Бауырмал қазақ елі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.


1-топ

Тапсырма. Берілген мәтіндердегі көтерілген мәселелерді талдап, көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Оқушылар тапсырманы топта талқылап бірлесіп орындайды.

Дескрипторлар басшылыққа алынады.

1. Көтерілген мәселені талдай алады

2. Өз көзқарастарын (ойларын) 3-5 сөйлем арқылы жеткізе алады.

3. Тақырыпқа қатысты сөздерді ұтымды пайдалана алады.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады»

«Бірлік болмай, тірлік болмас»

«Татулық табылмас байлық»

«Байлық байлық емес, бірлік – байлық»

«Күш – бірлікте»

2-топ

Тапсырма. Берілген мәтіндердегі көтерілген мәселелерді талдап, көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Оқушылар тапсырманы топта талқылап бірлесіп орындайды.

Дескрипторлар басшылыққа алынады.

1. Көтерілген мәселені талдай алады

2. Өз көзқарастарын (ойларын) 3-5 сөйлем арқылы жеткізе алады.

3. Тақырыпқа қатысты сөздерді ұтымды пайдалана алады.

Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін.Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.

Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,Дос келді деп, жасап жатыр анық той.Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.

3-топ

Тапсырма. Берілген мәтіндердегі көтерілген мәселелерді талдап, көзқарастарыңызды білдіріңіздер.

Оқушылар тапсырманы топта талқылап бірлесіп орындайды.

Дескрипторлар басшылыққа алынады.

1. Көтерілген мәселені талдай алады

2. Өз көзқарастарын (ойларын) 3-5 сөйлем арқылы жеткізе алады.

3. Тақырыпқа қатысты сөздерді ұтымды пайдалана алады.

Біздің мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ беретін ұстазымның бір әңгімесі әлі есімде. Ол кісі біздің ауылға көршілес орналасқан Жылымды ауылында туып өсіпті. Жылымды ауылына Ұлы Отан соғысы кезінде басқа ұлт өкілдері жер ауып келген екен. Көбінесе соғыстың ауырпалығын көтеріп, алғаш соққы алған белорус, украйн елдерінің азаматтары болыпты.Үйі белорустар жанұялары тұрған көшеде тұрыпты. Сол көшенің шеткі үйінде өзімен бірге бір сыныпта оқыған, өзімен барлық балалық шағын өткізген Ланцейвич Витя деген досы болыпты. Осы ұлт тумасынан ақкөңіл, мейірімділігімен ерекшелінетін халық. Витя да мейірімді, қолы ашық, сыпайы бала болыпты. Үйінің адамдары мен мұғалімнің жанұясы да бір жанұяның адамдары сияқты тату болыпты. Ауылдарында Люх Андрей деген неміс азаматы дүкенде сатушы болып жұмыс істепті. Әйелі Ельвира Ивановна дәрігер болыпты. Ельвираны ел сыйлап, жақсы көріпті, өйткені түн болса да, күн болса да әрқашан көмекке келіп тұрады екен. Осы Андрей деген азамат тек таза қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, сонымен қатар мақалдап сөйлегенде, талай қазақты орнында қалдырған жан болыпты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу