Қыс. Қар қалай пайда болады? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: ҚАЗАҚ ТІЛІ (L2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлімі. Табиғат құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

45 минут

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қыс. Қар қалай пайда болады?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған аудио-, бейнематериалдың мазмұнын түсіну.

4.1.3.1* - тыңдаған материалдың (ұзақтығы 2-3 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/кластер құрастыр.

 Сабақтың мақсаттары

Барлығы: мұғалімнің көмегімен бейнематериалдың мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді, түйінді тұстарын анықтайды. Көпшілігі: қыс мезгіліндегі табиғи құбылыстарды сипаттайды.

Кейбірі: қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады.

Бағалау критерийлері

  • Бейнематериалдың мазмұнын түсінеді.
  • Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
  • Тыңдалым материалындағы түйінді тұстарын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

қар – жапалақ қар, мамық қар, үлпілдек, ақ ұлпа

қар түйіршіктері

жапалақтап жауады

климаттың өзгеруі

қардың түсі

әдемі өрнек

мұз кристалдары

Сұрақ құрастыруда:

Неге? Қандай? Қалай ойлайсың? Сіздің пікіріңізше ....

Құндылықтарды дарыту

  • Ынтымақтастықта жұмыс жүргізу;
  • Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру

Әрбір азамат қоршаған ортаға жауапты

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор ресурстарын пайдалану

https://www.youtube.com/watch?v=Ch8J57egTgE

Караоке: Әли мен Айя. Қыс туралы ән

https://www.youtube.com/watch?v=GiI8KvLjdh4

Қардың қалай пайда болатынын білесіз бе?

Осыған дейін меңгерілген білім

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Стартер

Жұмбақтар жасыру

  • Қолы жоқ сурет салады

Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)

  • Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады. (қар)
  • Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады. (мұз)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақтың мақсаты:

бейнематериалдың мазмұнын түсінемін, сұрақтарға жауап беремін, түйінді тұстарын анықтаймын.

Сабақтың ортасы

10 минут

20 минут

10 минут

Тыңдалымалды тапсырма

Сөздікпен жұмыс

  • Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту.

Сөздік:

қар – жапалақ қар, мамық қар, үлпілдек, ақ ұлпа

қар түйіршіктері

жапалақтап жауады

климаттың өзгеруі

қардың түсі

әдемі өрнек

мұз кристалдары

(Ж)

- Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.

Тапсырма. Қардың ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Оқушылар таратылған қар түйіршіктеріне жеке сөз не сөз тіркестерін жазу арқылы қардың қасиеттерін сипаттайды. Қар түйіршіктерін тақтаға (ақпараттық қабырғаға) іледі. Оқушылар аралап оқиды, қызық болған ақпаратты белгілейді.

Сергіту сәті

Қыс туралы ән айтып, би қимылдарын орындайды.

Тыңдалым

Қыс туралы бейнематериал көру.

«Қардың қалай пайда болатынын білесіз бе?»

1-тапсырма.

Бейнематериалды мұқият қарап тыңдаңыз. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Қай аумақтарда қар мүлдем жаумайды? (Тропиктік аумақтарда)
  • Кения жұртшылығы қарға не себептен таңырқай қараған? (қарды тұңғыш көрген)
  • Қар түйіршіктерінің қандай түрлері болады? (дөңгеленген, үшбұрышты, алтықырлы, пластинка тәрізді)
  • Не себептен қар түйіршігін суретке түсіру оңай емес? (лезде еріп кетеді)
  • Қар неден тұрады? (мұз кристалдарынан)

Бағалау

Оқушылар дұрыс жауап нұсқалары бойынша бір-бірін бағалайды.

2-тапсырма.

Берілген ақпаратты мұқият оқып, сәйкестендіріңіз.

1969 жылы Швейцарияда

жасыл қар жауған.

1955 жылы Колифорнияда

ең үлкен қар табылған..

Антарктиданың биік тауларында

әлемдегі ең үлкен қар түйіршігі табылған.

1987 жылы Америка жерінде

қара қар жауған

Диаметрі 38 сантиметрге жеткен

қызыл түсті қар кездескен.

Бағалау

Оқушылар дұрыс жауап нұсқалары бойынша бір-бірін бағалайды.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

Топтық жұмыс

Тапсырма. Тыңдалған материалдың мазмұны бойынша түйінді тұстарын анықтаңыз.

Оқушылар шағын топта тыңдалған материалдың мазмұнын талқылап, түйінді тұстарын анықтайды, ойларын ортаға салады.

Дескриптор:

  • Тыңдалған материалдың мазмұнын топта талқылайды.
  • Сабақ барысында меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады.
  • Алған мәліметтің түйінді тұстарын анықтайды.

https://www.youtube.com/watch?v=Ch8J57egTgE

Караоке: Әли мен Айя. Қыс туралы ән

https://www.youtube.com/watch?v=GiI8KvLjdh4

Қардың қалай пайда болатынын білесіз бе?

Сабақтың соңы

2минут

Рефлексия "Үш сауал" стратегиясы

Үш сауалға жауап...

1.Біз бүгін білдік (нені?)

2. Біз жақсы орындадық (нені?)

3.Тағы не білгіңіз келеді және өзіңіз не ұсынасыз?

Үйге тапсырма: Қардың қалай пайда болатыны туралы мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз, сұрақтар құрастырыңыз.

Сіз қардың қалай пайда болатынын білесіз бе? Қар мұз кристалдарынан тұрады. Мұз кристалдары -22-ден -40 градус аралығында суық температурада қалыптасады. Аспаннан түсетін мұз кристалдары бір милиметрге де жетпейді. Су буының нәтижесінде өте шағын кристалдар үлкейіп жұлдызшаға айналады. Кейін атмосферадағы ретсіз қозғалыстың салдарынан жұлдызшалар бір-бірімен ұйыса бірігіп, жерге жапалақ қар болып түседі.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу