А. Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба». Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақ тілі | Мектеп: Алматы қаласындағы физика-матиематика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. | |||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||
Сынып: 5-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||
Бөлім атауы: | 6-тарау. Әлемдегі ірі кітапханалар | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | А. Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» | |||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | |||||||||||||||||
Жүзеге асатын оқу мақсаттары | А5. Сенімді және еркін жауап беру. ТБ1. Сөз таптары. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнын түсінеді, лексикалық минимумды тілде орынды қолданады.Жалпы мен жалқы есімдерді ажырата біледі. Көптеген оқушылар: Жалқы есімдерді қатыстыра отырып сауатты әрі жүйелі түрде сөйлем құрастырады. Кейбір оқушылар: Мәтіннің негізгі ойын Абайдың өлеңімен салыстырады. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||
Дескриптор |
| |||||||||||||||||
Тілдік міндеттер | Талап, еңбек, терең ой,қанағат, рахым, ғылым, жетістік, жалқы есімдер, жалпы есімдер. | |||||||||||||||||
Құндылықтар | «Өз қадірің - өз байлығың». | |||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | А. Құнанбаев Абай мен Михайловтың кездесуі | |||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | Сәлемдесу. Сыныппен амандасу. Сыныпты төменде берілген суреттер арқылы мозайка әдісімен топқа бөлу Мұғалім шәкірттерді оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырады | Үлестірме материалдары | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 10 минут 25 минут | Жаңа сабақты меңгерту. Тыңдалым. https://www.youtube.com/watch?v=zkPCRhqFkbA «Сиқырлы кітаптар». Абай Құнанбаевтың шығармалары Мультфильм (оқушыларға 1-40минут – 3-40 минут аралығы көрсетіледі) 1-тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша мәтіндегі бос орындарға жалпы есімдерді қойып жазыңыздар. Кітапханашы: -Бәрекелді! Абайды оқисыңдар ма? Қандай тамаша! Абай- ұлы---------- болған: -----------,-------------,-----------,---------------. Абай 1845 жылы, қателеспесем, 10 тамызда дүниеге келген. Абай Семей --------------- дүниеге келген. ---------- -----------Зеренің --------------болып, кішкентайынан ---------------------------тыңдап өскен. Ал ------------------шын --------------Ибраһим болғанын білесіңдер ме? Керек сөздер: ақын, философ, ойшыл, композитор, облысында, ол, әжесі, тәрбиесінде, аңыз-әңгімелерді, ақынның, аты (жауап кілттері тек мұғалім үшін ғана. Ал оқушылар тыңдалым мәтіні арқылы ғана тапсырманы орындайды). 2-тапсырма. Мәтіндегі жалқы есімдерді теріп алып, сөйлемдер құрыңыз. 3-тапсырма. Топтық жұмыс.
Оқушы ойы:Біздер – өлкемізді көркейтіп жақсартатын халқымыздың болашағы, жалғасымыз. Қазақстан республикасындағы ел болашағы – жастардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Мен қазір рухани және экономикалық жағынан қарыштап өсіп келе жатқан елде өмір сүріп жатырмын. Қазақстан жастары білімді, инабатты болуға тиісті; шетелдердің ғалымдарынан кем түспей, өздері алған білімдерін іске асырулары, өз халқының болашағы үшін аянбай еңбек етуге міндетті. Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер, мен сенің тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын балаңның бірімін! http://erketai.kz/balalar-shigarmashiligi/sharyktap-shynga-umtylgan-kazakstan/ Абай Құнанбаев . «Ғылым таппай мақтанба» Ғылым таппай мақтанба,Орын таппай баптанбаҚұмарланып шаттанба,Ойнап босқа күлуге.Бес нәрседен қашық бол,Бес нәрсеге асық бол.Адам болам десеңіз.Тілеуің ,өмірің алдындаОған қайғы жесеңіз.Өсек , өтірік мақтаншақ,Еріншек бекер мал шашпақБес дұшпаның білсеңіз.Талап, еңбек, терең ой,Қанағат рақым ойлап қойБес асыл іс көнсеңіз.
| |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді. Кері байланыс. «Таңдау» әдісінде бес пікір жазылған парақ беріледі. 1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым. 4. Мен сенімді, сенімсіз жауап бердім. 5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін. Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөздердің астын сызады. Үйге: А. Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі туралы сіздің пікіріңіз | |||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||
Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту. Топта бірлесіп оқыту. Оқушының барлығы Оқушылардың көбісі | Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады. Жұмыс нәтижесі жетістік критерийлері арқылы бағаланады. | Пәнаралық байланыс – тарих, география. Отбасы құндылықтары. Отан – отбасынан басталады. Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады. | ||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: таңдалған ресурс көздері 2:топтық жұмыс Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: жұптық жұмыс формасын қолдану 2: мәтінді бөліп беру Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? Төл және төлеу сөзін жазуда қойылатын тыныс белгілері бойынша тәжірибе жұмысына көбірек көңіл бөлу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?