Қыс. Қар қалай пайда болады? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


1-cабақ.

Дидактикалық материал

Қыс. Қардың қалай пайда болады?

Сөздік:

қар – жапалақ қар, мамық қар, үлпілдек, ақ ұлпа

қар түйіршіктері

жапалақтап жауады

климаттың өзгеруі

қардың түсі

әдемі өрнек

мұз кристалдары

Қардың ерекшеліктерін сипаттап,

қасиеттерін қар түйіршіктеріне жазыңыз.

1-тапсырма.

Бейнематериалды мұқият қарап тыңдаңыз. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Қай аумақтарда қар мүлдем жаумайды?

_______________________________________________________________

  • Кения жұртшылығы қарға не себептен таңырқай қараған?

_______________________________________________________________

  • Қар түйіршіктерінің қандай түрлері болады?

______________________________________________________________

  • Не себептен қар түйіршігін суретке түсіру оңай емес?

_______________________________________________________________

  • Қар неден тұрады?

_______________________________________________________________

2-тапсырма.

Берілген ақпаратты мұқият оқып, сәйкестендіріңіз.

1969 жылы Швейцарияда

жасыл қар жауған.

1955 жылы Колифорнияда

ең үлкен қар табылған..

Антарктиданың биік тауларында

әлемдегі ең үлкен қар түйіршігі табылған.

1987 жылы Америка жерінде

қара қар жауған

Диаметрі 38 сантиметрге жеткен

қызыл түсті қар кездескен.

3-тапсырма. Тыңдалған материалдың мазмұны бойынша түйінді тұстарын анықтаңыз.

Дескриптор:

  • Тыңдалған материалдың мазмұнын топта талқылайды.
  • Сабақ барысында меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады.
  • Алған мәліметтің түйінді тұстарын анықтайды.

Үй тапсырмасына берілетін мәтін

Сіз қардың қалай пайда болатынын білесіз бе? Қар мұз кристалдарынан тұрады. Мұз кристалдары -22-ден -40 градус аралығында суық температурада қалыптасады. Аспаннан түсетін мұз кристалдары бір милиметрге де жетпейді. Су буының нәтижесінде өте шағын кристалдар үлкейіп жұлдызшаға айналады. Кейін атмосферадағы ретсіз қозғалыстың салдарынан жұлдызшалар бір-бірімен ұйыса бірігіп, жерге жапалақ қар болып түседі.

Бағалау

Оқушылар дұрыс жауап нұсқалары бойынша бір-бірін бағалайды.

Жауап кілттері

1-тапсырма.

  • Тропиктік аумақтарда
  • қарды тұңғыш көрген
  • дөңгеленген, үшбұрышты, алтықырлы, пластинка тәрізді
  • лезде еріп кетеді
  • мұз кристалдарынан

2-тапсырма.

1969 жылы Швейцарияда

жасыл қар жауған.

1955 жылы Колифорнияда

ең үлкен қар табылған..

Антарктиданың биік тауларында

әлемдегі ең үлкен қар түйіршігі табылған.

1987 жылы Америка жерінде

қара қар жауған

Диаметрі 38 сантиметрге жеткен

қызыл түсті қар кездескен.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу