Д. Дефо. «Робинзон Крузо» романы (үзінді). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, дидактикалық материал.


1-топ

Д. Дефо. «Робинзон Крузо» романы (үзінді)

Менің екі ағам болды. Біреу Фландрияда, ағылшын үкіметінің жаяу әскерінде қызмет істеді, бір кезде сол жаяу әскер полкының командасы командашысы аты шулы Локгарт дейтін кісі болыпты. Әлгі ағамыз қызметі жаққан соң, подполковник шеңін алады, бірақ содан кейін көп ұзамай, Дюнкирхен түбінде испандарға қарсы жүргізген соғыста қаза тапты. Ал екіншісінің не болғанын білмеймін, хабар-ошарсыз жоқ болды, ақырында өзімде соның жолын қудым. Менің де қайда кетіп, қайда тұрғанымды ата-анам білмей қалған жоқ па ...

Тапсырма:

  • Мәтінді мәнерлеп оқу
  • Көмекші есімдерді қолдана отырып, мәтін мазмұнын әңгімелеу.

2-топ

Д. Дефо. «Робинзон Крузо» романы (үзінді)

Үй ішінде үшінші бала болғасын, мені ешбір өнерге үйретпеді және өзімде өнер үйренуге ұмтылмадым. Белгілі бір нәрсеге қол артпай, әуре-сарсаңмен басым қатып жүрді. Әкесі жасы жеткен қарт болғанмен, қолынан келгенін аяған жоқ, әлпештеп бағып жақсы өсірді. Оқытып сауатымызды ашты, қала мектебінде оқыдым, үйде тәрбиелендім.

Тапсырма:

1.Мәтінді мәнерлеп оқу

2.Көмекші есімдерді қолдана отырып, мәтін мазмұнын әңгімелеу.

3-топ

Д. Дефо. «Робинзон Крузо» романы (үзінді)

Әкемнің мен туралы ойы, мені заң қызметкері етіп шығару еді, бірақ менің ойым кеме мініп кезу, су бетінде серуендеу, шетелдерді аралау, сөйтіп қызық оқиғалар көру. Міне, осыдан басқа ой болған емес, басқаны ойлағымды келмеді. Осы ойлаған ойды, көздеген мақсатты қалай да болса жарыққа шығаруға бел байладым. Құмартқаным сондай: айтқан сөз, берген ақыл ем болмады, құлаққа кірмеді. Әкемнің ұрысқаны да, шешемнің жалынып жалбырағына да бұл талаптан қайтуға әсер ете алмады.

Тапсырма:

1.Мәтінді мәнерлеп оқу

2.Көмекші есімдерді қолдана отырып, мәтін мазмұнын әңгімелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу