Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі Бердібек Соқпақбаев «Түнгі қонақ» әңгімесі. 3-бөлім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 9

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі

Бердібек Соқпақбаев «Түнгі қонақ» әңгімесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О3. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби

шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау.

 Сабақтың мақсаттары

Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармалардың мазмұнын меңгеріп, тақырыбын анықтайды.

 Бағалау критерийлері

  • Әңгімесінің мазмұнын түсінеді;
  • Сұрақтарға жауап береді;
  • тірек сөздер арқылы әңгіме мазмұндай алады

Құндылықтар

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Жеке, топта жұмыс істей алады.

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта визуалды материалды демонстрациялауға қолданылады

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: ұры, мысық, қиял, әдет, ас үй, кептеліп қалу, қаша жөнелу, жайрату, қарулану

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, себебі, мысалы, сондықтан

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар «Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» тарауы бойынша білімдерін тереңдетіп, тілдік дағдыларын арттырды. Болымды, болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын меңгерді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері талданады.

«Болжау» әдісі

Суреттер арқылы әңгіменің мазмұнын болжайды.

Әңгіменің басты кейіпкерлерін атай аласың ба?

«Түнгі қонақ» шығармасы не туралы болуы мүмкін?

Түнде қонаққа кім келеді деп ойлайсың?

Әңгіме қалай аяқталуы мүмкін?

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

7 мин

Оқылымалды тапсырма

Жұптық жұмыс.

Лексикалық минимумда берілген сөздерді аударып, сөйлем құрастырады.

Сөздік гол.

Сөз

Аудармасы

Сөз тіркесі

мысық

ұры

әдет

кептеліп қалу

қаша жөнелу

ас үй

қарулану

Топтық жұмыс

Оқылым «Джиксо» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. «Түнгі қонақ» әңгімесінің мазмұнымен «Джигсо» әдісі арқылы танысады.

ТЖ «Solo» әдісін қолданып, мәтінмен жұмыс жүргізеді.

Әңгіме мазмұны бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

Кім ?

Не?

Қашан?

Қайда?

Қалай?

Неліктен?

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия «Ойды аяқта» (Оқушылар стикерлерге таңдауымен бір сөйлемді толықтырып жазады).

Бүгін мен ... білдім.

Маған ... қиындық тудырды.

Мен ... үйрендім.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу