Ғылымның соңғы жетістіктері: заманауи автокөлік. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ : қазақ тілі | Мектеп: | |||||||
Күні : | Мұғалім: | |||||||
Сынып: 7 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||
Бөлім атауы | Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары. Майкл Х. Харт «100 ұлы адам» атты кітабынан «Альберт Энштейн» | |||||||
Сабақтың тақырыбы: | Ғылымның соңғы жетістіктері: заманауи автокөлік | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау 7.Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау. Т6. Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру 7.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру | |||||||
Сабақтың мақсаты: | Тыңдалым материалын мұқият тыңдай отырып, негізгі мазмұн мен өзекті ақпаратты ажыратады; Өзінің пікірін өзгелермен салыстыра отырып жауап береді; | |||||||
Ресурстар | ||||||||
Бағалау критерийлері: | Тыңдалым материалының негізгі мазмұнын түсінеді; Ақпараттың өзектілігін анықтай алады; Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап береді; Өз пікірін өзге пікірімен салыстыра алады; | |||||||
Дескриптор | Негізгі мазмұнды түсінеді; 3 өзекті ақпаратты анықтай алады; Жорға сұрақтарының кем дегенде сегізіне дұрыс жауап береді; Өзгенің пікірі мен өз пікірін салыстыра алады; | |||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану | |||||||
Тілдік мақсаттар: | Қарыштап дамиды, ескіліктің ұшқыны, діттеген, мәңгілік, электронды басқару. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу | |||||||
Пәнаралық байланыс | Робототехника | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады, тақырыпқа қатысты бейнежазбаны тамашалайды. | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | |||||||
Сабақтың басы 7 минут | Оқушылармен амандасып, оқу құралдарының түгел екендігіне көз жеткізген соң топқа бөлу. Бірнеше көліктің суретін қиындыларға бөліп, топтастыру. Миға шабуыл сұрақтары
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады. | |||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 5 минут 5 минут 3 минут 15 минут | Тыңдалымалды тапсырмасы Топтар өздеріне қойылған сұрақтарға топпен талқылай отырып, жауап береді. 1-топ. Адамзат өмірінде автокөліктің пайда болуы қандай пайдасын әкелді? 2-топ. Осыдан жарты ғасыр бұрынғы автокөліктер мен қазіргі автокөліктердің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай? 3-топ. Автокөліктердің пайда болу тарихынан не білесіз? Тыңдалым тапсырмасы https://www.youtube.com/watch?v=yQ3P51gczR4
1) 2) 3) Өз жауабын өзге топтармен салыстыру
1-топ 2-топты, 2-топ 3-топты, 3-топ 1-топты дұрыс жауаптарға сүйене отырып бағалайды.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма Өзіңізді бейнематериалдағы көлік сынды болашақтың көлігін жасаушымын деп елестетіңіз. Сіздің көлігіңіз несімен ерекшеленер еді? Ойларыңызды постерге түсіріңіз. Өзге топтадың пікірін тыңдай отырып, тағы да не қосуға болатындығы туралы ойланыңыз.
Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім жарайсың, өте жақсы, керемет сөздерімен бағалайды; Топта жасаған жұмыстарына пікір білдіру және тақтада көрсетілген жауаптар тптар арасында арқылы өзара бағалау жүреді; Дифференциация. А деңгейіндегі оқушы тыңдалым мазмұнын жақсы түсінеді; факт келтіреді; көзқарасын көркем тілде жеткізеді, тілдік бірліктерді баяндау барысында орынды қолданады, тақырыпқа қатысты негізгі мәселені анықтап, мақсат қоя алады, шешу жолдарын нақты көрсетеді. В деңгейіндегі оқушы тыңдалым мазмұнын жалпы біледі; факт толық келтірмейді, көзқарасын түсінікті жеткізеді, баяндау барысында тілідк бірліктерді орынды қолданады. С деңгейіндегі оқушы тыңдалым мазмұнын дұрыс түсінбейді; факт келтіре алмайды, көзқарасын жеткізуде қиналады, тілдік бірліктерді тек санамалап бере алады, баяндау барысында қолдануда қиналады. | |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Кері байланыс. Барлық ақпаратты өзіммен бірге әкетемін Әлі қорыту үстіндемін Мен үшін артық мәлімет |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?