Ядролық энергетика. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша 1

Қазақстан Республикасындағы атомдық энергетиканың даму перспективаларын талдау.

Күшті жақ

Уран қоры бойынша 2 орын (817 мың тонна)

Жерасты сілтісіздендіру әдісі арқылы өндіруге болатын әлемдік уранның 85%-ы Қазақстанда

Отын ұнтағы мен таблеткасын шығаратын үлкен зауыт (Өскемен металлургия зауыты)

Қытай және Ресей сияқты экономикасы дамыған мемлекеттермен көршілес орналасқан

 

Әлсіз жақ

Қазақстанда АЭС жоқ

Уранды байытатын технологияның болмауы (Ресейдің Ангарск, Новоуральск қалаларында Ресей мен Қазақстан бірігіп уран байытып жатыр)

Уран өндірісіне шетелдік инвестициялардың уран қорындағы үлесі 58%, ал Қазақстанға 42%-ы тиесілі, ал өндірістің тек 50%-ы ғана Қазақстанға тиесілі.

Мүмкіндіктер

Әлемдік «ядролық ренессанс» болатын болса, болашағы бар ядролық отын өндіріп, АЭС салу

Вертикальды біріктірілген компаниялар бәсекелстікке өте қабілетті болуы

Атом энергетикасында  берік орынды иелену

Қауіптер

Әлемдік «ядролық ренессанс» болмаса, онда вертикальды біріктірілген компаниялардың түсімі мен таза пайдасының азаю мүмкіндігі

Ядролық отын циклінде технология жағынан жоба бойынша серіктестерге тәуелділік

Артық әртараптандыру қаупі

 

     

    SWOT талдаудан көріп отырғанымыздай бізде АЭС жоқ, уран байытатын технология жоқ. Бұл біздің әлсіз жағымыз. Алайда, бізде отын таблеткасын шығаратын үлкен Өскемен металлургия зауыты бар, сонымен қатар Үлбі металлргия зауытында да отын таблеткалары жасалады, ал ол АЭС үшін ядролық отынның ең негізгі  компоненті. Егер біз АЭС салатын болсақ, онда бізге отын таблеткасын импорттаудың керегі жоқ болады және елімізді энергиямен қамтамасыз ете аламыз. Мысалы, Францияда АЭС елде өндірілетін электр энергиясының ¾ бөлігін құрайды, ал Бельгия мен Литвада 3/5 бөлікті, Украина, Словакия, Корея Республикасында 1/3 бөлікті құрайды. [10] Одақтас Республикалардың бірі Украинаны алатын болсақ, дүниежүзіндегі  ең қуатты АЭС-тердің рейтингісін шығарғанда, рейтингтегі 10 АЭС-тің ішінде қуаттылығы бойынша 3-ші орында тұр. Ол Запорожская АЭС-і, 6 реактрдан тұрады, жалпы қуаты 6000 МВт. Ал, сол рейтингте 10-шы орында тұрған АҚШ-тың Уинтерсберг  АЭС-інің жалпы қуаттылығы 3 942МВт, ол 4 млн-ға жуық адамды энергиямен қамтамасыз етіп отыр. Егер, біз Украинадағы Запорожская АЭС сияқты 6000 МВт қуаты бар АЭС салсақ, ол біздің 7 млн-дай халқымызды энергиямен қамтамасыз етер еді. Негізінде, Қазақстанда АЭС салу туралы айтылып жүр. Ол дүние жүзіндегі ең қауіпсіз атом электр станциясы болады. Ең алғашқы атом электр станциясында орнатылатын ректордың түрі де белгілі. Ол су негізінде жұмыс істейтін блоктық энергетикалық ректор (ВБЭР-300). Оның қуаттылығы 300 МВатт болады. Зерттеу негізінде атом электр станциясын салуға болатын 5 аймақ таңдалып алынды. Осы аймақтарда геофизикалық, технологиялық, техникалық  анализдер жүргізілді.

