Ғарышкерлер – батыл адамдар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.
«Келісілді»
ӘБ жетекшісі Баримбекова А.Н.
Қысқа мерзім жоспары
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Ғарышқа саяхат | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Бердібаева А.М. | ||
Күні: Сынып: 4 | Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны:0 | ||
Сабақтың тақырыбы | Ғарышкерлер – батыл адамдар. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау 4.2.3.1 Белгілі бір тақырыпта сұбхаттасу барысында шағын мәліметті (4-5 сөйлем) баяндау, кері байланыс беру, сөйлеу стилін сақтау, дауыс ырғағын келтіріп сөйлеу | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: анық айтылған сөзді тыңдап, тірек сөздерден кластер құрайды Көптеген оқушылар: анық айтылған сөзді тыңдап, тірек сөздерден кластер құрайды және нақтылау мақсатында сұрақтар құрайды Кейбір оқушылар: өз бетінше анық айтылған сөзді тыңдап, тірек сөздерден кластер құрайды және нақтылау мақсатында сұрақтар құрайды | ||
Бағалау критерийлері |
| ||
Тілдік мақсаттар | Құпия, ғаламшар, зымыран, ғарыш айлағы, ғарыш, әуестену, қызықтыру | ||
Құндылықтарды дарыту | Қоршаған әлем туралы көбірек білуге деген қызығушылықтарын арттыру | ||
Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру | Әлем туралы түсініктерін кеңейте отырып, табиғи ресурстарды үнемдеудің қажеттілігін түсінеді. Табиғатты қорғауға қатысты шараларға белсене қатысып, өзіндік үлес қосуға ұмтылады. | ||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары |
| ||
Бастапқы білім | |||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 минут | Үй тапсырмасын тексеру Қызығушылығын ояту. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. | ||
| Тыңдалым алды тапсырма: (МК, Ұ) Жаңа сөздермен жұмыс 1-мәтін Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз. Әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының бірі – Байқоңыр. Ол біздің Қызылорда облысында орналасқан. Байқоңырдан көптеген зымыран ұшырылады. Байқоңырда үлкен аллея бар. Ғарышқа ұшқан әр ғарышкер оған ағаш отырғызады. Аллея күн сайын көркейіп келеді.
2-мәтін Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері. Ол ғарышкер болу үшін көп оқыды, спортпен айналысты. Ол парашютпен секіруді, ұшақты басқаруды үйренді, астрономия мен медицинаны меңгерді. «Мен жақсы маман ғана емес, жақсы адам болуды үйрендім», - дейді ғарышкер.
3-мәтін Талғат Мұсабаев Алматы облысында дүниеге келген. Бала кезінен гитара тартумен, ән айтумен әуестенген. Талғат Мұсабаев ғарышта 341 күн, 9 сағат, 48 минут болған. Ғарышқа алғаш рет ұшқанда 126 күнді ғарышта өткізген. Ғарышқа екінші рет ұшқанда, 208 күнді ғарышта өткізген. Ғарышқа үшінші рет ұшқанда 8 күнді ғарышта өткізген.
Дескриптор: сұрақтардың негізінде оқиғаның себебін сипаттайды. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: Ғарышкердің «Мен жақсы маман ғана емес, жақсы адам болуды үйрендім» деген сөзін қалай түсінедің? Ойыңды жаз. (Ж) Мәтінді мұқият оқы. Сұраққа жауап бер. Мені ғарыш қатты қызықтырады. Ғарыш әлемі сондай құпия, сондай шексіз! Мен алдымен Марс ғаламшарын зерттегім келеді. Қызыл ғаламшардың құпияларын ашқым келеді. Содан соң мен бізге ең жақын жұлдыз – ыстық Күнді зерттеймін. Күн неліктен ыстық? Күннің сөнуі мүмкін бе? Мен осы сұрақтардың жауабын табамын. Ал сен, досым, ғарыш әлемін зерттегің келе ме?
Сабақты қорытындылау. Кері байланыс беру. | ||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия
| ||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Жұптық бағалау. | Ұжымдық, жұптық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет көрсету. |
Сабақ бойынша рефлексия
| ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?