Табиғатты қорғау туралы оқу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


«Бекітемін»

ӘБ жетекшісі

Баримбекова А.Н.

Қысқа мерзім жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім «Қоршаған ортаны қорғау»

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К., Бердибаева А.М.

Күні: 19.02.2018

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Табиғатты қорғау туралы оқу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

4.3.3.1 мәтіннің жанрын (мақал-мәтелдер, бата, аңыз, мысал, өсиет әңгімелердің) жанрлық ерекшеліктерін және көмекші сөздердің қолдауымен пайымдау мәтінін анықтау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді

Көпшілігі: тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын толық түсінеді, мәтіндердің ерекшеліктерін ажыратады, сұрақтар құрастырады

Кейбірі: мәтін түрлеріне мысал келтіреді, ашық сұрақтар құрастырады

Бағалау критерийлері

Тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

Мәтін түрлерін ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Қоқиқаз, имек, неліктен, не себепті, қалай ойлайсың

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп миссиясын, пайымдауды, Жаһандық азаматтылықты іске асыру

қамқорлық;

төзімділік;

алғыс

Пәнаралық байланыс

дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

imektep.kz сайтындағы тапсырмаларды орындайды

Бастапқы білім

Табиғатты қорғау туралы әңгімелер оқу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру:

«Үш көбелек» мәтінін мазмұндау, жаңа сөздерді жаттау

Шеңберге тұрып, әр оқушы бір сөйлемнен айтып шығады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырамын.

Мәтін түрлерін ажыратамын.

Сабақтың ортасы

10 минут

7 минут

5 минут

10 минут

(МК) Мәтіннің құрылымын, түрлерін қайталау

Мәтін, оның түрлері, құрылымы (imektep.kz сайты)0.23 тен 4.30 ға дейін тыңдату(ары қарай қайталау жасайды)

Пайымдау мәтіні

Пайымдау мәтіні белгілі бір жағдаяттар мен оқиғаларды, құбылыстарды түсіндіреді, дәлелдейді. Мәтіннің бұл түрінде сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені сияқты сөздер қолданылады.

Сипаттау мәтіні

Сипаттау мәтінінде заттар мен құбылыстар суреттеледі және сипатталады. Мұндай мәтінде тірек сөздері негізінен сын есімдер болады.

Әңгімелеу мәтіні

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтінді әңгімелеу мәтіні деп атайды. Тірек сөздері негізінен етістік болады.

(Т) Бейнематериалдың соңында берілген ойындарды ойнау. Екі топқа бөлінеді.Тақтада көрестілген сұрақтарды топ ішінде бір минуттың ішінде талқылап, жылдам жауап берулері керек. Топтар ұпайларын жазып отырады. Көп ұпай жинаған топ жеңеді.

  • Тест сұрақтарына жауап беру
  • Дұрыс- бұрыс ойыны

Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауларына кері байланыс береді.

(Ө)Бос орынды толықтыр. Әр оқушы қағазда шығарылған сөйлемдерді толықтырады.

Дескриптор:

  • Тыңдаған материал бойынша сөйлемді толықтырады.

1.Бірімен -бірі байланысты бірнеше сөйлеммен ойымызды ауызша немесе жазбаша жеткізсек, ол ... болады.

2.Мәтінде не туралы айтылатынын көрсететін сөз ... болады.

3.Мәтіннің басталуы, негізгі бөлімі және соңы болады. Мұны ... деп атайды.

4.Оқиғаны ретімен ... мәтінді әңгімелеу мәтіні деп атайды.

5.Пайымдау мәтінінде автор әрбір айтқан ойының ... олай екенін түсіндіреді.

6.... мәтінінде автор заттар мен құбылысты суреттейді.

Қажет сөздер: неге, мәтін,сипаттау, мәтін құрылымы, баяндауды.

Орындап болған соң, әр оқушы тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен өз- өзін бағалайды және «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс береді.

.

Топтық жұмыс. Үш топқа үш түрлі мәтін беріледі. Мәтіннің түрін анықтап, мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.

Төмендегі сұрақтарды қолдану ұсынылады:

Қалай ойлайсың?

