Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі «Түнгі қонақ» әңгімесі. 3-бөлім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 10

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім: Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі

«Түнгі қонақ» әңгімесі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

ТБ1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

 Сабақтың мақсаттары

Ауызша және жазба жұмыстарда жалғаулық шылауларды (ыңғайластық, қарсылықты) қызметіне қарай орынды қолданады.

 Бағалау критерийлері

  • Ыңғайластық және қарсылықты мәндегі жалғаулықтарды қолдана алады.
  • Әңгіме мазмұнын түсінеді;
  • Басты кейіпкердің іс-әрекетін анықтап, сипаттай алады;

Құндылықтар

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;
  • топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
  • топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық;

АКТ қолдану

Интербелсенді тақта визуалды материалды демонстрациялауға қолданылады

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: ұры, мысық, қиял, әдет, ас үй, кептеліп қалу, қаша жөнелу, жайрату, қарулану

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша, себебі, мысалы, сондықтан

Осыған дейін меңгерілген білім

«Түнгі қонақ» әңгімесімен танысты.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

Мұғалім «Түнгі қонақ» әңгіме мазмұны бойынша «Дұрыс-бұрыс» ойынын өткізеді.

Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

1

Мұхтар жазда пионер лагеріне барғысы келеді.

2

Ас үйден бірдеңенің тысыр еткен дыбысы естілді

3

Сабалақ ұры күшік болып шықты.

4

Әли мен Мұхтар екінші қабатта тұрады.

5

Әли - батыл бала.

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

17 мин

Оқушылар назарына келесі сұлба қамтылған парақша ұсынылады.

Жалғаулық шылаулар (союзы) — сөз бен сөзді байланыстыратын және тіркескен сөзге қосымша мағына беретін көмекші сөздің бір түрі.

Ыңғайластық (соединительные союзы) мәндегі жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, және, әрі, да, да, та, те

Мысалы; Әсет пен Мұса келді.

Қарсылықты (орыс. противительные союзы) мәндегі жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен

Мысалы: Көктем келді, бірақ күн жылынбады.

Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтары жөнінде ақпарат алады. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.Тақырып бойынша кластер не сызба нұсқа жасайды.

1-топ жалғаулық шылаулар

2-топ ыңғайластық қарсылықты шылаулар

3-топ қарсылықты жалғаулық шылаулар

Тапсырма: Оқушылар сөйлемдерден жалғаулық шылауларды тауып, мағыналық түрлерін (ыңғайластық, қарсылықты) ажыратады.

Әли менен Мұхтардың жігеріне бұл жағдай жігер қосқандай болды. Дәліздегі аяқ киім шкафының үстінен Мұхтар қолына ұзын сап балға алды. Әли де ас үйге қаруланып баруды жөн көрді. Шкаф пен есік босағасының екі аралығында, қуыста, еден жуатын салмақты таяқ тұратын. Екеуі жүректері лүп-лүп етіп, қараңғы ас үйге қарай қатарласып аяқ басты.Ac үйдің есігі жабылмайтын, ашық тұратын. Бірақ онда қараңғы еді.

Топтық жұмыс

I топ

Әңгіме мазмұны бойынша сурет салады.

ІІ топ Кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтап, сипаттайды.

ІІІ топ

Хикая картасын салып, мәтін мазмұны бойынша көрініс қояды.

Дескрипторлар:

І топ

1) Әңгіме мазмұнын түсінген.

2) 1-2 ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды орынды қолданады.

3) Топ мүшелерінің белсенділігі.

ІІ топ

1) Әңгіме кейіпкерін сипаттай алады.

2)2-3 ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды орынды қолданады.

3)Топ мүшелерінің белсенділігі.

ІІІ топ

1) кейіпкер образын аша алады.

2)3-4 ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды орынды қолданады.

3)Топ мүшелерінің белсенділігі.

Үлестірме материал

«Түнгі қонақ» әңгімесінен үзінді

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс «Сэндвич» әдісі

1-қатпар: Позитивті ұсыныс, не ұнады?

2-қатпар: Констуктивті сын, не жақсарту керек және қалай жақсарту керек?

3-қатпар: Мынадай сөздер арқылы ұсыныс: Маған ұнады, бірақ келесіде.... (топ мүшелері берілген стикерге ойларын жазады)

Бағалау (мұғалім оқушыларды жетістік критерийлері бойынша бағалайды)

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу