Ұлттар достастығы. М.Мағауин «Бір атаның балалары». Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі мен әдебиеті

 Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

Ұлттар достастығы. М.Мағауин «Бір атаның балалары»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың бәрі істей алады:

Бос орындарды толықтыра алады

Оқушылардың көбі істей алады:

Кейіпкерлерді сипаттай алады

Кейбір оқушылар істей алады:

Өз ойын мәтін негізінде дәлелдей алады

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді
  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Оқушылар сөздік қорларын кеңейтеді. Өз ойын жүйелі де еркін жеткізе отырып, өзгенің пікірін тыңдай біледі.

Пән лексикасы және терминология: Ел, ұлттар, ұлыстар, ынтымақ, достық, қайшылық, тіл табысу, бейіт әлем, көмектесу, ортақ үй, жанұя, ұлттар ұлықтаған дала, ұлттар ұйтқысы, қарым-қатынас, құру, орнату, тату-тәтті, сыйластық, құрметтеу, таныту т.б.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, қорытындылай келе, бұл сұрақтың жауабы т.с.с.

 Құндылықтар

Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Жұппен, топта жұмыс істей алады.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиет / Әдеби шығарма үзіндісімен жұмыс жасалады/

Осыған дейін меңгерілген білім

Достық

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту кезеңі

  • Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау үшін мына сандықшаны ашуымыз қажет. Біреулеріңнің орындықтарыңның арқасына стикер жабыстырулы. Сол оқушы ортаға шығып сандықшамызды ашады. Ал сіздер сол бойынша бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтауға тырысып көресіздер.

Сандықшаның ішінде түрлі-түсті ленталар болады. Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім жетекші сұрақтар қояды.

  • Бұл маталар немен байланысты?
  • Бірлік, түстер, матаның түрлері ...
  • Ал егер осы маталарды шаңыраққа бір-бірлеп байласақ ше?
  • Достық, ұлттар достығы ...
  • Жақсы, балалар, дәл таптыңдар.

Оқу мақсаттарын анықтау.

5.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

Слайд 1,2,3

Сабақтың ортасы

3 + 3 мин

15 мин

6+3+3 мин

1 мин

2 мин

Мағынаны тану кезеңі

  • Жаңа сөздер сыныпта қабырғаларда, шкафтарда ілініп тұрады.
  • Оқушылар соны тауып жинап әкеледі, әркім өзі тауып әкелген сөздерді кезекпен оқып отырады.
  • Мұғалім кезекпен оқылған жаңа сөздерді тақтаға жазып, аудармасын айтып отырады.
  • Оқушылар бұл сөздерді сөздікке жазады.

Қалмақ, ғайбаттады, қайшы келетін, үгіт тарату, іріткі, паналанып отыр, алдамақ, қару, растамады, уәкіл, кінә.

Тыңдалым мәтіні.

 Бес-алты күннен соң ауылға қызыл ала жағалы бір топ адам сау ете түсті. Әлдекім Ахмет шалды сыртынан көрсетіпті. Ата тегі қалмақ деп басқарманы, тағы сол сияқты біраз адал совет адамдарын ғайбаттады, ұлттар достастығына қайшы келетін сөздер айтып, үгіт таратып, тылдағы еңбекшілердің арасына іріткі сап жүр депті. Бұл түк емес-ау, үйіне бір фрицті паналатып отыр, шашын алғызып, киімін өзгертіп, жұртшылықты алдамақ, тіпті, есіміне дейін жаңадан қойды, бірақ ол адамның аты-жөні Зекен емес, Зигфрид Вагнер, не орысша, не қазақша білмейтін таза неміс депті. Қару асынып, сайланып шыққан кісілер Зигфрид Вагнердің кім екенін көрді. Басқарма да, өзге жұрт та Ахмет шалдың теріс үгіт жүргізгенін растамады. Кісілердің қаһары қайтып, ашулары біраз басылды. Зигфридке тиген жоқ, әйтсе де Ахаңды өздерімен бірге әкетті...

 ... Келер аптада ауданнан арнайы уәкіл келді. Зигфридтің әкесі советке қарсы күреспеген көрінеді. Оны аз десеңіз қызыл әскерде үлкен кәмәндір бопты. Қайдан барғанын кім білсін. Ыспан деген елде қаза тауыпты. Пашистермен соғыста. Қырық екінші жылы шешесі де өлген соң детдомға алыныпты. Балада кінә жоқ депті уәкіл.

 

 Мәтін 2 рет тыңдалады. Оқушылар бос орынға сөздерді қояды.

Дескрипторлар:

  • Мәтінді түсінеді
  • Мәтін бойынша сөйлемді толықтыра алады

1-тапсырма. Бос орынға сөздерді қойыңыз.

  • Бес-алты күннен соң ауылға ................................ жағалы бір топ адам сау ете түсті. (қызыл ала)
  • Үйіне бір ................................... паналатып отыр. (фрицті)
  • Ол адамның аты-жөні ............................ емес, Зигфрид Вагнер. (Зекен)
  • Кісілердің қаһары қайтып, ...................... біраз басылды. (ашулары)
  • Зигфридтің ........................ советке қарсы күреспеген көрінеді. (әкесі)

Оқушылар тапсырмаларымен алмасып бірін-бірі тексеріп бес балдық өлшеммен бағалайды.

5 дұрыс жауапқа - 5 балл

4 дұрыс жауапқа - 4 балл

3 дұрыс жауапқа - 3 балл

2 дұрыс жауапқа - 2 балл

1 дұрыс жауапқа - 1 балл.

Кері байланыс. /Әр оқушыға мұғалім кері байланыс береді/

Дескрипторлар:

  • Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады
  • Өз ойын еркін жеткізеді
  • Сипаттамасын дәлелдей алады

2-тапсырма

Оқушылар жеребе арқылы 2 топқа бөлінеді. Әр топ өзіне түскен кейіпкерді сипаттап, «Ол қандай адам?», «Ерекшелігі неде?», «Оның қасиеттерін қай эпизодтан көруге болады?» деген сұрақтарға жауап береді.

«f» бағалау. Топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды. Топтан бір оқушы қойған бағасын дескриптор бойынша дәлелдейді.

Жасыл – жақсы

Сары – орташа

Қызыл – нашар.

Кері байланыс. /Әр оқушыға мұғалім кері байланыс береді/

аудиокітап

Үлестірмелі карточкалар

Сабақтың соңы

3 мин

1 мин

Рефлексия

Үйге тапсырма: Өзіне ұнаған кейіпкердің суреттерін салып, образды ашатын сын есімдерді жан-жағына жазып келу.

Слайд 5

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Тапсырманың орындалуын, және өздерінің берген жауаптарын дәлелдей алу.

Пәнаралық байланыс – биология.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінгі сабақтың мақсаты – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау болды. Бұл мақсат жүзеге асырымды болды. Бүгін оқушылар өз ойын жеткізе алуды, мәтіннің тақырыбы мен идесян анықтауды үйренді. Оқу атмосферасы жағымды болды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, көптеген жаңа ойлар қосты. Дифференцацианы жүзеге асыру қолымнан келді, себебі оқушылардың барлығы мәтіннің тақырыбын түсінді. Негізгі және қосымша ақпаратты таба алды. Және кейібірі осы ақпараттың идеямен байланысын дәлелдеп көрсетті. Мен жоспарланған уақытымды ұстандым. Жоспарыма ешбір өзгеріс енгізген жоқпын.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Топтық жұмыс

2: Бағалау

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Берілген уақыт бойынша жұмыс жасау

2: Белсенді әдістерді қолдану

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу