Д. Дефо. «Робинзон Крузо» романы (үзінді). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

3-бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер

Мектеп:

Күні:

7-сабақ

Мұғалімнің

аты-жөні:

Сынып:

7 Т2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Д. Дефо. «Робинзон Крузо» романы (үзінді)

Сабақта іске асатын оқу мақсаты (оқу бағдараламасынан сілтеме)

ТБ1. Сөз таптары

Сабақтың мақсаты

7.ТБ1.1.

Мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдану.

Жетістік критерийі

  • Мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата алады;
  • жазбаша, ауызша жұмыстарда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Аты шулы – известный, қаза тапты – погиб, хабар-ошарсыз- без вести, қарт- пожилой, сауатымызды ашты – дал знание, құмарту – искушать.

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық, жыл сайын,

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Адами құндылықтарды дәріптеу

АКТ дағдысын қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Өмірмен байланыс

Климаттық өзгерістерді талқылау

Пәнаралық байланыс

География, физика

Алдыңғы білім

О5.Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушылары шеңбер құрады. Менің қолымда түрлі түсті жіп бар. Сіздер Бір-бір түсті таңдай отыра,, сол түспен байланыстырып жақсы тілектер айтылса. Мысалы: Бүгінші сабақ қып-қызыл қанық түстей есте қалсын.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

Слайд

Сабақтың ортасы

15 минут

Мағынаны тану кезеңі

Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады. Көмекші есімдер мекенді, заттың жақын-алыстығы (ауылдың шеті, жаны, төңірегі, маңы)\ қыры (көпірдің асты, үсті, бойы); аралығы (екі үйдің ортасы, екі көшенің арасы) тұрғысынан саралап атайды. Кейбір көмекші есімдер қыс, жаз, түн тәрізді сөздермен тіркәсіп келіп, оларды мезгілдік жағынан нақтылап, дәлдеп тұрады (қыстың басы, түннің ортасы). Көмекші есімдер өзі тіркескен негізгі сөздермен көбіне изафеттік байланыста қолданылады. Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құдықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы, аптаның аяғы т. б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, сөйлемнің бір мүшесі болады: Мысалы, Ауылдың жаны — терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны — бастауыш.

Жеке жұмыс

Берілген көмекші сөздерді қатыстыра отырып сөйлем құрастыру

алды, арты, асты, қасы, маңы, жаны

Оқылымалды тапсырмасы

Жаңа сөздермен жұмыс

Аты шулы - известный

Қаза тапты - погиб

Хабар-ошарсыз- без вести

Қарт- пожилой

Сауатымызды ашты – дал знание

Құмарту - искушать

Оқылым тапсырмасы

Топтық жұмыс. Оқушылар 3 топқа топтастырылады.

Д. Дефо. «Робинзон Крузо» романы (үзінді)

1-топ

Менің екі ағам болды. Біреу Фландрияда, ағылшын үкіметінің жаяу әскерінде қызмет істеді, бір кезде сол жаяу әскер полкының командасы командашысы аты шулы Локгарт дейтін кісі болыпты. Әлгі ағамыз қызметі жаққан соң, подполковник шеңін алады, бірақ содан кейін көп ұзамай, Дюнкирхен түбінде испандарға қарсы жүргізген соғыста қаза тапты. Ал екіншісінің не болғанын білмеймін, хабар-ошарсыз жоқ болды, ақырында өзімде соның жолын қудым. Менің де қайда кетіп, қайда тұрғанымды ата-анам білмей қалған жоқ па ...

2-топ

Үй ішінде үшінші бала болғасын, мені ешбір өнерге үйретпеді және өзімде өнер үйренуге ұмтылмадым. Белгілі бір нәрсеге қол артпай, әуре-сарсаңмен басым қатып жүрді. Әкесі жасы жеткен қарт болғанмен, қолынан келгенін аяған жоқ, әлпештеп бағып жақсы өсірді. Оқытып сауатымызды ашты, қала мектебінде оқыдым, үйде тәрбиелендім.

3-топ

Әкемнің мен туралы ойы, мені заң қызметкері етіп шығару еді, бірақ менің ойым кеме мініп кезу, су бетінде серуендеу, шетелдерді аралау, сөйтіп қызық оқиғалар көру. Міне, осыдан басқа ой болған емес, басқаны ойлағымды келмеді. Осы ойлаған ойды, көздеген мақсатты қалай да болса жарыққа шығаруға бел байладым. Құмартқаным сондай: айтқан сөз, берген ақыл ем болмады, құлаққа кірмеді. Әкемнің ұрысқаны да, шешемнің жалынып жалбырағына да бұл талаптан қайтуға әсер ете алмады.

Тапсырма:

  • Мәтінді мәнерлеп оқу
  • Көмекші есімдерді қолдана отырып, мәтін мазмұнын әңгімелеу.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Топтық жұмыс

Жаялық әдісі арқылы топтар сұрақ алмасады.

3

1 4

2

Слайд

https://kk.wikipedia.org/wiki

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Кемпірқосақ әдісі

1. Маған барлығы түсінікті болды;

2. Мен ештеңе түсінбедім;

3. Маған әлі де жұмыстану қажет.

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша

Үй жұмысы

Жаңа сөздерді жаттау

Слайд

Сабақта саралау тапсырмалары болды ма? Қалайша қолдау көрсете аламын? Қабілетті оқушыларды оқытуда алдыма қандай міндеттер қоямын?

Оқушылардың материалды қаншалықты игергенін қалай бағалаймын?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ/ оқыту мақсаттары шыншыл ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақтағы саралау дұрыс өтті ме?

Сабақтағы кезеңдер сақталды ма? Жоспардан тыс не жасалды? Неге?

Жалпы бағалау

Қандай екі аспект жақсы өтті? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не себеп болатын еді? (оқыту мен білім беру туралы ойланыңыз)

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың жетістігі туралы не ойладым/ жеке оқушылардың қиындығы, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

 

              



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу