Алғашқы махаббат

Алғашқы махаббат

Ол қасымда отырғанда сабақтар қалай өтіп-кеткенін білмей қалатынмын. Солай бірге отырып төрт жылдың қалай өткенінде байқамай қалыппыз. Бастауышпен қоштасуда мені апай мәжбүрлеп өзге с билетпекші болды. Ал Аида болса апайға барып билесем тек қана Еділмен билеймін деп жылаған еді. Сөйтіп оның да маған деген сезімін байқадым. Өсе келе Аиданы күніге сабақ біте салысымен үйіне шығарып салатынмын. Уақыттың зымырап өткенін сезбей қалыппыз. Жетінші сыныпты бітірген соң мен Жамбыл Қаппаров атындағы дарынды балаларға арналған №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернатына ауыстым, ал ол болса ауылда қалды. Арадан екі жыл өтті. Екеуіміздің арамыз алшақтағаны сонша мен оған, ол маған хабарласуды ұмытты. Тоғызыншы сыныпта Жаңа жыл қарсаңында оған қоңырау шалдым. Осы қоңыраудан кейін екеуіміздің арамыз жақындай түсті. Осылайш жазғы демалыс келгенше екеуіміз бір-бірімізбен телефон арқылы хабарласып жүрдік. Асыға күткен жазғы демалыс уақытында күнді батырып, күніге серуенге шығатынбыз. Сөйтіп қызықты өткен жазғы демалыста аяқталды. Мен оқуға қайта оралдым. Оқудың ауыртпалылығынан мен оған хабарласпай кеттім. Бір күні мен дауысы менің дауысыммен үйлесетін досыма «Оны сүймейтінімді айтшы» дедім. Менің бұл сөздерді айтуға батылым бармады. Ол сол сөзді айтқан еді. Артынша Аидадан маған СМС келді. Ол маған жазған соңғы хабарламасында «Сау бол! Бақытты бол» деді. Солай арадан жарты жыл өтті. Мен ауылға қайта оралғанда оның басқа жігітпен жүріп кеткенін есіттім. Бірақ сонда да оны ұмта алмадым...

Жүнісов Еділ
attila93@mail.ru

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?