Сенің ойыңша,

Неліктен?

Не себепті?

1-топ

Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі- қоқиқаз. Оны кейде «қызылқаз» дейді. Қоқиқаздың дене құрылысы да ерекше. Оның аяғы, мойны ерекше ұзын болады. Тұмсығы имек келеді. Олар топтаны тіршілік етеді. Қорғалжын қорығын «қоқиқаздар мекені» деп атайды.

2-топ

Пингвиндер -ерекше құстар. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді. Олар ұша алмайды, әрең қозғалады. Сондықтан пингвиндерді жүзетін құстар деп атайды.

3-топ

Сурет сабағы. Апай тақтаға шымшық пен торғайдың суретін қатар ілді де, сұрақ қойды:

-Балалар, мына екі құстың қайсысы шымшық? Көрсетіңдерші,- деді.

Осы кезде Самат:

-Әрине, торғайдың жанында тұрған шымшық ,-деді.

Дескрипторлар:

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.

Мәтін түрлерін ажыратады.

Кері байланыс.

Тапсырманы орындау қиын болды ма?

Не қиын болды?

Сабақтың соңы

3 минут

Үй тапсырмасы: «Жақсы мен жаман» әңгімесін оқу, сұрақтарға жауап беру.

Рефлексия

Мен бүгін сабақта ..., ..., ... үйрендім.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық, жеке бағалау.

Жұптық, ұжымдық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет, сыйластық көрсету.

Мәтін түрлері

Пайымдау мәтіні

Пайымдау мәтіні белгілі бір жағдаяттар мен оқиғаларды, құбылыстарды түсіндіреді, дәлелдейді. Мәтіннің бұл түрінде сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені сияқты тірек сөздер қолданылады.

Сипаттау мәтіні

Сипаттау мәтінінде заттар мен құбылыстар суреттеледі және сипатталады. Мұндай мәтінде тірек сөздері негізінен сын есімдер болады.

Әңгімелеу мәтіні

Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтінді әңгімелеу мәтіні деп атайды. Тірек сөздері негізінен етістік болады.

Мәтін құрылымы: басы, ортасы, соңы

Үй тапсырмасы.

  • Мәтіндерді түсініп оқы.
  • Мәтін түрін анықта(дәптерге жаз).

Үлгі:1-мәтін –... мәтіні, 2- мәтін ... мәтіні, 3-мәтін ... мәтіні

  • Мәтіндер бойынша 3-4 сұрақ қой. Төмендегі сұрақтарды қолдан(дәптерге жаз).

Қалай ойлайсың?(как ты думаешь?)

Сенің ойыңша,(по твоему)

Неліктен?(почему?)

Не себепті?(по какой причине?)

Үлгі(образец): Қалай ойлайсың, мойны ұзын болғаны жақсы ма?

Сенің ойыңша, шымшық пен торғайдың айырмашылығы(различие) бар ма?

  • Жаңа сөздерді жатта.

1-мәтін

Қазақстанда сирек кездесетін құстың бірі- қоқиқаз. Оны кейде «қызылқаз» дейді. Қоқиқаздың дене құрылысы да ерекше. Оның аяғы, мойны ерекше ұзын болады. Тұмсығы имек келеді. Олар топтанып тіршілік етеді. Қорғалжын қорығын «қоқиқаздар мекені» деп атайды.

Қоқиқаз -фламинго

Сирек кездесетін -редко встречающиеся

Дене құрылысы -строение тела

Имек- изогнутый

2-мәтін

Пингвиндер -ерекше құстар. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы жүзеді. Олар ұша алмайды, әрең қозғалады. Сондықтан пингвиндерді жүзетін құстар деп атайды.

Ескек –весло

Әрең қозғалады -еле двигается

Жүзетін-которые плавают

3-мәтін

Сурет сабағы. Апай тақтаға шымшық пен торғайдың суретін қатар ілді де, сұрақ қойды:

-Балалар, мына екі құстың қайсысы шымшық? Көрсетіңдерші,- деді.

Осы кезде Самат:

-Әрине, торғайдың жанында тұрған шымшық ,-деді.

Шымшық –синица

қайсысы – который из них



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу