір-біріне кері байланыс береді. Сыныпты топқа бөлу. «Батырлық» , «Ерлік». Топтарға Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романынан үзінділер беріледі. Тапсырма 2. 1.Үзінділерді мұқият оқып шығу. 2.Кімдер жайлы екенін 2 сөйлеммен түсіндіру. 3.Шылауларды тауып, қай септікпен байланысып тұрғанын дәлелдеу.
«Батырлық» тобына Ерлік» тобына . Оқушылар бір-біріне кері байланыс береді. | Слайд https://45minutkz.wordpress.com/2013/07/07/4035/ Септеулік шылаулар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия. | ||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | |||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?