Атом энергетикасын игеріп, дамыту үшін бірқатар бағдарламалар қабылданған. «Развитие атомной отрасли в Республике Казахстан на 2011-2014 годы с перспективой развития до 2020 года». «Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан». Бұл екі бағдарлама да атом саласын дамытуға бағытталған. «Развитие атомной отрасли в Республике Казахстан на 2011-2014 годы с перспективой развития до 2020 года» бағдарламасының негізгі міндеттері: атом саласын дамыту, атом энергетикасын дамыту, қоршаған  ортаны қорғау. Бұл бағдарламаға (2011-2020жылдар аралығы) жалпы 1161428,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 27336 млн. теңге, бюлжеттен тыс қаражат мөлшері  1134092,0 млн. теңге. Алайды, бұл бағдарлама тиімсіз жүзеге асып жатыр, себебі, 2011-2012 жылдары жоспарланған 46 іс-шараның 25-і орындалмай, 4,2 млрд. теңге ақша қолданылмады. 2,3 млрд. теңге ақшаға тиімсіз жұмсалған. Уран өндіруге бөлінген 306 млрд. теңгенің 174,1 млрд. теңгесі ғана игерілген.

      Адамзат өмірі әрқашан қауіптерден тұрады. Бірақ, адамдар олардан сабақ алып, жеңе білуі керек. Оның мысалы ретінде, Жапонияда болған қайғылы оқиғаны айтуға болады. Бірақ, Жапония біраз уақыттан соң болған трагедияны жеңіп, сабақ алып үйренеді. Бұндай технологиялық апаттар болды, болып жатыр, әлі де болады. Гидроэлектрстнция ең қауіпсз деп айтылып жүрген, бірақ  Саян-Шушен гидроэлектрстанциясында болған оқиғ оның да қауіпсіз екендігін көрсетті. Ал, жылу электр станциясы көмірді қолданғандықтан, ауаға улы заттар тарайды. Бұл жерде қандай экология! Ал атом электр станциясының болашағы адамзаттық фактор мен табиғи апаттан қаншалықты қорғануы мен қауіпсізденуінің жоғарылауына байланысты, яғни қауіпсіздік алғышарттарын жетілдіруге байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

  Қосымша 2

 Радиациядан қорғанудың жолдары

 

 Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ, неше-түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары жарылып жатады. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтірді десеңізші.

 Сондықтан да, адамзат баласын радиациядан қорғау проблемасы осы кездегі кезек күттірмейтін проблемалардың біріне айналып отыр. Адамдарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажет етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін жұтып қалып, адам денелеріне зақым келтірмейді.

 Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радиацияның нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға радиациялық доза 0,1 бэрден аспауы керек. Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын аймақта да тұратын адамдардың ағзасында радиациясының мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін.

 70 жыл өмір сүрген адам әртүрлі радиациялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп төндіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететіл әрбір адам өзінің өмір сүру кезендерінде жылына 250-400 бэр радиация алатыны мәлім.

 Радиоактивті заттардан қорғанудың бірнеше жолдары бар. Олар физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдер.

 Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты, денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию қажет. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыру керек.

 Егер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе, радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе, өте қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар әртурлі радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзейді. Сөйтіп, адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәуленуді таратады.

 Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.

 Тез еритін цезий-137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылын көп мөлшерде пайдалану керек. С, Д дәрумендерін ішу өте пайдалы. Әр түрлі шырындарды ішкен жөн.

 Неше түрлі көкөністерді – сәбіз, редис, жеміс-жидектердің пайдалануға болады.

 Радиациядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радиацияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп атайды. Олар радиоактивті элементгердің сәулеленуінен қорғайды. Радиоактивті элеметтердің бөлшектерін ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радиациядан сақтап қалады.

 Сәуле терапиясымен қан ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды радиациялардан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса ірі проблемалар болып есептелінеді. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінеді. Әсірес, экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарда тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу