Командалық ойындағы көшбасшылық. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 62 сабақ.
Сабақ жоспары № 62
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Командалық ойын- белсенді қозғалыстың іс-әрекетіМектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Командалық ойындағы көшбасшылық | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.1 көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу | |||||
Сабақ мақсаттары | - баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей біледі; - баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар көрсетеді | |||||
Бағалау критериі | -қауіпсіздік ережесін біледі; - баскетбол ойыны кезінде көшбасшылық дағдылар көрсетіп команда құрамында жұмыс істей алады; - баскетбол ойыны кезінде командалық ойындағы көшбасшылық дағдылар қолдана алады; | |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Командалық ойындардағы серіктестік туралы түсініктерін талқылай алады. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы үздіксіз білім алу, Ынтымақтастық ,Академиялық шындық | |||||
Пәнаралық байланыстар | Биология пәнімен байланыс. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Ғаламтор ресурсына сілтеме: Баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесі: https://infourok.ru/prezentaciya-po-fizicheskoy-kulture-na-temu-tehnika-bezopasnosti-na-urokah-sportivnih-igr-basketbol-411942.html Баскетбол ойын сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=azTjwdN--oA Допты алып жүру дриблинг жасау https://www.youtube.com/watch?v=qzJzwnIAfZc | |||||
Бастапқы білім | Оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын, баскетбол ойындарының элементтерін қолдану арқылы командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін, логикалық ойлау жүйесін, ептілігін дамытады. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды. Күтілетін нәтижелер: - қауіпсіздік ережесін біледі. - оқушылар спорттық ойындар арқылы қозғалыс дағдыларын дамытады. - баскетбол ойындарының элементтерін қолдана алады. -командалық ойындардағы көшбасшылық қабілетін дамытады. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. «Аңшылар мен үйректер» ойыны. «Аңшылар мен үйректер». Ойыншылардың барлығы екі топқа бөлінеді: «үйректер» мен «аңшылар». «Үйректер» шеңбер ішінде орналасады, ал «аңшылар» шеңбер сыртында түрады. «Аңшылар» доп алады. Мұғалімнің сигналы немесе командасы бойынша «аңшылар» «үйректерге» доп лақтырып, тигізуге тырысады. Доп тиген («атылған») үйректер шеңбер сыртына шығады. Ойын «үйректердің» барлығы шеңберден шықпағагша жалғасады. Доп лақтырған кезде «аңшылар» шеңбердің сызығын аттай алмайды. Доп «үйректердің» барлығына тиген соң, оқушылар ауысады. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық «Үйректер мен аңшылар» ойынының мазмұны мен ережелері: | ||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | (Г, Д, Ф) «Қағып ал». Оқушылар үш командаға бөлінеді. Олар алаң үстінде бір-бірінің ішіндегі 3 шеңбер сызады: бірінші шеңбердің диаметрі 1м, екіншісі – 3м және үшіншісі 5 м. Ұстаушы бірінші шеңбер ішіне тұрады, екінші шеңбер бос қалады, қорғаушылар үшінші шеңберішіне тұрады (4-6 адам). 2-ші комана – алаң ойыншылары. Алаң ойыншылары ұстаушыға пас беруге тырысып, допты жүргізеді. Қорғаушылар ұстаушыға допты ұстатқызбай, оларға қарсылық көрсетуге тырысады. Допты өз ұстаушыға көбірек берген команда жеңіске жетеді. Дескриптор -қауіпсіздік ережесін біледі. -қорғаныс әрекетін орындайды. -ойында көшбасшылық әрекет көрсетеді. -допқа ие болу тәсілін орындайды. Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: Сұрақтармен талдаңыз: қорғаушыны қалай алдауға болады? Қорғаушыны ойыннан шығарудың ең тиімді амалы қандай? Сұрақ қойыңыз: сіз қарсылас командасын қалайша ұттыңыз? Команда қандай тактикаларды қолданды? Бір ойыншыға доп тигізу үшін неге шоғырланып, көңіл бөлу керек? Командаңыздың жұмысын арттыру үшін нені істеуге болады? Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді. Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады. | Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. Үлкен бос кеңістік Баскетбол допты лақтыру https://www.youtube.com/watch?v=ou36BP4o-F8 Допты алып жүру дриблинг жасау https://www.youtube.com/watch?v=qzJzwnIAfZc Допты алып жүру https://www.youtube.com/watch?v=Lnfa-ZQgJ6Y | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?